Бастауыш сыныпқа арналған орфографиялық тәртіп. Мазмұны


Бағалар Жіберілетін қателер мөлшері



бет5/5
Дата08.11.2023
өлшемі25.64 Kb.
#482707
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

Бағалар

Жіберілетін қателер мөлшері

«5»

Жұмыс қатесіз орындалған. Оқушы алған білімін өз бетімен іс жүзінде саналы қолдана алады.

«4»

Жұмыстың 3/4 бөлігі дұрыс орындалған. Білімді меңгерген, іс жүзінде қолдана алған.

«3»

Жұмыстың жартысы дұрыс орындалған. Берілген білімнің жартысын меңгерген, ісжүзінде қолданған.

«2»

Оқушы оқу материалын меңгермеген, тапсырманың жартысынан көбін орындамаған.

«1»

Оқушы тапсырманы мүлдем орындамаған.

Қатемен жұмысқа арналған жаттығулар
Сауаттылыққа жетудің басты жолдарының бірі қатемен жұмысты, қатені болдырмауға арналған жаттығуларды әр сабақ сайын жүйелі жүргізу болып табылады. Жаттығулардың мазмуны да, түрі де әр түрлі болып келеді. Жазба жұмыс пен ауызша жұмысты біріктіре жүргізген тиімді.
Ауызша жаттығулардың мақсаты - оқушыларды дұрыс, әдеби тіл нормасында сөйлей білуге дағдыландыру. Жазбаша жаттығулардың мақсаты -оқушылардың әлі таныс емес, бірақ сөйлеу тілдерінде жиі қолданатын, сол сияқты жазуға берілген жаттығуларда кездесіп отыратын ережелерге байланысты сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.
Осыған орай төмендегі жұмыстарды жүргізуге болады:

  1. Балаларға суреттегі заттың атауын дұрыс айтқызуға және жазғызу (суреттерді таңдағанда оқушылардың айтқанда, жазғанда дұрыс қолданбайтын сөздер атауларына сәйкестендірген жөн).

  2. Мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар ауызша (кей жағдайда жазбаша) жауап береді. Сұрақтардың жауабы айтылуы мен жазылуында көбірек мән беруге тиісті сөздер болатындай таңдалу қажет. Мысалы: Орман әншісі қай қүс? (Бұлбүл). Қысты апанында ұйықтап өткізетін қай аң? (Аю) т.б.

  3. Сынып тақтасында сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздердегі айтылуы мен жазылуы екі басқа сөздерді теріп жазады. Мысалы: қоян, ою, бүгін, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет