Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет35/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



  1. Оқушылар 1-сыныптың соңында:

1) жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсініктерге ие;
2) бағдарлама көлемінде анықталған Қазақстанның және басқа халықтардың рухани мұраларын біледі;
3) бағдарламада анықталған сабақтағы нақыл сөздерді, рухани-адамгершілік мазмұндағы өлеңдерді жатқа біледі;
4) сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай алады;
5) мектеп оқушысының құқығы мен міндеттерін біледі және түсінеді, оқушы парызын (қажетті мектептік құрал-жабдықтардың және орындалған үй жұмысының, сынып жұмысының болуы) орындайды;
6) адамдарға, табиғатқа, қоғамдық меншікке ұқыпты және саналы қарайды;
7) денсаулықты сақтауға арналған жақсы ойлардың мәнін түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады.

  1. Оқушылар 2-сыныптың соңында:

1) жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктері бар;
2) бағдарлама көлемінде анықталған Қазақстан және басқа халықтардың рухани мұраларын біледі;
3) бағдарламада анықталған сабақтағы нақыл сөздерді, рухани-адамгершілік мазмұндағы өлеңдерді жатқа біледі;
4) сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды біледі;
5) мектеп оқушысының құқығы мен міндеттерін біледі және түсінеді, оқушы парызын (қажет мектептік құрал-жабдықтардың және орындалған үй жұмысының, сынып жұмысының болуы) орындайды;
6) адамдарға, табиғатқа, қоғамдық меншікке ұқыпты және саналы қарайды;
7) денсаулықты сақтауға арналған жақсы ойлардың мәнін түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
8) адалдық және ақкөңілділік, қайырымдылық, адамдарға құрметпен қарау сияқты адамның жағымды қасиеттері туралы түсініктері бар;
9) шабыттың қайнар көзі және өз өлкесінің мәдени құндылықтары ретінде табиғат туралы түсініктері бар; жас көшеттерге, құстарға, жан-жануарларға аялы қатынас жасай алады;
10) салауатты өмір салтын жүргізудің мәнін түсінеді; денсаулықты нығайту факторларын, денсаулықтың негізгі ережелерін біледі;
11) түрлі ұлт адамдарының арасындағы татулық пен келісім, Қазақстанда тұратын халықтар достығы құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
12) басқа адамдармен татулықта өмір сүру, сыныптастарымен және достарымен өзара тілектестік қатынас білігінің маңыздылығын ұғынады; кеңпейілділік танытуды, өзін және басқаларды құрметтеуді бағалай алады;
13) оқиғаларды, өз әрекеттерін әділ бағалай біледі; дұрыс шешім қабылдай алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда тәртібін қадағалай алады;
14) жақсы мінез кейпі ережелерін біледі және түсінеді, түрлі жағдаяттарда өз білімдерін саналы қолдана алады.

  1. Оқушылар 3-сыныптың соңында:

1) еңбек, өзара түсіністік, ақжарқындық, оптимизм, қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік патриотизм, шығармашылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғынады;
2) адамдық сезім мен эмоциялардың көрінуін ажырата алады, қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік таныта алады;
3) адамдарға сергек және мұқият қарай алады;
4) істер мен әрекеттерде жауапкершілік таныта алады;
5) салауатты өмір салты ережелерін біледі, салауатты өмір салтын құрудың маңыздылығын түсінеді, жеке гигиенаны және еңбек тәртібін, демалысты сақтай алады;
6) шығармашылық іс-әрекеттер арқылы өз ойлары мен әсерлерін жеткізе алады;
7) адамдарға мұқияттылық және құрмет көрсете алады, өзіне құрметті, жақындары мен туғандарына қамқорлық көрсете алады;
8) туғандары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне қызығушылық пен құрмет таныта алады;
9) туған өлкесінің табиғатына мұқият қараудың маңыздылығын түсінеді;
10) елінің тарихына, өз халқының тарихи тамырына, халқының мәдени мұрасына ықылас таныта алады.

  1. Оқушылар 4-сыныпты бітіргенде:

1) ұжым, азамат, дәстүр, жауапкершілік, батылдық, шешімділік, ар ұждан, әділеттілік ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғады;
2) адами сезімдер мен эмоциялардың көрінуін, өзінің эмоционалдық күйін ажырата алады, өзінің сезімі мен талпыныстарын білдіре алады; жағымсыз эмоцияларын және әрекеттерін тыя алады;
3) мінез-құлық этикасы нормаларын біледі, практикада жақсы әдеттерді қолдана алады және сыртқы түр мәдениетін сақтай алады;
4) айналасындағы адамдармен тілектестік қатынас жасай алады; адал және әділетті қылықтарды ажырата алады; айналасындағыларға жанашырлық, ықылас таныта алады;
5) физикалық дамудың қажеттілігін түсінеді, денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесін және қауіпсіздік шараларын практикада қолдана алады;
6) оқуға арналған кітаптарға саналы таңдау жасай алады, әдеби кейіпкерлердің қылықтары арқылы өз мінез-құлқын бағалай алады;
7) қарым-қатынас ережелерін біледі; топта, сыныпта, таныс емес адамдармен жағымды, достық өзара қарым-қатынас жасай алады; өз туғандары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне қызығушылық пен құрмет таныта алады;
8) өмірдің қайнар көзі ретінде табиғаттың мәнін түсінеді;
9) қоршаған ортаға қамқорлық таныта алады, табиғи қайнар көздердің тазалығын сақтай алады.
10) өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ұғынады; ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатыстылығын түсінеді; қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 266 бұйрығына
10-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 
184-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет