Жабдықтау-дайындау - өндірісті шикізат ресурстарымен жабдықтау және сақтау; қосалқы матералдармен, өндірістік құрал-жабдықтармен және оны ұстау мен жөндеу үшін арналған қосымша бөлшектерімен, сондай-ақ жабдықтаушылық процестермен байланысты маркетингтік қызметімен қамтамасыз ету;
өндіру - өнімді өндіру технологиясына негізделген негізгі және қосымша операциялардан тұратын процестер; өндірілетін өнімді жетілдіру және жаңа өнімдерге талдама жасау операциялары;
қаржылау (қаржыландыру) - өткізу (сату) – маркетингтің зерттеулер және өнімді өткізу нарығын қалыптастыру операциялары; өнімді тікелей және өткізу (сату) операциялары; буып-түю, тасымалдау және жұмыстың басқа түрлерін қоса алғандағы операциялары; өнімді жарнамалаудан бастап тұтынушылармен тікелей байланыстарды қалыптастырумен аяқталатын және өнім көлемінің артуына ықпал ететін операциялар; өндірілген өнімнің сапасын бақылау;
ұйымдастыру – шаруашылық субъектінің ұйымдық құрылымын құру, шаруашылық субъектісінің жүйесінен функционалдық бөлімдерді, службаларды, цехтарды, бөлімшелерді ажыратып көрсету; ынталандыру, жоспардың орындауын бағалау, бақылау жоспарлау қызметтеріне (функциясына) сәйкес келетін, басқарудың әртүрлі деңгейімен үйлесетін, құрылымдық бөлімшелердің арасындағы байланыстары ішкі коммуникациялық талаптарына жауап беретін, кәсіпорынның тікелей және кері байланыстарын қамтитын ақпараттық жүйені ұйымдастыру; шаруашылық субъектінің негізгі мақсатын орындауға бағытталған ішкі орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру операциялары.
Басқарушы есептің басқа да объектілерінің топтамасы таңдап алынуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда ол басқарудың негізгі мақсатарына жауап беру керек. Басқарушы есеп жүйесінде оның объектілері белгілі бір ерекше көрініске ие болады. Ең алдымен, өндіріс ресурстарының жағадйы, қозғалысы бойынша және олардың шаруашылық қызметінің процесінде мақсатқа сай пайдалануы көрініс табады.
Бұл кезде басқарушы есепте әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады:
Қаржылық есептің әдісінің элементтері (құжаттау, түгелдеу, екі жақты жазу, топтастыру, жинақтау, есеп беру);
Жоспарлы-экономикалық талдау тәсілі;
Индекстік әдіс;
Математикалық әдіс.
Пәннің мазмұнын ашатын тәсілдер мен әдістердің жиынтығы басқарушы есептің әдістері деп аталады. Әдістің барлық элементтері бір-бірінен әрекет етеді, ал шаруашылық байланысын йымдастыру жүйесі, басқару мәселелерін шешуге бағытталған, және сонымен қоса бақсарушы есептің тәсілі ретінде, ақпараттарды жүйелі жедел талдауы көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, бақсарушы есептің дамуы өндірістік, калькуляциялық есептің негізінде орын алды. Сондықтан оның негізгі мазмұнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарының есебі құрайды.
Кесте. Басқарушы есептің элементтерінен тұратын ғылыми-техникалық процестің негізгі бағыттары.
Өнімді шығару, (қызмет, жұмыс)
Кәсіпорын құралдары
Кәсіпорынның потенциалының элементтері
|
Ғылыми-техникалық ҒТП-нің объектілері
|
Басқарушы есеп пен ғылыми-теникалық прогрестің жетістіктерін жүзеге асыру салалары
|
Өндіріс саласындағы ҒТП-нің объектілері
|
Басқару және басқарушы есеп саласындағы объектілері
|
1. Өнімді жетілдіру
|
Инвестициялық жобалар, өнім және қызмет
|
Басқарушы шешімдерін, өнімді әзірлеудің әдісті шешімдерін әзірлеу және т.б.
|
2. Еңбек құрал-абдығын жетілдіру
|
Машиналар механизмдер, монтаждау жабдықтар, көлік және т.б.
|
Электронды есептеу техникалық құралдары, ұйымдастыру техникасы (ТБҚ-техникалық басқару құралдар)
|
3. Еңбек заттарын жетілдіру
|
Материалдар, конструкциялар, бұйымдар, инженерлері-технологиялық құралдар және т.б.
|
Ақпараттық жүйелер, ақпаратты иеленушілер (тасымалдаушылар) және т.б.
|
4. Еңбек процестерін жетілдіру (технология, ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және т.б.)
|
Өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру әдістері, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру және т.б.
|
Басқаруды ұйымдастыру технологиясын; басқару әдістері мен құрылымдарын таңдау; ақпараттық ағындарын жасау және оларды өңдеу; талдау; жоспарлау; бақылау; басқару шешімдерін қабылдау үшін жобалық шешімдерді типтендіру және үйлестіру
|
«Өндірістік есептің негізінде бақсарушы есеп жүйесі келіп шықты», - деп Вахрушина М.А. тектен текке айтпаса керек.
Бүгінгі күні өндірістік есеп өндіріс шығындарын бақылуа, артық шығындардың есептерін алдағы кезеңдермен, сметалармен, болжамдармен салыстыра отырып талдау жасау, сондай-ақ үнемдеудің мүмкін резервтерін анықтауды талап етеді. Ол шаруашылық субъектінің өнімін өндіру және өткізумен байланысты баролық процестері анық және толық көрсетуі керек. Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар табылады:
Шығындардың түрлері бойынша есебі;
Шығындардың шығу орындарына байланысты есебі;
Шығындардың иеленушісі (тасымалдаушысы) бойынша есебі.
Достарыңызбен бөлісу: |