Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



бет5/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы

Адамгершілік мәдениеті тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің жетекші сыңары, адамгершілік сананы, сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде адамгершілік мұраттарды қайтадан ойластыру өткен замандағы адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттігін туғызып отыр.
Адамгеріділік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады. Қоғамдық құндылықтарға Адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік, т. б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға қарай бағыт ұстайды. Осындай алғашқы құңдылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімділігіне қарай кез-келген бағыт шеңберінде қалып-тастыруға болады. Сондықтан адамгершілік әрбиесінің міндеттеріне мыналар енеді: адамгершілік идеяларына сәйкес келетін қарым-қатынастар тәжірибесін қалыптастыру. Мысалы, осындай қарым-қатынасты “еңбек арқылы” жасауға болады. Оқушы еңбекте өзінің қабілетін, арманын жүзеге асырады, бүгінгі өмірін келешекпен байланыстырады. Сөйтіп, еңбек және адам деген тақырып өзара байланысады. Отбасындағы достарымен, ұжымымен болатын бірлескен мағыналы, тартымды еңбек жақын адамдар арасындағы құндылықты нығайта түседі. Қоғамдық қамқорлыққа, қоғамдық игілікке бағытталған еңбек, құндылық атаулыны нығайтуға қызмет етеді.
Жасөспірімнің адамгершілік жолындағы ізденістері білімнің, біліктің және дағдының жай ғана жиынтығы емес. Тұлғаның іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әр түрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақтаған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибеде нақты жүзеге асырьшатын процесс.
“Ізгілік” ұғымы көп жағдайда адамгершілік саласына жататындай ұғымда қабылданады. Қазіргі кезде кеңінен қодданылып жүрген бұл ұғым жалпы бағыттылық мәнге ие болуда. Ізгілендірудің мәнін шешіп алмай тұрып, әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды. Оны қазіргі уақыттың басты міндеті ретінде қарастыруға тура келіп отыр. Ізгілендірудің мәні адамдардың адамгершілік қасиетті берік сақтауын қажет етеді. Ол адамды үздіксіз
окьпу, үйрет арқылы адамгершілік бағытта жүргізіледі. Мұндай адамгершілік екі жақты әрекет арқылы пайда болады.
Адамзат мәдениетінің басты қайнар көзі еңбек болып
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет