Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Мектеп басшылары мен топ жетекшісінің міндеттері



бет32/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Мектеп басшылары мен топ жетекшісінің міндеттері:
- мектеп басқармасы мен АӘД мұғалімі мен бірлесе отырып, студенттерді сыныптарға бөледі;
- осы жұмыста іс-тәжірибе өтушіге қажетті керекті әдістемелік көмек көрсетеді, педагогикалық іс-тәжірибенің барлық бөлімдерінен талдау жасап бағалайды;
- іс-тәжірибе барысында оқытушылармен жеке жоспар құруға сонымен бірге сыныптан тыс сабақтардың, сынып жетекшілік шараларының мазмұны мен көлемін анықтауға және сынып ұжымы мен жеке оқушының психологиялық-педагогикалық жақтарын меңгеруге көмектеседі;
- іс-тәжірибе өтушілердің жеке жұмыс жоспарын бекітеді;
-студенттерге сабақты және сыныптан тыс шараларды өткізуде әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, сабақ және сыныптан тыс шараларын өткізуге дайындық кезінде студенттермен консультация жүргізеді;
- сабақтарға қатысады, оларды бағалайды, студенттің жеке жоспарды орындауын бақылайды;
- апта сайын әдістемелік сабақтар мен топ жиналысын өткізеді, жүйелі түрде студенттердің оқу-әдістемелік құжаттарын тексереді, іс-тәжірибе өтушілердің еңбек тәртібін бақылайды;
- іс-тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер тапсырған құжаттарға талдау жасап, ұсыныстар жазады да, факультет жетекшісіне тапсырады;
- университетте өтетін кәсіби іс-тәжірибені бекіту және қорытынды конференциясына қатысады;
- АӘД оқытушысы, педагогика және психология әдіскерлерімен бірге іс-тәжірибе бойынша сынақ өткізуге қатысып, іс-тәжірибенің жалпы бағасын қояды.
Пән мұғалімінің міндеттері:
- өзіне бекітілген студенттерді өзінің оқу-тәрбиелік жұмысымен таныстырады, сыныптан тыс уақытта ашық сабақ өткізеді және оларға талдау жасауды ұйымдастырады;
- топ жетекшісімен бірге студенттер арасында пән бойынша сабақ тақырыптары мен сыныптан тыс шараларды өткізуді бөліп тағайындайды;
- студенттердің сабақты және басқа да шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларына жауапты болады;
- сабақты өткізуге дайындық кезінде студенттермен бірге болады өткізетін сабақтардың конспект жоспарын тексеріп бекітеді және қажет болғанда әдістемелік көмек көрсетеді;
- әр студенттің өткізген сабағына талдау жасап бағалауға қатысады;

    • студенттерге мінездеме жазады және олардың оқу-тәрбие жұмыстарын бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет