Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Дарынды оқушылардың бірден көзге түсетін ерекшеліктері



бет3/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы

1.2 Дарынды оқушылардың бірден көзге түсетін ерекшеліктері:

- Өте белсенді;


- Танып – білуге деген құштарлығы жоғары;
- Есте сақтау қабілеті жоғары;
- Сөздік қоры мол;
- Сұрақ қоя біледі;
- Қиындықтарды жеңе біледі;
- Шыншыл, турашыл;
- Өздігінен іздене алады;
- Эссе, әңгіме, мақала жаза алады;
- Танымы кең, білімі терең;
- Суретке қарап өз бетінше әңгіме құрай алады;
- Оқулықтағы материалдарды сұрыптай алады;

Бала бойындағы дарындылықты қандай жұмыстар арқылы


шығаруға болады?
Сонда дарынды баланың тұлғалық моделі:

Сондай – ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қаситі, білімпаздық ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызыметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.


Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « ...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Мен өзімнің әрбір сабағымда басты назарға алатыным шәкірттеріме бағдарламадан тыс қосымша материалдар беріп отырамын.

1. Дәлірек айтсам, бірінші сыныптың алғашқы күнінен бастап, тілді жаттықтыру үшін, өлең-тақпақты ата-аналардың көмегімен жаттауды жолға қойдым.


2. Суреттер бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, өз отбасы туралы әңгіме айту. Мектеп, сынып, жыл мезгілдерне әңгіме құрау, оған сурет салу сияқты жұмыстан соң, осы тақырыпқа арналған дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсетіп, соған байланысты ақындардың өлең шумақтарын оқып беріп отырамын. Бұл баланың сезімін оятып, сурет салуға, мәнерлеп өлең оқуға жетелейді.
3. Баланың жинақы, дұрыс сөйлеп, өз ойын аз сөзбен анық айтып түсіндіруге
дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Ол үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Әр оқушының сөздік қорын, сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін зерттеуді қажет етеді.
Көрегінде баланың ата-анасы, отбасының тыныс-тіршілігінен де хабардар болуы артық емес. Сондықтан да менің сыныбымның есігі әр кез ата-аналар үшін ашық. Қай сабаққа қатысып, баласының білімін байқаймын десе де ерікті. Бұл ата-анаға баласының білім деңгейін басқа оқушымен салыстыруына үлкен көмек береді. Әрине, бұл маған да үлкен көмек. Әрі қарай ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, басқадан кем қалмауына ат салысады.
Қазақ тілі сабағыма тоқталар болсам, сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

  1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөздер шығатын сөздерді жаз.

Қыран, қала, дархан, бұлақ,
Мұз, сүтқысымесек,

  1. Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз жаз.

Қала + (қ) таба + (н)
Ат + (а) ел + (у)

  1. Тө мендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы керек

Асық
Ұзақ
Бас
Бақ з с
Мал
Мұз л
Бұлақ
Лақ
Құл
Сым т.б
Осыныдай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Тағы да мысалдыр келтіре кетейін.


1. Әріптерден сөз құрау
а л
Б ас
ақ
ау
2. Екі буынан сөз құрау

л а


Ба қа
Та

3. Бір сөзден бірнеше сөз құрау


Б а л д ы р ғ а н
Бал
Бала
Балдыр
Балғын
Ал алдыр
Алған
Ырғал
Дала
Ғана
Нар
Баған т.б

  1. Сурет бойынша сөйлем құрау

Қ ызыл алма тәтті. Апам сырға сатып әперді



Роза билеп тұр.
Қысқасы бастауыш сынып мұғалімі – баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай аймалап бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы – бағбанның жақсы ағаштан жинаған жемісі іспеттес.
Қорыта келгенде, О. Бальзактың «ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты парасатты ұрпақ керек екені бір сәтте естен шығармағанымыз жөн


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет