Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі. Демек, қазіргі таңда бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады. Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Тәрбиенің негізі-еңбек болу керек. Басқа тәрбиені сол еңбек айналасына құрып, жемісті шешуге болады. Еңбек ету үстінде бала басқалармен санаса біледі,коллективтік сезімі ұлғаяды, еңбек арқылы басқаға пайдасын тигізеді.
Еңбек ету оның денесінің шынығуына да жақсы әсер етеді. Бастаған істі аяқтап, тиянақтап бітіріп, кездескен қиыншылықтарды жеңу арқылы өздерінің ерік, қайратын, тәртіптілігін шындайды. Еңбек үстінде бала көптеген дағды-әдетке үйренеді. Мұның кейін мектепке түскенде де үлкен мәні бар.Жасында еңбекке үйренген бала-мектепте де сабақты жақсы, үздік оқиды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |