Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет38/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



  1. Құндылыққа бағытталған тәсіл:

1) оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың әдісі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады;
2) құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталандырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойғы білім - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

  1. Тұлғаға бағытталған тәсіл:

1) тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

  1. Іс-әрекеттік тәсіл:

1) іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі табады, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білім, оқу біліктері мен дағдыларының және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».

  1. Сараланған тәсіл:

1) Сараланған тәсіл оқушылардың ерекшеліктерінің негізінде оқу топтарына әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын дербес оқу процесі болып табылады. Сараланған тәсілге әр түрлі топтағы оқушылардың оқу іс-әрекетін арнайы дайындалған құралдар мен қызметті саралау әдістерінің көмегімен ұйымдастыру кіреді. Саралап оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты күрделілігі, танымдық қызығушылығы, мұғалім тарапынан көмек көрсету сипаты жағынан айырмашылығы барсараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.

  1. Коммуникативтік тәсіл:

1) білім берудегі коммуникативтік тәсіл дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу процесі. Коммуникативтік тәсіл нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативтік тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қарым-қатынас икемділігін қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) енгізуі қажет.

  1. Ортақ тақырыптар негізінде оқыту:

1) «Музыка» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. 6-7 жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

  1. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:

1) оқыту әдісі ретінде ойын түрін қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Музыкалық іс-әрекеттер процесінде ойынды қолдану оқушылардың музыкалық есте сақтау, ассоциативтік-бейнелік және шығармашылық ойлау, есту, ырғақтық, орындаушылық дағдыларын және музыкалық білімдерін дамытуға мүмкіндік береді;
2) оқытудың ойын технологияларының басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

  1. Көркемдік-музыкалық тәсіл:

1) бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі музыкалық іс-әрекет (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу іс-әрекеті) барысында музыкалық сауат негіздерін қолдану нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқушылардың және оқушы топтарының оқу-танымдық іс-әрекеттері. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттері тек сабақтармен ғана шектелмейді, сонымен бірге сабақтан тыс іс-әрекеттермен кіріктірілуі, оның ішінде оқушылардың түрлі шығармашылық-музыкалық, драмалық үйірмелерге қатысуымен қарастырылады

  1. Берілген тәсілдер:

1) әрбір оқушының музыкалық білімін одан әрі дамыту мақсатында әрбірінің жеке пікірін құрметтеу және қолданыстағы білімдер мен дағдыларды қолдану маңыздылығын түсіну;
2) арнайы тапсырмалар мен педагогикалық қызмет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
3) оқушыларға өмірден алынған мысалдар арқылы мәселелерді шешудің стратегияларын моделдеу;
4) оқушылардың зерттеу әрекеттері мен белсенді оқуын ынталандыру;
5) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық дағдыларын түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу арқылы дамыту;
6) оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
7) әртүрлі музыкалық іс-әрекет түрлеріне оқушылардың белсенді қатысуы;
8) білімді өз бетімен іздену уәжін қалыптастыру;
9) «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;
10) бағалаудың әртүрлі тәсілдерін одан әрі дамыту үшін қолдану;
11) әрбір оқушының шығармашылық дағдыларын ашу үшін қолайлы орта құру;
12) оқушыларды белсендіру және ынталандыру мақсатында оқытудың дифференциациясы;
13) пәнаралық кіріктірілуі арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет