Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т



бет31/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Сыныптағы тәрбие жұмысы:
- 2-3 әр түрлі пән сабақтарына қатысу және сабақтан тыс уақыттарда (үйірме сабақтарында, жиналыстарда, жалпыға пайдалы еңбектер кезінде т.б.) бақылау арқылы бекітілген сынып ұжымының ерекшеліктерімен танысу;
- сыныптағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін меңгеру жоспарлау, тәжірибені қорыту; - сыныпта әскери-патриоттық тақырып бойынша саяси- ақпараттар мен әңгімелер өткізу;
- сыныптың ата-аналар алқасының жұмысының мазмұнымен және ұйымдастыруымен танысу.
Ғылыми зерттеу жұмыстары:
- АӘД оқытушысы-ұйымдастырушының көрнекілік, оқулық құралдарын және құрал жабдықтарды қамтамасыз ету, толтыру, жөндеу және сақтау жұмыстары бойынша жеке тапсырмаларын орындау;
- АӘД оқытушысы-ұйымдастырушыға оқу-материалдық базасын жетілдіру бойынша көмек көрсету.
Педагогикалық іс-тәжірибені субъектілерінің міндеттері
Факультеттің педагогикалық іс-тәжірибе бойынша әдіскерінің міндеттері:
- факультет бойынша іс-тәжірибені жоспарлауды, ұйымдастыруды және іс-тәжірибе қорытындысына есеп беруді қамтамасыз етеді, іс-тәжірибені өткізу жөнінде жалпы факультеттік жоспар құрады;
- іс-тәжірибе базасымен байланыс жасайды, студенттерді іс-тәжірибе өту орындарына белгілейді және іс-тәжірибе жетекшілеріне ақша төлеу құжаттарын толтырады;
- оқу-әдістемелік конференция өткізіп, іс-тәжірибе бойынша қойылатын сұрақтарды ұйымдастырады;
- іс-тәжірибе жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды, студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жөнінде талқыланатын кафедра жұмыстарына қатысады;
-топ жетекшілерінің жұмысын бақылайды, әрі студенттердің өткізетін сабақтары мен басқа да шараларына қатысады, іс-тәжірибені ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктерді болдырмау жолдарын қарастырады;
- іс-тәжірибе бойынша сынақ өткізуді ұйымдастырады;
- кәсіби іс-тәжірибе қорытындысы бойынша жалпы факультеттік есеп құрады және оны факультет деканы мен іс-тәжірибені басқару бөліміне тапсырады .
студенттердің міндеттері:
- іс-тәжірибе өтуші мектептің ішкі тәртіптеріне бағынады, іс-тәжірибе жетекшісінің айтқанын орындайды;
- студент іс-тәжірибе өтуші, іс-тәжірибе барысында туындайтын сұрақтары жайында университеттен бекітілген іс-тәжірибе жетекшісінен сұрауға, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ұсыныстар жасауға құқықтары бар;
- студент іс-тәжірибе өтуші, іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін орындайды, әрбір сабақты және сыныптан тыс шараларды өткізуге тиянақты дайындалулары керек;
- есеп беру құжаттарын белгіленген мерзімге дейін жазып, тапсырулары қажет;
- мектеп ұжымының қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысулары керек;
- іс-тәжірибе соңында студент топ және мектеп ұжымының жиналыстарында есеп береді және қорытынды конференциясына қатысады.
Іс-тәжірибе өтушілерге қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, студенттерді іс-тәжірибеден шығарып жіберуі мүмкін. Факультеттің Кеңесінің шешімі бойынша университеттегі оқу сабақтарынан жоспар бойынша босатпай, қайта іс-тәжірибе өтуге жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет