Бақылау түрлері
|
Мазмұны
|
Баллдар
|
Ағымдық бақылау
|
Тәжірибелік сабақтағы жұмыс
|
20
|
10
|
Аралық бақылау
|
2 жазу жұмыс
|
30
|
20
|
Үй бақылау
|
Конспект, реферат, баяндама
|
10
|
30
|
Қорытынды бақылау
|
Емтихан
|
40
|
40
|
Барлығы
|
|
100
|
100
|
Білім бағалау критериялары
%-тік тақырыптар
|
критериялар
|
0 - 49
|
Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.
|
50 - 74
|
Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қортынды шығара алмайды.
|
75 – 89
|
Жауыбы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қортынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.
|
90 – 100
|
Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды. өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.
|
1.9 Курстың саясаты мен процедуралары
Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.
Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік «Шәкәрім атындағы МУ-дың ішкі ережелерімен» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары ҚарМУ-дың оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.
Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:
Рефераттың мерзімінде орындалмауы
|
-5 балл
|
баяндаманың мерзімінде орындалмауы
|
-2 балл
|
ОСӨЖ тапсырманың орындалмауы
|
Тақырып бойынша минус балл
|
Аралық тапсырмаға қатыспауы
|
-8 балл
|
Сабаққа кешігіп келуі және қатыспауы
|
Аралық бақылау бойынша минус балл
|
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Күндізгі бөлім - барлығы (несиелер) 2 кредит
Рет №
|
Тақырып аттары
|
Сағат саны
|
Лекц.
|
Сем.
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1.
|
Тақырып1.ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы мемлекетті қорғау және әр азаматтың әскери міндеті туралы.
|
3
|
3
|
5
|
5
|
2.
|
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының қарулы қүштері және қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
|
3
|
3
|
5
|
5
|
3.
|
Тақырып3. Қазақстан Респубикасы Әскери доктаринасы
|
3
|
3
|
5
|
5
|
4.
|
Тақырып 4. Әр азаматты кезекті әскер қатарына шақыру және дайындау.
|
2
|
2
|
5
|
5
|
5.
|
Тақырып 5. : Келісімшарт бойынша әскери қызмет.
|
2
|
2
|
5
|
5
|
6.
|
Тақырып 6. Бастапқы әскери дайындықтың нормативті құжаттары.
|
2
|
2
|
5
|
5
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
30
|
30
|
+
2.2 Дәріс тақырыптарының тезистері.
№1 тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетті қорғау және әр азаматтың әскери міндеті туралы.
1. Жастардың бастапқы әскери дайындығының мазмұны мен мақсаты.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
1. Жастардың бастапқы әскери дайындығының мазмұны мен мақсаты.
Жастардың бастапқы әскери дайындығы Қазақстан Республикасының мынадай заңдылықтар негізінде ұйымдастырылып өткізіледі. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет», «Ұлттық қауіпсіздік», «Азаматтық қорғаныс», «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, 2006ж. 24 мамырдағы Қазақстан республикасы Үкіметінің қауысы №449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бұйрығымен директивтері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күші Генералдық штабының басшысы және Қазақстан Республикасының төтенше жағадайлар Комитетінің Председателі.
Бастапқы әскери дайындық-Қазақстан Республикасының азаматын қарулы күштердің әскери қызметіне дайындайды, Қазақстан Республикасының басқа да әскер құрамасына және әскери топтарына, азаматты дайындау жүйесінің негізгі құрам бөлігі, кәсіптік техникалық және жалпыға білім беру мектептерінде орта негізгі оқу орындарында, жеке меншік оқу орнында міндетті мемлекеттік пән болып оқылады.
Бастақы әскери дайындық процесінде оқушылар Қазақстан Республикасының азаматтарының Конституциялық құқығын меңгеріп, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің міндетін түсініп және анықтап әскери іс, азаматтық қорғаныстың негіздерін меңгерген практикалық дағдысы қалыптасқан болуы керек. Психологиялық тұрақты, болашақта Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің мерзімді қызметіне шақырылғанда, әскери қызметті өту жағдайына тез арада қалыптасып, сеніп тапсырылған қаруды және әскери техниканы толық меңгерген болуы керек.
Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ - Қазақстан халқының егемендік қүқығына сай 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданып, оның нәтижесі ресми жарияланған осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енген Қазақстан мемлекетінің Ата Заңы. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бүл Конституция - мемлекетке қоғамның қүқықтық сенімі жәнө халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Рөспубликасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстанды ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың қүрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республикалық құрылыс, басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік немесе аралас) қарамастан, мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар, демократиялық мемлекет әлеуметтік жәнө ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Бұл ретте, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ождан бостандығы, тілі мен үлтын өзі анық-тауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу, ереуілгө шығу құқығымен қоса жекелей және үжымдық еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік тағы басқа да істерді басқару қыз-метіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Рөспублика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - "қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық" (Конституцияның 1-6., 2-т.). Демократиялық мемлпкпттегі саяси режим билік жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстан Республикасында Діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бүл Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Әлдеқандай мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Оны жүзеге асыру оның жалпы адамдық және азаматтық құқықтары мен мемлекет алдындағы міндеттеріне байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Наным немесе атеизм мәселесі -әркімнің жеке басының шаруасы.
Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылай-ды.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстан Республикасы мақсат тұтқан және 1995 жылғы Конституцияда бастау алған сапалық қасиет. Барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес тұрақты түзетіліп отыратын қазақстандық қоғамды тұрақты дамытып, оның сан алуандылығын ретке келтіруге қабілетті, заңды егеменді ұйым құра алатын мемлекеттік қасиет. Қазақстанның Конституциялық мемлекеті - құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін - "заңда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі", мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін "заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат" болып табылады.
Қоғамдық қүқықтық санадағы құқықтық нигилизм мен заңдық идеализм көшірмелерін жеңіл, жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттырып, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеру арқылы табыстың қалыптасуы тиісті экономикалық және саяси алғышарттарға байланысты болатын құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру; Конституцияның басымдығы және заң құқықтарының бекітілуі; экономикалық бостандықтың орнығуы мен мемлекеттің экономикалық қызмет шекарасының нақты анықталуы; республикалық саяси құрылыс және басқарудың тиімді түрі; мемлекеттік биліктің тұтастығы мен "тежемелік және тепе-теңдік" жүйесін пайдалану арқылы оның тармақтарға бөлінуі; сот билігінің тәуелсіздігі; мемлекет пен азаматтың өзара жауапкөршілігі болып табылады.
1995 жылғы Конституция нормаларында аталған белгілер айқын көрініс тапқан және толық қазақстандық шындыққа айналуы тиіс.
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ – Конституцияда көрсетілгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болумен қатар Қазақстан Республикасы өзін сондай-ақ әлеуметтік мемлекет ретінде де орнықтырады (1-6. 1-т.). Оның тек өзіне тән сипаттама-лары бар.
Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (тап-тарға) немесе ұлыстарға емес, қоғам мен адамға тұтас қызмет етеді. Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады.
Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың күнкөріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселесі де кіреді.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтың құқығын, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету тек мемлекеттің ісі емес, алдымен оның өзінің, адам мен азаматтың санасы мен ерік, жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы "бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму" (Конституция, 1-б. 2-т.) үйлестіріліп, қамтамасыз етілмек.
ретіндегі егемендік құқығы.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында: "Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді" деп атап көрсетілген.
Негізгі әдебиеттер:1, 8, 15, 19.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3, 6.
№2 тақырып. Қазақстан Республикасының қарулы қүштері және қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
1.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы ». 2005 жылғы .7 қаңтар № 29 Заңы.
2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8- шілдедегі № 74 Заңы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Жалпы ережелері.
3.Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. 1992ж. 25 тамыз «Әскери ант».
1.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы ». 2005 жылғы .7 қаңтар № 29 Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ұрысқа әзiрлiк - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзiмдерде өздеріне жүктелген мiндеттердi орындауға дайындығының дәрежесiн айқындайтын жағдай;
ұрыс қимылдары - әскери бөлiмдердiң, құрамалар мен бөлiмшелердiң тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлiк мiндеттердi opындау кезiндегі ұйымдасқан iс-қимылдары;
жауынгерлік мiндет - ұрыста (операцияда) белгiлі бiр мақсатқа белгіленген мерзiмде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
Қарулы Күштердің түрi - мемлекеттің белгілi бiр салада (құрлықта, теңiзде, әуе кеңiстігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлiгi;
соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезiнде алға қойылған жауынгерлiк мiндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрiн қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс кимылдарын қоса алғанда) iс-қимылдар кешенi;
соғыс уақыты - соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
әскери мүлік - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілерi, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрi, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;
соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкiндiгі көзделетін тұрақсыздық факторы;
мемлекеттiң әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешуге тiкелей бағытталған Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;
соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдiстерiмен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына (соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;
әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
әскери бөлiм - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бiрлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;
қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешенi, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатердi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;
жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрi, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар; 16) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Iшкi істер министрлiгінiң ішкі әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдері, әскери прокуратура opгандары;
материалдық запастар - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілi бiр саны;
пайдаланылмайтын әскери мүлік - қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепiлдi мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;
жабдықтау нормалары - бейбiт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлiмшелерге, әскери бөлiмдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
қорғаныс объектiлерi - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтіліп берiлген жылжымайтын мүлiк;
аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттердi жедел шешу үшiн пайдалануға көлiк құрылыстарын, жол желiлерiн, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзiрлiкте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенi;
әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;
әскерлер түрi - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсiлдерi бар Қарулы Күштердiң дербес не құрамдас бөлiгінiң құрамына кiретін түрi;
арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлiк, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерін орындау үшін құрылған әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер;
арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңiз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтiру жөнiндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсiптің, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың кiдiрiссiз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;
соғыс кезi - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (ic жүзiнде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және коммуникацияларын қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі жүзеге асыратын iс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;
техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;
тыл - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын әскери бөлімдер;
тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзiрлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарақты қасиеттерiн пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтiру, сондай-ақ олардың компоненттерiн кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу.
-
Достарыңызбен бөлісу: |