4.Алдағы кезең шығындарының еебі мен таратылуы.
Шарушылық қызметінің барысында кәсіпорындарда келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айнлымына жатқызылатын шығндар туындайды, яғни пайда болады Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында ндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойыша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасау бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастарған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының еебінен жасалатын жалға берілген негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізген кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және бақа да шығындары жатады.
Келешек кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы уақыттың еебіне жататын шығындар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оларға мына шоттар кіреді.:
341 «Сақтандыру полисі»;
342 «Жалгерлік төлемдері»
343 «Болашақ кезеңнің есебінен жататын бақа да шығыстар».
Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындардың аналитикалық есебі шығынның әр түрі бойынш келешек кезең шығындарын еепке алу тізімдемесінде немесе тиісті машинорграммада жүргізіледі.
Тізімдемеге жазбалар 34 бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша өңдеу кестелерінен «Еңбек ақыны бөлу», «Негізгі құралдардың амортизациясы», «Қосалқы өндіріс пен шарушылықтардың қызметін бөлу» және басқа да бастапқы құжаттар бойынша жазылады.
Нәтижесінде тізімдемеде немесе машинограммаларда 34-блімшенің шоттарының дебеті бойынша түрлі шоттардың кредитінен айналым жинақталады.
Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын түгенделуі қажет. Бұл түгендеу осы шоттың келесі жылға ауысатын қалдықтарының айқындалығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жататындығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |