Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы



бет4/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.

Экономика саласында басқарушы есептің ролінің артуымен қоса жүретін бизнестің одан әрі дамуы әр түрлі елдерде қолданылатын қағидалары мен оларды есептеудің алгоритмі есепті одан әрі жетілдіру мен түсіндіруге белгілі бір талаптар қояды. Дәл осы кезінде елдің нарықтық экономикаға өту барысында және ұйымдар (кәсіпорындар), акционерлік қоғамдар және т.б. деңгейінде шетел инвесторларымен іскерлік контрактілерді қалыптастыруда біздің мамандар бухгалтерлік есепті жүргізудің біршама тауқыметтерімен бетпе-бет қақтығысады.


Бүгінде әлемдік есеп жүйесінде, оның ішінде бақсарушы есепте де, өмір талабына сай келмейтін жақтары аз емес, бұл мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. Ол ауқымды сипатқа ие. Сондықтан кейінгі кезде басылған бухгалтерлік есп бойынша аздаған оқулықтарда, ғылыми-практикалық публикацияларда, монографиларда, конференция мен дискуссияларда, ресми бухгалтерлерді дайындау мен аттестациялау бағдарламасында жаңа «басқарушы есеп» ұғымы талқыланып жатыр. Басқарушы есеп бухгалтерлік есептің ішкі жүйесі ғана болып табылады, бірақта ол басқару деңгейінде ұтымды қабылданған шешімдердің қажеттіліктері сай келетіндей етіп ұйымдастырылуы қажет. Бұрынғы стандартталған процедураға сүйене бағыты, бүгінде ол шаруашылық субъектілердің мүмкіндіктерін талдауға бағытталған икемді сеп жүйесіне орын босатып берді.
Сәйкесінше, толық ауқымды басқарушы есепке көшу тек шаруашылық субъектінің барлық деңгйеіндегі есеппен қатар, эккаунтинг жүйесі шеңберідегі функционалдық жәе құрылымдық жекелеген бөлімшелірдің деңгейіндегі есепті де қарастырады.
«Батыс бухгалтерінің бағалауы бойынша, деп жазады Карминский А.М. және т.б. – тек басқарушы есептің жолға қойылуы мен жүргізіліуі ресурстар мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне қалған уақыт бөлігі кетеді». Осыған ұқсас пікірлерді проф. БезрукихП.С. пен Кондраков Н.П. растайды, жалпы экономикалық ақпараттардың жиынтығында, 2/3 жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін құрайды, және олар басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет. Бірақта, есептің екі түрі де өз кезеігнде мынадай жүйе элементтерінен тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша ақпараттарды өңдеу; әр түрлі өндіріс сипатын немесе оның жекелеген бөліктерін өлшеу; бақылау қызметтерін орындау кезінде тура және кері байланысты көздейтін және тағы басқа реттеуші ролін атқарады және ол оны атқарып та жүр. Жоғарыдағыны растау үшін бухгалтерия мен кәсіпорын службаларының және бөлімшелерінің арасындағы есеп беру құжаттамасының қарқынды қозғалысын айтсақ болғаны. Одан басқа, соңғы жылдары ақпаратпен қаныққан башылар шаруашылық субъектінің ішіндегі есептік пен қаржылық қызметтердің интеграциялануына байланысты, бухгалтерлік есептің дәстүрлі процедурасының тиімділігін арттыру мәселелеріне баты назар аударып отыр. Осыдан, «оларды саналы түрде бөлудің нақты жолдары жоқ, өйткені екі жағдайда да ақпарат әдетте менеджменттің жалпы ақпараттық жүйесінен келіп түседі» - дейді Боб Райан
Қаржы мен басқарушы есептері буъгалтерлік еептің өзара тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептің екі түрін біріктіретін маңызды ероекшілігі болып, олардың ақпараттарды негізінген шешім қабылдау үшін пайдаланады.
Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына қарамастан, оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ сипаты болады, ең бастысы басқарушы және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті бақару процесінде біртұтас объектәілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни материалдық және еңбек ресурстарды алға шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет