Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру жұмысы



бет30/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру жұмысы:
- нұсқаулық конференциясына қатысу;
- мектеп директорымен, директордың оқу ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен мектептің дәстүрі туралы, педагогикалық және оқушылар ұжымдарының мінездемесі туралы сұхбаттасу;
- АӘД оқытушысы-ұйымдастырушымен, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушымен, сынып жетекшілерімен, дәрігермен сұхбаттасу;
- АӘД бойынша оқу-материалдық базасымен танысу;
- мектеп әкімшілігі өткізетін кеңестерге қатысу;
- іс-тәжірибе барысына жеке жұмыс жоспарын құру;
- іс-тәжірибе әдіскері өткізетін топ жиналыстарына қатысу;
- есеп беру құжаттарын толтыру және қорытынды конференцияға қатысу;
Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны
Оқу-әдістемелік жұмыс:
- АӘД және әскери-патриоттық жұмысты жоспарлау құжаттарын меңгеру;
- АӘД бойынша сабақ өткізу үшін жоспар-конспектілер дайындау;
- мектеп мұғалімдері АӘД бойынша өткізетін сабақтарға қатысу;
- оқу-тәрбие үдерісінің жеке жақтарына (сабақ бөлімдеріне уақытты бөлу, оқушылармен сөйлесу мәнері және т.б. ) педагогикалық бақылау жүргізу;
- АӘД мұғалімінің сабағына көрнекілік құралдарды дайындауға көмектесу;
- қорғаныс-көпшілік үйірмелерінің бірінің сабақтарына және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру іс- шараларына қатысу;
- АӘД сабақтарына көрнекі құралдар әзірлеуге қатысу;
- тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектептердегі іс- тәжірибені барып көру;
- бекітілген сыныпта АӘД бөлімдерінен 8 сабақ өткізу, оның екеуін АӘД оқытушысы-ұйымдастырушының көмекшісі ретінде өткізу.
Сыныптан тыс жұмыс:
- мектептің жылдық жоспарына сәйкес әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- бекітілген сыныпты жалпы мектептік саптық жүру және саппен ән айту сайысына қатысуға дайындау;
- ойын түрлері бойынша әскери-патриоттық тәрбиелік іс-шаралар мен жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; •
- түрлі сыныптан тыс жұмыстардың есеп құжаттарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет