Баспасөз қызметі



Дата05.07.2016
өлшемі26.07 Kb.
#180047



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2014 жылғы 11 сәуір, Ғылым күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым және білім – 2014» жас ғалымдардың ІХ халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаты – студент, магистрант, докторанттар мен жас ғалымдарды ғылымға тарту және қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешу болып табылады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ішкі жалпы өнімнің 3 пайызын ғылымға бөлінетін қаржыға жеткізу керектігі жөнінде айтқаны отандық ғылымға ғаламат серпін беретін фактор. Оған әзір тұрған ғалымдар мен талантты жастар жеткілікті, олардың тамаша жобалары бар.

Қазақстан және Орталық Азия бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыспен айналысатын ең ірі жоғары оқу орны саналатын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 28 ғылыми-зерттеу институты бар.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға оқып жүрген магистранттар мен докторанттардың 25 пайызы тартылған. Ондағы басты мақсат – жастарды ғылымға тарту.

Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университеті жанынан жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдар негізінде құрылған ғылыми орталықтар мен институттар 200-ден астам ғылыми жобамен айналысуда. Өткен жылы университет ғалымдары ұсынған 114 жоба қабылданды. Олар: энергетика; шикізат пен өнімді қайта өңдеу; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; өмір туралы ғылым; еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыру бағыты бойынша еңбек етуде.

«Шапағат-2013» байқауының қорытынды­сы шығарылып, «Жылдың ең жас өнертапқышы» аталымы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Мәдина Сәрсенова жеңімпаз танылды. Ол «Құрылыс материалдары түрінде қоқыстарды жоюмен суларды коагуляциалық тазалау» атты өзекті тақырыпта еңбектенген. Жас өнертапқыш алты валентті темір қоспасы бар коагулянттың (тұндырушы) көмегі арқылы ластанған суларды тазартып,  заласыздандыруды өндіріске енгізуді ұсынған еді.

Өңделген коагулянт әртүрлі қатты өндіріс қалдықтарын және өсімдіктен шыққан органикалық қалдықтарды (сүлгі, жаңқа, құстың жүндері), тағы басқаларды  жояды.

Еуразия ұлттық университетінің Инновациялық парк базасында стартап жобасы іске қосылған.Олардың жаңалықтарынан 15 жоба таңдап алынды. Қысқа мерзім ішінде ең маңызды әрі талап етілген идеяларды анықтайды: өзінің тапқан жаңалығын шағын өндіріс ретінде елге көрсетіп, нарыққа жол табады.

Иновациялық парк – аймақтардың индустриялық-инновациялық стратегияларының ең негізгі әзірлеушісі.

Ғылым күніне орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Сәрсенбаевтың қазақстандық женьшен өсімдігінен тамаққа және парфюмерлік-косметикалық өнеркәсіпке арналған жобасы шетелдік кәсіпкерлер арасынан өз иесін тапты. Ғалымның бұл инновациялық жобасы 2014 жылы 27-29 наурыз аралығында Балтық теңізі жағалауында өткен ғалымдардың ғылыми жобалары мен технологияларын қорытындылауға бағытталған басқосуда үздік жоба ретінде танылды.

Бүгінгі конференция барысында «Ең үздік ғылыми жұмыс» аталымы бойынша жеңімпаз танылған жас ғалымдар мен 2013 жылғы республикалық байқауда жүлде алған студенттерді марапаттау рәсімі болады.



Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,

Өткізу орны: ЕҰУ, Мирзоян, 2

Бас ғимарат, 208 аудитория



Өткізу күні: 2014 жыл, 11 сәуір, сағат 10:00

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет