Басқарудың коучингтік тәсілін қызметкерлерді дамыту үшін қолдану



бет2/5
Дата27.06.2022
өлшемі247.92 Kb.
#459496
1   2   3   4   5
Сулейменова Г.А. БАСҚАРУДЫҢ КОУЧИНГТІК ТӘСІЛІН

Басқару

Коучинг

айту

сұрақ қою, тыңдау

шешім ұсыну

ынталандыру/басқа шешім ұсынуға ынталандыру

бағыттау

шабыттандыру, жеңілдету

оқыту

дамыту

бағалау үшін кері байланыс

дамыту үшін кері байланыс

мінез-құлқын бағыттау

өзгеріс орнату



Бұл үнемі жұмыс барысын қадағалаудың, ал кейде тіпті одан да қиыны – атқарылған жұмысты өз бетімен қайта орындаудың және болашақта барлық міндеттерді өз мойныңа артып, білім беру үдерісіндегі қызметтерді табыстаудан қашқақтаудың орнына өзінің тікелей міндеттерін мүлтіксіз атқаруына, олардағы «өзіндік сананың» жетілуіне әкеледі.
Қызметкерлерге бұл тек алдына қойылған міндеттерді толық деңгейде және белгіленген мерзімде орындауға ғана емес, сонымен қатар болашақта осы тектес міндеттерді шешудегі өз әлеуетін ашуға, жұмыстан ләззат алуға мүмкіндік береді. Ал ұйым басшысы, көшбасшы ретінде өкілдік бейімділіктер мен қабілеттерге ие адам, ұжымға ортақ позицияны жеткізуші. Міне, сондықтан да адамдар оның жанына жиналады және ол көтерген мәселелер тікелей олардың жеке мүдделеріне қатысты болғандықтан оның бағытымен жүреді.
«Басқарудың коучингтік тәсілі» - дегеніміз бұл басқарудың, мақсатқа жетудегі іс-әрекеттің жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқарудың коучингтік тәсілдері деп түсіндіріледі. Басқарудың коучингтік тәсілдері ұжым қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқарудың коучингтік тәсілдерін білім беру үдерісіндегі міндеттерді шешу барысында қолданылуға болатындымен ерекшеленеді. Басқарудың ұйымдастыру, заманауи технологияларды пайдалану, ұжымды ынталандыру тәрізді қызметтерінің барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, коучингтік тәсілдер - басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқарушыдан кәсіби педагогикалық іс-әрекеттерді, педагогикалық жүйелерді басқарудың мәнін, ұстанымдарын, мазмұнын толық білуді кажет етеді. 
Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет