Қорытынды
«Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру» атты дипломдық жұмысымдағы негізігі қарастырған мәселелерімнің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі екенін сезіндім. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана – сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.
Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы №216 Жарлығымен мақұлданған), орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.
Осы тұжырымдамадағы патриотизмді дамытудың шаралары:
патриоттық бағдардағы саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;
қарастырылған.
Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтің әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.
Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есйеді, тәжірибе жинақтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы патриотизм, Отанды сүю пәнінен дәріс беретін тағылымы мол оқулық десе де, әркімнің күнделікті серігі болатын, жаны сергек жастарды уақыттың алдыңғы шебінде жүруге дайындайтын, еліңе деген махаббат арқылы ұлы болашағыңызға деген сеніміңізді жанып, ширататын, нақты - әрекеттеріңізге күш – қуат қосатын аса бағалы туынды.
Патриотизм дегеніміз – ол сіз бен біздің Отанға деген қарым – қатынасымыз. Мен, әрине, кеңестік отансүйгіштік негізде тәрбиелендім, октябрят, пионер, комсомол ұйымдарында мүше болдым, әкем Ұлы Отан соғысының ардагері болғандықтан, отансүйгіштіктің Отан соғысы кезінде шынайы көрініс тапқанын білемін.
Бертін келе, Желтоқсан оқиғасы кезінде ешнәрседен тайынбаған қаншама қазақтың қыздары мен жігіттері болғанын, ақ қарда бұрымдары шашылып, қандары төгілген қазақтың ару қыздарының қайсарлығын өз көзімен көрдім. Ендігі мақсат: осы өмірден көрген – білгендерімді, университетте алған білімдерінді өскелең ұрпақтың ойында патриотизмді дамытуға жұмсаймын. Өз елін сүйетін, өз Отанын қастерлейтін, өз қалқын мақтан ететін, Қазақстандық жастарды елшіл отаншыл, мемлекетшіл қасиеттерге баулып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жүйренуге үйретемін. Әрбір Қазақстан азаматын «Бұл менің Отаным» деген мақтанышты сезімге тәрбиелеуге тағылымды үлес қосамын және де қиындығы мен қызығы да бар бұл іске бүкіл қазақстандықтарды шақырамын. Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.
«Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, қоғамды алға сүйрейтін тәрбиелі де білімді азаматтарды қалыптастыру барша қоғамның ісі.
Достарыңызбен бөлісу: |