Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Нормалар, нормативтік калькуляциялар



бет37/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

2. Нормалар, нормативтік калькуляциялар.
Өзіндік құнды калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі мынадай тұрғыда сипатталады, ол онда ШС-нің әрбір бұйымы бойынша алдын ала жасалған нормативтік калькуляциясы, яғни еңбек шығындары мен материалдар шығындарының ай басына әрекет етуші нормалары бойынша есептескен өзіндік құнның калькуляциясы.
Норма – бұл прогрессивті технологиямен өндірісті ұйымдастыру жағдайындағы шаруашылық қызметтің алдын ала белгіленген нәтиженің сандық көрінісі. Нормативтік калькуляциялаудың материалдар мен еңбек ресурстарының шығыстарын техникалық нормаларын негізінде есептейді. Олар өз кезегінде, өнім өндірісін техникалық құжаттамаларға сәйкес белгілейді (конструкторлық бюро дайындарын детальдардың (черчеждары)) және субъектінің шаруашылық қызметінің барлық жағдайын реттейтін өзара байланысты жүйесін құрайды.
Нормативтік калькуляциялау әдісінің нақты өнімнің өзіндік құнын, өндірістегі ақауды бағалау және аяқталмаған өндірістің көлемін анқтау үшін қолданылады. Қолданыста жүрген нормалардың барлық өзгерістері ай бойындағы нормативтік калькуляциялауды ескеріледі. Өндірісті игерудің барысында және материалдық пен еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың нәтижесінде, нормалар өзгеріске ұшырауы мүмкін (әдетте ,олар төмендетіледі).
Бұл жерде есеп барлық ағымдардағы шығындарды: шығындардың нормасы мен нормадан бөліп көрсетеді. Анықталған ауытқулар туралы мәліметтер бұйымның өзіндік құнын басқаруға және сонымен бірге, әрбір баптар бойынша нормалардан ауытқудың үлесін тиісінше нормативтік өзіндік құнға қосу (немесе шегеру) арқылы нақты өзіндік құнды калькуляциялауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаумен шығындар есебінің нормативтік әдісі яғни айдың аяғын күтпей ақ нақты өнімнің өзіндік құнына ие болуға (нормадан ауытқулар олардың өзгерісі, нормативтік өзіндік құнының алгебралық сомасы ретінде), сондай-ақ ауытқулардың себебін үнемі талдауға (он күнде бір рет) және кінәлілерді анықтауға мүмкіндік береді. Нормадан ауытқуларды жүйелі құжаттаудың арқасында, олардың пайда болған ауытқуларының себептерін дер кезінде белгілеу мүмкіндіктері туады, ол «тарихи» калькуляциялау тәсілдеріне ауытқулардың себептеріне кінәлілер өзіндік құнының калькуляциялауын жасағаннан кейін ғана анықталады.
Калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісін пайдалану кезіндегі бухгалтерлік жазулар келтірілген. Бұған мысал ретінде есепті кезеңде дайындалған дайын өнімнің нақты өзіндік құны жүз мың аб құрайды. Дәл осы сомма, нормативтік бағалау бойынша сатылған өнімнің өзіндік құнына көшіріліп жазылады оның деңгейі жүз жиырма мың аб-ны құрайды. Қоймада дайын өнім қалдықтары жоқ. Өнімді сатудан түскен түсім – екі жүз мың аб демек, алдын ала анықталған қаржылық нәтижесі шығарылды – сексен мың аб. Нақты шығындардың нормативтік ауытқулар жеке көрсетілді де және ол өнімнің өзіндік құнына жатқызылды. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны туралы ақпараттар дайын өнім шотының дебеті немесе кредиті бойынша жинақталады.
Әрбір тоқсанның бірінші күнінде дайын өнім шотының нақты өзіндік құнының нормативтіктен ауытқулары анықталады.
Есепті кезеңнің аяқталуына байланысты артық шығыстардың сомасына қосымша жазу жазылады (бесінші бухгалтерлік жазу) және бір мезгілде осы сомаға қаржылық нәтижесі түзетіліп жазылады яғни табыс көзі осы артық жұмсалған артық сомаға кеміді (алтыншы бухгалтерлік жазу).
Жоғарыда келтірілген нақты өзіндік құнының нормативтіктен ауытқуларымен байланысты жазулар «Дайын өнімнің» баланстық шоттында жүзеге асырылады.
Жоғарыла айтылғандай, нормативтік есебінің әдісі негізінде нормативтік калькуляциялау жатыр, ал оны төмендегі кестеде жасау нысаны берілген. Нормативтік калькуляциялаудың сырт бетінде жоспар бойынша және әрекет етуші және қолданыстағы нормалар бойынша жасалған талдаулар келтріледі.
кесте. Бұйым бірлігінің нормативтік калькуляциясы.



Шығындар
баптары



Әрекет етуші нормалар



Жоспарлы
өзіндік


құн

Нақыт өзіндік құн, оның ішінде ауытқулар



басы


аяғы


Барлығы


Есептік ескерілген)

Есептік емес(ескерілмеген)

А

1

2

3

4

5

6

Демек,нормативтік есеп әдісінің негізгі қағидалары келесідей жағдайларға жатады:



  1. ШС-лерінде әрекет етуші нормалар мен сметалардың негізінде әрбір бұйымдар бойынша өзіндік құнының нормативтік калькуляциясы алдын ала жасалады. Осы қағидаралы ШС-де алғашқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттамалардың негізінде есептелінген норматвтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерінен тұратын норматив бар болса ғана жүзеге асады, сонымен қатар басқарудың әртүрлі мүқтавждары үшін қолданылатын: өндірістік және коммерциялық процестерге нормативтік шығындары сомасын белгілеу және өндіріс пен шаруашылық мақсаттарға материалдық және отын энергетикалық ресурстарды босатудың лимиттерін жасау, есептелінген еңбек ақы қоры, қызметкерлердің санын және басқару аппараттарын ұсынуға арналған шығыстарының сметаларының және ресурстарының бағасын бекіту керек. Өкінішке орай осы уақыттқа дейін отандық тәжірибеде, нормативтік базаның тек жекеленген фрагменттері әрекет етеді, көбінесе олар өткен жылдың нақты шығындарының деңгейінде (бұрмаланған есебі бойныша) қалыптасады: өте ұзақ кезең аралығындағы ауытқуларды ғана есептеумен шектеледі, көп жағдайда олар құжатталмайды, кінәлі адамдарды да, ауытқудың себебі де анықталмай ақ олардың есебі ірілендірілген түрде жүргізіледі, нормадан тыс ескерілген ауыркулардың үлес салмағы қомақты болады және т.б. Нәтижесінде шығындар есебінің нормативтік әдісі өзінің пайдалану аясын тарылады.

Егер норма бүгінгі күннің талабына сай, яғни ынталандыру құралы болып танылмаса онда оны іс жүзінде өнімнің өзіндік құнын калькуляиялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі ретінде пайдаланудың экономикалық құндылығы жоқ.
Пайда болу орындары бойынша нормадан ауытқулардың себебін талдау және белгілеу. Мұндай есеп және тап осындай есептеудің алгоритімін сақтау, өте үлкен еңбекті қажет етеді, бірақ бұл бұдан кейінгі талдау және бақылау үшін қажет болады, шығындар туралы дұрыс ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Осы арада айтып өтетін жайт, іс жүзінде бүгінге дейін көлікте, инергетикалық және жөндеу – құрылыстық, эксперементалдық салаларында нормативтік базалар бұрынғыша өзгеріссіз қалпында қалап отыр.
Басқарушы есеп жүйесінде, нормативтік әдісін пайдалану үшін, әсіресе шаруашылық етуші субъектінің әлсіз және қуатты жақтарын бағалау үшін, талдау коэффиценттерін кеңінен пайдалану жөн. Бұндай коэффиценттердің басым көпшілігі Батыс елдерінің тәжірибесінен алынса, ал қалған жартысы өзіміздің дәстүрлі экономика саласынан да белгілі. Осындай коэффиценттар топтамасының көмегімен үстеме шығыстарының жоспарлы мөлшерлемесімен, дебиторлық пен кредиторлық берешегін, қорлардың (запастардың) және т.б. шығындарының есебін есептеп олардың бағдарламасын анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда шоғырландырып берілген басқарушы есептің негізгі қағидасы, студенттерге есептің мәнін, мазмұнын, құрлымын, есептеу тәсілін үйретеді және олар өзінің алған ілімінің арқасында, басқарушы есеп жүйесінің келесі сатысына өткенде: басқарудың манерін, өндірісті дамытудың икемді жолдарын (тәсілдерін) және дұрыс шешім қабылдаудың жүйесін қалыптастыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет