Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту


Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары



бет9/13
Дата13.06.2022
өлшемі148.63 Kb.
#459200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту

2.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары


Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек.
Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4].
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға саналы көзқарас тәрбиелеу, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. 
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелері, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. 
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерде орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау- бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталануын орындауға үйрету.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, эдлектрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады. 
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады.
Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады. Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға орай тазалық сақтау, табиғатты күту, қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы.
Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады. Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу. Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыру, оқушылардың кәсіби ынтасы, қызығушылығы, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді. Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына;
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
Осы сияңты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді. 
ІІІ. Эксперимент жұмысы
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша эксперимент жұмысы Шығыс Қазақстан облысы, ауданы кентінің орта мектебінде өтті. Бұл мектептің эксперимент сыныбына 4 «А» сыныбы, ал бақылау сыныбына 4 «Б» сыныбы алынды. Екі сыныптың оқушылар саны 20 баладан.
Эксперимент жұмысының мақсаты – бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке тәрбиелей отырып, оқушылардың еңбек белсенділігі мен қызығушылықтарын ояту.
Соған байланысты курстық жұмысымыздағы жүргізген зерттеудің эксперимент сыныбымен төмендегі түрдегідей жұмыстарды өткіздік.
Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді ұйымдастыруда сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай жұмыстардың тиімділігін атап өтсек: жұмыс құрылымының ұйымдастырылуына, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлы, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен іс-әрекеттің жүзеге асуына, оқыту уақытының үнемдеуге пайдалы.
Оқушылармен жүргізілетін еңбекке тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың бойында қалыптасатын тиісті дағдылар мен іскерліктерді көрсетсек:
1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

    1. пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;

    1. өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

    1. жолдасының жауабына пікір айту;

    1. сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

    1. үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

    1. өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;

    1. танымдық тапсырма шешімін табуда неше нұсқасын көрсету;

    1. өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық

және практикалық әрекетін талдау;
10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін
әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен жинақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Оқушыларды белсендіруде мұғалім оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, сыныпта жақсы ахуал орнату, олардың ар-намысына тимеуді және жетістіктерін мақтау, тиімді әдістер арқылы, шығармашылық сабақтар ұйымдастыру, өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік беру т.б. қажет.
Эксперимент барасында оқушылармен жүргізілген өткізілген жұмыс түрлеріне тоқталайық.
Эксперимент барысында жүргізілген әңгіме, пікір-талас, лекция, конференция сабақтарының жоба тақырыптарын ұсынамыз:

  1. Халық ауыз әдебиеті.

  2. Сөз асылы – мақал.

  3. Қазақтың ою-өрнектері.

  4. Менің елім - Қазақстан.

  5. Экология мәселелері.

  6. Құлақтан кіріп бойды алар (халық әндері).

  7. Біздің мектептің тарихы.

  8. Өнерлінің өрісі ұзақ.

  9. Салт-дәстүрлер.

  10. Әдет-ғұрыптар.

  11. Мамандықтың бәрі жақсы.

  12. Дұрыс киіну жолдары.

  13. Біздің қаладағы ірі мекемелер мен кәсіпорындар.

  14. Жаман әдеттер.

Сабақта ұлттық фольклор, қолданбалы сәндік өнер, халықтың музыка, айтыс, терме өнері кеңінен қолданылды. Киім кию, жүріс-тұрыс, қонақ күту, сый-сияпатқа толып жатқан эстетика элементтерді элементтерді қолдана отырып, әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналдырдым. Сондықтан «Өнер көзі - халықта», «Шебердің қолы ортақ» деген тақырыпта әңгіме-диспут сабақ өткіздік.
Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Әуезовтың «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы», «Ананың әңгімесі», «Ер ана» әңгімелерін сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді.
Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.

  1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.

  1. Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.

  1. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу

үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді.
Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада «Әлем әдебиетінің асылдары», Адамзаттың Айтматовы», «М. Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін жасадық. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келді.
Айтматов «Адамзаттың Айтматовы» - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды?

  1. «Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?

  1. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгісі, ұлттық бояу.

  1. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.

  1. Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны.

Халқымыздың салт – дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» курсының бағдарламасы жобасын ұсындық.
1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік – 1 сағат.
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер – 13 сағат.
3. Тұрмыстық салт – дәстүрлер – 20 сағат.
4. Әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлер – 24 сағат.
5. Жаңа заман салт – дәстүрлері – 10 сағат.
6. Қорытынды. Салт-дәстүрлер - халақ тәжірибесі - 2 сағат.1
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде қызықты кездесулерді де өткіздік. Кездесуге, әдетте өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, жазушылар мен ауған соғысының ардагерлері т.б. шақырылды.
Мұндай қызықты кездесулер оқушылардың патриотизм мен адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмегін тигізді.
Дебат – командалық, ұжымдық ойлау жұмысын өткіздік. Бұл сайысқа қатысқан оқушының әртүрлі көзқарас білдіруде ойы белсенді дамыды, көпшілік алдында пікірін айтуға дағдыланды, мұқият ойланып, өз көзқарасын орнықтырып, мәселені өзінше түсінуге, сын тұрғысынан ойлауға үйренді. «Экология» деген тақырып бойынша оқушылармен экология, экологиялық аймақтар туралы, шешудің шаралары туралы дебат сайысын өткіздік.
Тәжірибе жасатуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарды. Бұнда жалпы жоспарды құру, істелетін тәжірибені талқылау, тақтаға тәжірибе жасалатын заттың суретін немесе кескінін іліп қою, тәжірибеге дейін оқушыларға өз беттерінше сол туралы мғлұматтар жинату және т.б. аталған жұмыс түрлері толық атқарылғаннан кейін ғана тәжірибені жүргізуге кіріседі. Соның нәтижесінде оқушыға тек ғана ауызша айтып, талқылағанды қағаз бетіне түсірткіздік.
Тәжірибе. Эксперимен немесе тәжерибе-арнай жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекше түрі. Серуендер немесе табиғат мүйісінде және мектеп учаскесінде оқушыларды жай тәжірибе жасауға тартудың бақылағыштығын және білуге құмарлығын дамыту үшін, заттар мен табиғаттағы құбылыстарға белсенді де дұрыс көзқараста болуға тәрбиелеудің маңызды зор болды.
Тәжірибе көмегі арқылы балаларды су мен тыңайтқыштың өсімдік тіршілігіндегі рөлі жөнінде білді. Дегенмен өсімдіктерге зиян келтіретін тәжірибелелермен айналысуға болмайтынын ескерген жөн. Тыңайтқыштармен тәжірибе жасағанда да осы секілді қателіктерді жіберіп алмас үшін жұмыстар жүргіздік.

Орманға саяхат. Табиғаттағы күзгі құбылыстарғы бақылау жүргізу үшін орманға 2-3 экскурсия өткізіледі. Балалардың маусымдық өзгерістерді бақылауын жеңілдету үшін экскурсияны белгілі бір жерге жүргізіп отырдық. Экскурсия барысында балалар сол табиғатқа байланысты өлеңдер мен әңгімелерін, жұмбақтарын айтып берді. Бұндай сабақ оларға өте ұнайды.

Оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруда реферат жазуды ұсындық. Реферат жаздыру - дәстүрлі оқытуда да өз бетімен шығармашылық жұмыстың өнімді жолы болып келеді. Оқу тәрбие үрдісін технологияландыру – қазақ тілі пәніндегі реферат жазудың да өнімді жаңа жолдары, әдістемесінен ізденуді талап етеді.

Ең алдымен, реферат жаздырудың дәстүрлі оқытуда бар түрлерін жаңартып, тың жолдарын іздеу ойластырылды. Рефераттардың тақырыптары әрбір жаңа сабақтың тақырыбына байланысты алынып отырды. Оған: «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Мақал-мәтел сөз мәйегі», «Жаңылтпаштар», «Наурыз мерекесі» және т.б.

Эксперимент жұмысымызды қорытындылай келе, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында эксперимент 4 «А» сыныбында жүргізіліп ұйымдастырылған барлық сыныптар оқушылар арасында үлкен жетістікке жетті. Яғни, эксперимент сыныбында жүргізілген барлық жұмыстардың барысында оқушылардың өзбетінше жұмысқа деген белсенділіктері артты, жүргізілген жұмыс түріне деген қызығушылықтары дамыды, оқушылардың бойында жекеленген қасиеттері дами түсті.

Соның нәтижесінде эксперимент сыныбының оқу-тәрбие үрдістері оң жолға қойылды. Ал, бақылау сыныбында жүйелі түрде ұйымдастырылмай жүргізілген сыныптан тыс жұмыстардың қорытындысы төмен болды. Олардың нәтижесін мына төмендегі диаграммадан көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет