Төртінші сынып.
Отан сүйер ұлан бол!
Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыз - Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Мәметовалардың өмірімен және ерліктерімен таныстыру. 2. Тәрбиелік: жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру; бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға ұрпақтар өсиетіне адал болуға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: 1. ана тілі; 2. қазақ тілі; 3. ән-күй.
Көрнекілік: Бауыржан Момышұлы, Ілия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың суреттері, тірек – схема, магнитафон, компьютер, интерактивтік тақта диск.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі; 2. Сабақтың эпиграфы:
«Мен үш нәрседен қорқамын:
Біріншісі – баласына бесік жырын айта алмайтын анадан;
Екіншісі – бір – бірімен қазақша сөйлесе алмайтын қазақтан,
Үшіншісі – немересіне ертегі айтпайтын әжеден». (Б. Момышұлы).
Музыка ойнап тұрады. «Священная война». 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 – те фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндерінен – ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанады. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Шыңғыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те болды.
Бүгін біз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды халық батырларымен танысамыз. Ол үшін топтастыру әдісі бойынша сыныпты үш топқа бөлеміз.
Отан
Жеңіс
Батыр
Оқушылар өз қалауы бойынша үш топқа бөлінеді.
Мұғалім (ой салу стратегиясы)
Балалар, мына әріпке көңіл бөліңіздерші, естеріңізге кімдер түседі? Әрине, Б. Момышұлы, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова.
Мәтінмен жұмыс. Әр мәтінмен жұмыс істеудің алгоритмі: 1. топтан 1 оқушы мәтіннің мазмұнын дауыстап оқиды. 2. Топ оқушылары: Тыңдаған мәтін бойынша сұрақ құрастырып, сыныпты таныстырады. 3. Топ: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қорытынды. Осылайша басқа мәтіндер талдауда топтар реті өзгертіліп отырады.
Шығыстың қос жұлдызы. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам маңғалатындай ұқсастықтар көп екен. Атап айтсақ, екуі де анадан жетім қалған. Екеуі де соғысқа сұранып барған. Екеуі де батыр. Қазақстан жауынгер батыр қызы Ә.Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Ата – анасынан ерте айырылып, Әлия туысқандарымен Ленинград қаласына көшіп келеді. Осындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. 1914 жылы Әлия 15 жаста еді. 1942 жылы ол өз еркімен снайкер мектебіне оқуға түсіп, оны өте жақсы бітіріп шықты, сосын Әлия майданға кетті. Новосокольски қаласының түбіндегі болған шайқаста 1944 жылы 14 қаңтарда қаза тапқан халқының батыр қызы Әлияның есімін білмейтін адам жоқ.
Мәтін бойынша тапсырма. 1. Сан есімдерді тауып, олардың түрлерін ажырат. 2. Әлия мен Мәншүктің ұқсастықтарын айт.
«Батыр қыз» туралы Е. Естаевтың әңгімесі айтылды.
Мәтін бойынша тапсырма.
Жау қайдан шабуылға шықты?
Мәншүк жау әскерлеріне қарсы қандай батырлық істеді?
Мәншүктің батырлығы қалай бағаланды?
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балғындардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммен.
Қырық жыл қырығында тірі қалғандардың, бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін үлкен де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.
Балаларыма, немере – шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!
Мәтін бойынша тапсырма. 1. Мәтінді оқу. 2. Мәтінге сұрақ қою 3. Мәтіндегі негізгі ойды табу.
Мысалы қойылған сұрақтар. Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан? Жауап: Балалардың, бүлдіршін, балғындардың бақытты болашағы үшін. Ол қандай адам болған? Жауап: Ол әскери адам болған. Балаларына, немере – шөберелеріне қандай тілек айтқан? Жауап: Отанды сүйер ұлан болыңдар!
Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Ой қорыту. Б. Момышұлы: «Отан сүйер ұлан болыңдар!», - деп болашақ ұрпаққа өсиет қалдырды. - Балалар, ой – қозғау стратегиясы бойынша Б. Момышұлы туралы не білесіңдер, есімізге түсірейік. (Оқушылар білетіндерін айтады).
Дамыту технологиясы бойынша оқушыларға Б. Момышұлы туралы қосымша материалдарды кластер арқылы түсіндіремін. Бұл жердегі мақсат: Бауыржан атамызды оқушыларға батырлығымен қатар, оның екі жыл соғыстан кейін академияда сабақ берген педагог екенін таныстыру, қаруын қаламға айырбастап, жазушы болғанын айту және оның шығармаларымен таныстыру.
«Артымызда Москва» Б. Момышұлы, «Ақиқат пен аңыз» Ә.Нұршайықов, «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы. Ал, егер батыр, жазушы, педагог – Б. Момышұлының өмірімен танысқыларың келсе, оның келіні зейнеп болады. Оның аудармасы да бар. (Бұл – оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырады).
- Құрметті оқушылар, аты аңызға айналған батырымыздың көптеген сөздері нақыл сөз, мақал – мәтелдерге айналып, халық аузында жатталып қалған.
Соның бірі: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Осы мақалға оқушылар морфологиялық талдау жасайды. Сөз таптарын есімізге ала отырып, сан есімге тоқтаймыз.
Сабағымызды қорытындылау үшін Венн диаграммасын және үш жақты күнделікті пайдаланамыз. Оны қосымшадан көруге болады.
Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мазмұндау. Сан есім. 2. Отан туралы эссе жазу. 3. Басқа мемлекеттегі достарыңа біздің батырлар туралы хат жазыңдар.
Қазақ тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу маңызды.
Жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады.
Халқымыз ерлікті құрметтеп, батырлар есімімен мектептер, көшелер, елді – мекендерді айтарын беруде. Біздер, батырлардың бүгінгі ұрпақтары бақытты өмір сүрудеміз. Аға ұрпақтың ерліктерін дәріптейтін өлеңдерді айтумен сабақ аяқталады.
Әл –Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсерлі жөнінде, - «музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Ал ұлы ойшыл Платон «Музыка – адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс – тіршіліктің қандай да болсын мұң – заласын ұмыттыратын сыйқырлы күш», - деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс – салт жырлары, лирикалық әңдер т.б. Міне, осы фольклорымызбен - ақ ұлттық болмысымызды, патриоттық сезімді қалыптастыратын тәлім – тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық.
Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. 1994 жылы А. Райымбергенов және С. Райымбергеновалардың бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаның ерекшелігі – балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А. Мұқамбетова - «баланың генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады. Бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі», - деп айтқандай, халқымыздың, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктері ескере отырып жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған. 1995 жылы М. Х. Балтабаев, Д. А. Берденова, У. Ж. Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім – ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалған. Бастауыш мектептерге арналған Ш. Құлманова, М. Оразәлиева, Б. Сүлейменовалардың музыка сабағының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдала отырып, балаларға ұлттық тәлім- тәрбие беру негізінге құрылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін, өнерін қадырлейтін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын елжанды тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған. Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманның теориялық практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдар мен музыкалық материалдардың қорына байланысты.
Отансүйгіштік тәрбие көзін ұлттық фольклорымызда жатқаны белгілі нәрсе. Фольклорымыздан нәр алып өскен бала еліміздің елдігіне, егемендігіне еңбек етіп, өркендеуіне үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Міне, осы бағытта атқарылған шараларды іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің қосатын өзіндік үлесі бар.
Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында «Қобызға арналған күйлер» атты тақырып төрт сағатқа есептелген. Алғашқы екі сағаты «Қорқыт – күй атасы» деген тақырыпта бұл тақырыпта Қорқыт «Әуіппай», К. Дүйсекеев «Ана» әндерін тыңдау мен үйрену де материалдары қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |