Енбек тәрбиесі дегеніміз — бұл еңбекке жаңаша қарау, еңбек процесінде дұрыс қарым-қатынасқа (енбексүйгіштік) түсу, еңбек ете білушілік қабілетгердің қалыптасуына психологиялық тұрғыдан даярлық жасау болып табылады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу міндеггері: оларды жалпы қоғамдық және пайдалы қызметке даярлау, олардың бойында қажеттілік ретінде еңбекке деген саналы көзқарасты қалыптастыру, мамандықты дұрыс тандауға даярлық жасау. Бірақ, ең бастысы еңбек тәрбиесі процесінде мәні-сен жасаған затта өзіндік қолтаңбаның болу қажеттігін қалыптастыру, адамдарды, заттарды, дүниені өзгертуші ретінде еңбектің жасампаздық құдіретін бағалау екенін атап айтқан жөн.
Соңғы жылдары түрлі әлеуметгік жағдайларға байланысты оқушылардың бойында жас кезінен еңбек етуге деген ынталылық азайды. Үлкендердің ойланбай және жауапсыз қарауы салдарынан көп жағдайда жастар масыл, жалқау және өмірге икемсіз болуда. Өкінішке қарай, еңбек тәрбиесі жайында көп айтқанымызбен, әдетте мектепте оқушыларды еңбекке, әсіресе өнімді еңбек етуге тартуға қажетті жағдай жасалмаған.
Еңбек тәрбиесін еңбек дағдыларын меңгертуге немесе еңбекті сүйе білу керек деген әңгіме маңына ғана жинақтауға болмайды. Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарытқанда, оның экономикалық нәтижесіне мән беруге ой жүгірткізіп үйретудің қажеттін ғалымдар дәледдеп берді. Еңбек пайдасыз, нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жеккөрушілік сезім туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты дұрыс ұйымдастырылған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам организмінің күнделікті дағдысына айналуы керек, яғни адам еңбексіз тұра алмайтын мәңгілік рухани қажеттілікке айналғанда ғана еңбектен ләззат алатын болады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нөтижесі оның мамандық тандау даярлығына жеткілікті немесе жеткіліксіз дәрежеде әсер ететін болады.
Өндірістік бәсекелестік және нарықтық қарым-қатынас, жұмыссыздық кезінде жастардың еңбек ету саласында өзінің құқығын қорғау үшін күреске даяр болу жағдайларында оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа үлгісін жасау мәселесі алға қойылып отыр.
Еңбек тәрбиесінің жолында — оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты барлық құрьшымына оқушыларды қатыстыру көзделеді.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттық құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлаумен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Жоғарыда айтылған міндетгерді іске асыру еңбекке үйретудің құралдарымен, оқушыларды еңбектің түрлерімен және оны ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру ісін оның бүгінгі жаңаша түрлерімен байланыстыра отырып, экономиканың жеке меншік түріне негізделген банкирлер, брокерлер, менеджерлер, коммерсанттар т.б. мамандықтар даярлауға бейімдеу керек.
Окушылардың саяси мәдениеттілігін қалыптастыруды тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет.
Бүкіл тәрбие жүйесінің бағыттылығы ретінде (ғылыми көзқарас, саяси саналылық, ізгілік, елжандылық, жоғары азаматтылық, ұлттық, халықтық тұтастық, әлеуметтік белсенділік) саяси тәрбиенің міндетгерінде жан-жақты түрде қарастырылады.
Бүгінгі таңда жастардың саяси тәрбиесі жаңаша қарастырылуда. Атап айтқанда, қазіргі мектеп жағдайында оқушылардың қоғамдық-саяси идеялар дүниесінен өзін таба білуіне көмек көрсету қажет. Педагогтардың жұмысы бүрынғыша оқушыларды нақты идеяларға сендіртумен тамамдалмай, керісінше, олардың саяси мәселелерге жан-жақты араласуы мектепте ғана емес, одан тыс жердегі қоршаған шындықты жете түсінуі үшін оларды алуан түрлі қызметке қатыстыру үрдісінде қоғамдық идеяларды игеруде сындарлы сөйлеуге үйретіп, өзіндік пікір білдіруіне құрылуы керек.
Басқа міндеттер арасында тұлғаның жан-жақты дамуының өзіндік сыңары ретінде құқықтық тәрбие де белгілі роль атқарады. Ол кез келген адамның, әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін және мінез-құлқын қалыптастырудың қайнар көзі болумен бірге, саяси тәрбиемен тығыз байланыста қызмет етеді. Бұл міндетті шешуде педагоггардың басты назары оқушылардың құқықты сақтауына және оны бұзушылық проблемасының туу себептерін күнделікті өмірден, қоғамдық қарым-қатынастан қарастырып, оқушьшардың назарын заңға бағынушылық пен құқық қорғаушылық мәселелеріне баса аудару көзделеді.
Осы уақытқа дейін ең алдымен оқушылардың бойында өздерінін, қылықтарына жауаптылықты қалыптастырумен байланыс-тырылатын құқықты қорғау мәселесі өткір проблема ретінде қойылып келді. Қазіргі қатаң нарықтық экономика жағдайында адамгершілік нышандардың тапшы болуы оқушылардың бойында жеке жауаптылықты тәрбиелеуді қоғамдық-әлеуметтік істермен байланыстыра қарастыруды керек етіп отыр. Олай болатын себебі,
адамгершілікті категория ретінде қарастырып талдау,әлеумет-тік теңсіздікті құқық қорғау ісімен байланыстыра қарастыруға үйрету, сөйтіп келешек қоғам мүшесінің өз құқығын өзі қорғауға дайын болуын қамтамасыз ету көзделеді. Бұл тұлғаның ішкі психологиялық жолының өмірлік мәнін құрайды. Тұлғаның қоғамдағы өмір сүру құқығын қорғай алатын көптеген жағдайда тұлға сөнеді,құндылық бағдардан айырылады, олай болса көркем-
эстетикалық, экологиялық, экономикалық, саяси-құқықтық, еңбек, азаматтық, сол секілді рухани-адамгершілік қарым-қатынастарда тұрақсыздық пайда болады.
Жетістіктеріне табан тіреген сенімін шындау — білім берудің маңызды мақсаты. Сөйтіп, демократиялық қоғамда дүниетанымды қалыптастыру мұраты өрі ерікті, әрі ой елегінен өтіп, толық негізделген дүниетанымдық бағдарды таңдауды көздейді — делінген.
Сонымен бірге тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қайта ойластыруда экономикалық білім мен тәрбие беру ісі жаңаша тұжырымдалады. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік саясаттың мақсаты оқушыларға орта мектепті бітіру кезінде олардың бойында үнемі өзгеріп отыратын экономикалық мәселелер бойынша нақты және объективті пікірлерді дарытуға көмек беру болып табылады.
Халықтың көпшілік бөлігі экономикалық қоғам құрылысының ауысуына даярланбаған кезде жас ұрпақтың экономикалық тәрбиесіне қойылатын талаптар белсенділігі ерекше арта түседі.
Қоғамда барлық жағдайда адамдардың экономикалық дүниеге және оның зандарына барынша байланысты болмайтын өмірдің ешбір саласы жоқ. Өйткені бүгінгі күні экономикалық білім әмбебап сипатқа ие болуда, сондықтан да нарықтық экономиканың негіздерін игеру үшін оқушыларға көмек ұйымдастыру, оқушылардың қоғамды нарықтық қарым-қатынастар жағдайында жаңаша бағалауымен, өз өмірін уақыттың жаңа жағдайларына ыңғайластырумен байланысты олардың алдында қоғамды қайта қүра білудің қажеттігін нақты түсіне білу міндеті түр. Сондықтан қазіргі кезде экономикалық тәрбиеге қойылатын талаптарды ескере отырып, педагогтар оқушылардың бойында “экономикалық тәжірибе” дегенді қалыптастыруға ұмтылуы керек.
Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім, білік, дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім және тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың практикалық нәтижесі, олардың рухани-экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |