Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту


Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі



бет8/13
Дата13.06.2022
өлшемі148.63 Kb.
#459200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту

2.1 Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі


Еңбек тәрбиесі дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. 
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек… Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет».
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. 
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. 
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, ‰тіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады. 
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар:

  1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.

  1. Мәдени – ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасын кеңейтеді. 

  1. Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.

Өнімді еңбек – арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. Оқушылар мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттарға, оқушылардың өндірістік бригадаларына экскурсия жасап өнімді еңбектермен танысады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:

    • Еңбекке тәрбелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;

    • Оқушылардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық - өнегелік негізі болуы керек;

    • Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады;

    • Еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы керек;

    • Еңбек іс-әрекеті барысында тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен үйрену керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет