Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Аяқталмаған өндірістің бғалануы: орташа есеп әдісі, Фифо әдісі, Лифо әдісі, арнайы әдісі



бет26/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

2. Аяқталмаған өндірістің бғалануы: орташа есеп әдісі, Фифо әдісі, Лифо әдісі, арнайы әдісі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі ЛИФО әдісі.
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс босалқылардың партиялық есебін дәл үйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.
Орташа құн әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны ай (кезең) басындағы қорлардың қалдығы мен осы ай (кезең) барысындағы түскен босалқы қорлардьщ құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі.
ФИФО әдісі. Босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі.
Ай соңындагы қорлардың өзіндік құны соңғы жеткізілгендерге жатқызылады, ол олардың шығарылуы бастапқы әкелінгендерге жатқызылады.
ЛИФО әдісі. Босалқыларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны , бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік құны, бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.
Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей сатылған өнімнің өзіндік құны арқылы жалпы табыс мөлшеріне әсер етеді, олай болса, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексеріп отырады.



  1. Аяқталмаған өндірісті түгендеу.

Аяқталмаған өндірісті түгелдеудің мақсаты өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі ережелер мен тиісті салалық нұсқауларына сәйкес оның көлемін және іс жүзіндегі бағасын анықтау болып табылады.
Өнеркәсіп орындарында бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың артық жиналып, құрастырылып бітпеген бұйымдардың іс жүзінде бар-жоғын анықтау; есепке алынбаған ақауды табу; аяқталмған өндірістің іс жүзінде комплектілігін және құрастыру ісінің бөлшектермен қамтамасыз етілуін анықтау; күші жойылған тапсырыстар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығын табу; өндірісте артық жиналып қалған бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың және т.б. іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтау қажет.
Түгендеуді бастар алдында цехтаға қажет емес барлық материалдар, сондай-ақ бұл кезеңде өңделіп бітпеген барлық бөлшектер және тораптар мен агрегаттарды қоймаларға тапсыру қажет. Аяқталмаған өндірістің цехтарда жиналып қалған артық бөлшектер мен шалафабрикаттардың оларды ждұрыс санауға қолайлы болатындай тәртіпке келтіру керек. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары тексеру, оларды нақты санау, таразыға тарту, өлшеу арқылы жүргізіледі.
Түгелдеу тізімдері артыұ бөлшектердәің атауы, олардың дайын болу сатысы немесе дәрежесі, саны немесе көлемі көрсетіле отырып, әрбір цех бойынша бөлек жасалады.
Жұмыс орындарында тұрған өңдеуге ұшырамаған шикізаттар, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс тізімінен енгізілмейді, олар жекелеген бөлек тізімдерге енгізіледі. Түпкілікті ақауға шығарылған блшектер аяқталмаған өндіріс құрамына енгізілмейді.
Біртекті емес массадан немесе әртүрлі қоспадан тұратын аяқталмаған өндіріс бойынша түгелдеу тізімдерінде, сондай-ақ салыстырмалы ведомостарында екі сандық көрсеткіш: осы массаның немесе қоспаның саны және оның құрмына кіретін шикізаттар мен материалдардың саны келтіріледі. Шикізаттардың немесе материалдардың саны алалық нұсқаулада белгілдеген тәртіп бойынша есепке алынады.
Сонымен қатар, болашақ кезеңдердің шығындары да түгелденеді. Түгелдеу комиссиясы құжаттар бойынша 34 «Болашақ кезеңдердің шығындары» бөлімшесінің шоттарыдан көретілуге тиісті соманы анықтап, тізімдемеге енгізеді. Бұл бөлімшенің шоттарында шығындар қалдырылуы мүмкін, олар кәсіпорында әзірленген сметаларға сәйкес құжатпен негізделген мерзімінде өндіріс шығындарына, не кәсіпорын қаржысын тиісті көздеріне жатқызылуы мүмкін.
Түгелдеу кезінде анықтлған аяқталмаған өндірістің артық қалдықтары жоспарлы өзіндік құн бойынша немесе зауыт ішіндегі жоспарлы-есеп бағасы бойынша кіріске алынады:
-900 «Негізгі өндіріс» шотының дебеті.
-709 «Негізгі қызметтен түскен басқа да кірістер».
Аяқталмаған өндірісті түгелдеу кезінде анықталған жетіспеушіліктері 900 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен 334 «Тағы басқа да» шотының дебетіне жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет