Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту



бет11/13
Дата13.06.2022
өлшемі148.63 Kb.
#459200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту

Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.

Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.


Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп. Кәсіптік бағдар беру жүйесінде кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді.
Кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы, шығармашылық жазбалар, қол өнер бұйымдары т.б.) талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық ұйымдарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұқбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі. Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да қолданылады..
Кәсіптік білім беру – кейде ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет.
Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек: 

  1. оқушылардың білім деңгейі;

  1. оқушылардың жеке қасиеттері.

Кәсіптік консультация – кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтері-нің бірі. Әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетіледі. Оқушы мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіншіліктерін анықтайды, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай түрін кәсіптік консультация деп атайды.
К.К.Платонов кәсіптік консультацияны үш кезеңге бөледі: дайындық, аяқтау, анықтау. Кәсіптік дайындық консультациясы – бұл бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі дұрыс кәсіптік бағыт- бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта және жоғары оқу орындары, түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабылданатын жастарды іріктеп алады. Өйткені олардың мамандықты ойдағыдай игеруін, оған байланысты міндеттерді орындауын басты мәселе деп қарастырады.
Кәсіптік іріктеудің мақсаты – жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осыған байланысты профессиограмма жасалады.
Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).
Кәсіптік адаптация – бұл әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жүйесі.
Кәсіптік бағдар жұмысын жетілдірудегі мектептің, отбасының ролі. Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында “үш күш одағы” – мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады.
Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу, төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. 
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек.
Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.
• Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет