Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы



бет4/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы

2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы


Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін игеру. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін көп бұрын басталады. Алайда ол мектепте ғана орындалуы үнемі де бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да кең жүйесіне кездеседі. Бастауыш мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы ретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарды үзілісте жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда жиі не көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Жеті-сегіз жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсіндіреді және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақ мұғалім және басқа үлкендер бұл даярлықты дер кезін пайдаланбайды. Балаға талап қоя отырып, кейде оны ұзақ «миына құя» отырып, тәрбиешілер өздерінің тапсырмаларының шын мәнінде орындалумен барлық уақытта бірдей жүйелі түрде және қатал тексеріп отырмайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесс үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуыныа ең қауіпті жауы — мінез-құлық нормалары мен еріжелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.
Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерің шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен педагогтың олардың әрі орындалуын тексерудің жақсы жетілгсн әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережслерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес мәнде және тиісті шаралар қолдану — кіші мектеп окушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары, Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттері жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара және мұғаліммен арақатынасы. Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң бірінші класс оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршлерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір кластас балаларымен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезендерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде — әдепсіздік). Бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шың мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.
Бастауыш мектеп окушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кезйейсоқ мүдделер ортақтақығына (балалар бір партада отырады бір үйде тұрады, шытырман оқиғалы әдебиеттерге қызығады және т.б.) негізделеді. Бастауыш мектеп оқушысының әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине тоғыз-он жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы, оларды мұғлімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен әр түрлі: кездейсоқ та карапайымнан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қаракетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларын мұнымен ашық бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқуы мұғалімге айтады (ренжіткен адам мұны кебіне тиісті деп қабылдайды), өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.
Білім — бүгінгі өмірдің ең үздіксіз дамымалы сатысының бірі. Ол мәдениетті сақтаудың және оны келешек ұрпаққа жеткізу-дің басты құралы болып табылады. Білім қоғам дамуының интеллектуалдық қана емес, сонымен қатар экономикалық базасын жасайтын өндірістік рухани маңызды саласы. Адам білім арқылы ғана жеке басының қажеттігі мен өзіндік дамуын қанағат-тандыра алады. Ол жаңа әлеуметгік-экономикалық өрлеу дәуірінде әлеуметтік қарқынды дамудың қайнар болып саналады. “Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту” тұжырымдамасының жаңа жобасыңда айтылғандай: “Жалпы білім жүйесіне тән ерекшелік бір жағынан оның салаларының өзара байланыстылығы, екінің жағынан білімнің ұлттық жүйесінің тәуелсіздігі болып табылады. Олар бір-бірімен білім кеңістігінде диалектикалық тұтастықта бірге өмір сүреді”! (“Казахстанская правда” 13 маусым 1997 жыл). Бұл біздің республикадағы білімнің жағдайына берілген анықтама. Сондай-ақ жалпы білім жүйесіндегі өзгерістердің жасөспірімнің тәрбиесіне де, оқуына да ықпал етері сөзсіз. Осы арада “Адам және оның адамгершілік құндылығы қандай болады?” деген сұрақ күн төртібіне қойылады. “Жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе —білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықты қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру идеясын біріктіруіміз керек” (“Қазақстан мұғалімі”, 30 маусым 1997 жыл). Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-адамгершілік өзгерістер біздің қоғам өміріндегі білімнің барлық жүйесін өзгертуге әкеліп отыр. Осыған байланысты бүгінде мектептердегі тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика, физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана, оқытудың және тәрбие ісінің жаңа технологиясы талаптарына сай етіп, қайта ойластырудың қажетгігі туындауда.
Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Көптеген жылдар тәірбиеге “тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән әлеуметгік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші роль атқарады. Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік орта жағдайларында болады. Адам биологиялық жан иесі ретінде дүниеге келеді де, ол өзекті даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (шынайы өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыпасады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбие — қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие жалпы адамзатгық мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан, культурологиялық тұрғыдан оқып, үйренуге де тура келеді. Олай болса, бүл үрдіс балаға ғасырлар бойы қалыптасқан мөдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы мәдениетке енуіне көмек береді деп түсінуіміз керек. Баланың оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуға тиіс. Нәтижесінде, тәрбие ісі жалпы адамзатгық гуманистік бағытта жүргізіліп, жеке бастың бостандығын, ар-ожданын қорғауға бағытталуы керек.
Тұлға жоғары дәрежеде кіріккен (интеграцияланған), үнемі өсу процесінде болатын әлеуметгік жүйе. Оның бойында өзін-өзі дамытуға деген мүмкіндік және білімге деген сарқылмас құмарлық ынтасы мол. Алайда, оқушыға оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі емес, объектісі деп қараудың нәтижесінде педагогикалық практика осы уақытқа дейін орташа оқитын оқушыға бағдар ұстап келді. Бұл жағдай әрбір оқушының бойындағы алуан түрлі мүмкіндіктер мен дербес қабілетгерді жоюға өкеліп соқтырды, нәтижесінде оның өз дәрежесінде дамуына бөгет болды.
“Тұлғаның қалыптасуы” ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінез-құлқын жөнге сала білуі, сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны тандаТұлғаның “қалыптасу” кезіндегі өзгеріске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметгік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістер жас ерекшеліктеріне тығыз байланыста пайда болады. Қазақстан Республикасының өркениетті демократиялық реформаларға көшуіне байланысты оның ұлттық ерекшеліктерін, құқығы мен бостандығын тани отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндетіне жаңаша қарауға тура келеді.
Тәрбиенің жоғарыда аталған мақсатын жүзеге асыру тұлғаның қажетілігі мен қабілетін, өзіндік тәрбиесін, өзін-өзі дамытуын, өздігінен жетілуін мақсаттылықпен іске асыруға ықпал етуді талап етеді. “Мақсаттылық” бұл іс-әрекеттің белгілі бір бағыттылығын, нәтижені көздеуді көреетеді. Ал “ықпал” деген сөздің астарында педагогикалық ықпалдың сан алуан түрлері мен тәсілдері жатыр. “Дамыту” деген сөз тіркесінің анықтамасы психодогиялық бағдарды білдіреді, яғни ол өзінің бағытталған ішкі ой-өрісі бар үрдісіне ықпал етуші, тәрбиеге өзінің көзқарасын ашып көрсетуші болып саналады. “Өздігінен дамудағы қажеттілік” дегеніміз — өзін дамытуға қажетті ынталылық, қызығушылық. “Дамуға қабілеттілік” дегенді біліктілік, өздігінен даму құралдарын игере білу деп түсінген жөн. “Өздігінен даму” терминін өзінің қатысуымен жеке тұлғаның рухани баюы, үйлесімділігінің дамуы деп түсінеміз.
Осы айтылғандар бойынша тәрбиенің негізі кіріккен (интегративті), үстемелі және әлеуметгік жүйе ретінде қалыптасып келе жатқан жеке тұлға деген қорытынды жасауға тура келеді.
Әдетте мәдениет дегенді біз тарихи даму барысында адамзат жасаған материаддық және рухани игіліктердің жиынтығы деп түсінеміз. Алайда, мұндай анықтама беру бір жақты болар еді, өйткені мәдениет туралы айтқанда оған қатып-семіп қалған және аяқталған, қандай болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Сонымен бірге, адамдардың қолымен жасалып жатқан жаңа құндылықтар, ол — адамдардың құндылықтармен өзара байланысы, олардың оны игеру процесі кезіндегі мәдениетгің аса маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы факторларды ескере отырып, мәдениетке жаңаша анықтама беруге тура келеді, яғни
мәдениет дегеніміз адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Сөйтіп, мәдениеттің мәні аламның өзіндік еңбегіне байланысты туындайтын өнім деуге болады. “Адамды адам еткен — еңбек” деген қағида осыдан шығады. Мәдениетте пайда болатын әлеуметтік идея жеке тұлғаның бойына адамды әлеуметтендіру үрдісі барысында енеді, яғни жеке адамға жалпы адамзаттық мәдениеттің жиынтығын бүгінгі нарықтық экономика-ның талаптарына негіздей отырып меңгерту көзделеді. Осыған байланысты педагогтың кәсіптік бағыты күшейеді, яғни жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке кіруіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесін-де әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көз-деледі. Олай болса, жан-жақты дамыған тұлғаның осы заманғы тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүниежүзілік қоры алынуы керек. Атап айтқанда, ол оның барлық түрін: ақыл-ой мәдениетін, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениетін, адамгершілік мәдениетін, саяси және құқықтық мәдениетін, эстетикалық және денесінің дамуы мәдениетін, экологиялық және экономикалық мәдениетін қамтиды. Мәдениеттің осы түрлерінің бәрі олардың өзара әрекеті арқылы адамның дүниені, табиғатты, қоғамды, техниканы, өнерді біріктіре қабылдауының, оның тұтас ғылыми көзқарасын қалыптастырудың негізі болып саналады. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, мынадай қорытынды жасауға тура келеді: ғылыми көзқарас дегеніміз ғылыми негізделген сенімнің, көзқарастың, адамның табиғатпсн, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінез-құлқын, эмоциялық сезімін, танымдық қызметін айқындайтын кешен. Көзқарастың осы сипаттамасының мәнін ашу, тәрбиешінің жалпы мәдениетті жүйеге келтірушілік, кіріктірушілік рөлін түсінуі, сөйтіп өзінің бойында жалпы әлемдік мәдениеттің барлық түрін жинап, алдын ала кіріктіре пайдалануын ұсынады. Кіріктірілген көзқарас осы заманғы оқушының тұтас тұлғасын қалыптастыру мақсатында тәрбиелік Қызметтің негізгі компоненттерінің арақатынасын күшейтуге және оны жүзеге асыруға мұғалімді бағыттайтын методологиялық ұстаным ретінде қарастырылады. Ақыл-ой (интеллектуалды) мәдениеті-тәрбиенің аса маңызды қүрамдарының бірі. Адамның ақыл- ақыл-ойының дамуы оның интеллектілік, ойлай білу қабілетінің,
білімдік-танымдық қызметінің дамуымен сипатталады. Ол ақыл-ойдың икемділігін және жүйелілігін; меңгерген, өндірістің өзгеруіне және еңбек процесінің жаңаруына психологиялық жағынан дайын, өндірістің жаңа сипаттағы бейнесіне ыңғайлана өз білімін үнемі толықтырып, өзгертіп, жаңартып отыратын адам болуы керек. Шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логика-лық дұрыс қорытынды жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресс кезінде, өндіріс процесінде дұрыс шешім қабыддау үшін, әрбір адамның ақыл-ой қабілетін дамытумен тығыз байланыста қарастыру үшін қажет болып отыр.
Бүгінгі педагогика ғылымының даму жағдайы, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, ақыл-ой тәрбиесі айтарлықтай нақтылауды қажет ететін болды. Ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Бүгінгі таңда оқушылардың тек фактілердің жиынтығын игерумен шектелуіне болмайды.
Әр оқушының білімді өз бетінше ізденіп, толықтыруын ғылыми және техникалық ақпараттардың екпінді тасқынына бағдар ұстай білу дағдыларын дарыту қажет. Бұлай ету ақыл-ой тәрбиесі үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін керек болып отыр. Олай болса, ғалымдардың ондаған жылдар бойы айтып келген “балаларды оқыту керек” дейтін теориясы аздық етеді. Оқушыны білімді өз бетімен ізденіп ала білуге, оқу барысында өзінің бойындағы теориялық және практикалық білімді игеруге деген даярлығын өздігінен дамытуға, өздігінен білім алуға, өздігінен жетілуге даярлықты қалыптастыру үшін оқу үрдісіне бейімдей жүргізу керек.
Осы арада ақыл-ой тәрбиесінің ерекшелігі неде? — деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Көптеген ғалымдар мұны осы заманда ақпараттық алмасу үрдісінің қарқындылығымен сипатталады деген тұжырыммен түсіндірмек болады. Ақпараттандыру да оның дәстүрлік, материалдық немесе энергетикалық қоры сияқты қоғамның стратегиялық қорына жатады. Осыған байланысты білімнің түрлі үлгісінің әлеуметтік және жеке бастық маңызының артықшылығын алға қойғанда, ақпараттың әлеуметтік рөлінің өзгергенін байқаймыз.
Акпараттандыру — бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақылгөй, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективті үрдіс. Осыған орай білімді ақпараттандыру бүгінде оқушылардың жан-жақты дамуының басты шарты болып табьшады. Ендеше, бүгінгі танда білімді акпараттандыру нарықтық қарым-қатынас жағдайында адамды өмірге жан-жақты даярлауды талап етеді. Мұның бәрі нәтиже ғана емес, сонымен бірге тұлғаның ақыл-ойы жағынан шығармашылықпен дамуына жағдай жасау; тәрбиеленушілердің жеке бас қабілеттері мен қасиеттерін ашу; жаратылыстанудың, техниканың, гуманитарлық ғылымдар мен өнердің өзара байланыс кешендерін оқып үйренуді қамтамамыз ету болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесінін, міндеттеріне мыналар енеді: әрбір тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін, ойлау қызметінің дағдыларын және жеке бастық шығармашылық қабілеттерін дамыту; осы заманғы ғылыми білімдермен өзін байыту; дүниежүзілік өркениет құндылықтарымен қаруландыру, компьютерлік сауаттылықты игеру үрдістерінде жеке басының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; баланың өмірде бағыт-бағдарын айқындап, жұмыстың өзіне лайықты түрін таба білу үшін өзінің тандауы бойынша құмартқан білімді меңгеруіне ерекше назар аудару.
Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайына,төзімділігіне, жүйке жүйесінің мықтылығына қарай айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене
күшінің мығымдылығы оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі. Міне,осыдан келіп, осы заманғы мектептің жағдайында дене тәрбиесінің міндетіне мыналар енеді: денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс дамуына және организмнің жұмыс істеу қабілетін арттыруга көмектесу;қимылдық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және
жетілдіру, қимылдың жаңа түрлерін үйрену және оның біліммен байланыстарын хабарлап отыру; оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отанды қорғауға даярлығын қамтамасыз ету; оқушылардың бойында санитарлық-гигиеналық дағдыларды, еңбекті және демалысты, ой еңбегі сабақтарын дене шынықтыру жаттығуларымен және алуан түрлі практикалық қызметпен дұрыс алмастыра білуді қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет