2.3. Туынды түбірдің құрылымы
Туынды түбірлерге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық түбір арқылы жасалған сөздер жатады. Туынды түбір екі морфемадан тұрады. Олар негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Олар тілдің сөз байлығын арттыратын кең арна. Негізгі түбірлерге жаңадан лексикалық мағына беретін сөз тудырушы жұрнақтар қосылып туынды түбір тұлғалар жасалады.
Туынды түбірлердің құрылымы жалпы сөздің құрылымынан сэл өзгешелеу болып келеді. Мұнда жаңадан сөз тудырушы жұрнақтар кейде сөздің қосымша морфемасының тобына негізгі морфемалар қатарына ауысады. Мысалы, агынды деген туынды түбірді морфемалық тұлғасына қарай бөлшектеп керейік, ағ-ын-ды. Бұл, сөздің негізгі түбірі -ақ. Ал, -ын етістіктен зат есімтудырушы жұрнақ болады. Бірақ бұл туынды түбір сөздің негізгі морфемасы ағын, ал -ды қосымша морфема болады. Бұл сөзде -ын қосымша морфемасы негізгі морфеманың қатарына ауысып отыр. Яғни ағын - негізгі морфема (негіз сөз) -ды сөзжасамдық жұрнақ. Сөйтіп негізгі морфема мен қосымша морфемалардың ара жігі әуелгідей емес, жаңаша із табады.
"Туынды негіз" деген терминді алғаш рет профессор Қ.Жұбанов өзінің "Қазақ тілі грамматикасы" атты еңбегінде қолданған. Ал кейінгі еңбектерде "туынды түбір" боп айтылып келеді. Атап айтқанда Ысқақовтың зерттеулерінде солайша алынып жүр. Ол сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады деген анықтама беріп, оларды түбір морфема мен қосымша морфема деп екі салаға бөлген.
Ал, біз Қ.Жұбановтың ізімен туынды негіз деп атауды жөн көрдік. (Жұбанов, 1966, 152-6.). Туынды негіздер түр-тұрпатына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң туынды негіздерге әр түрлі жаңадан сөз тудырушы сөзжасам аффикстерін қосып айту арқылы жасалған туынды сөздер жатады да, күрделі туынды негіздер қатарына біріккен сөздер мен қос сөздер, құранды сөздер жатады. Туынды негіздер бір жұрнақтардан бастап бес-алты жұрнақты болып кете береді. А.Ысқақовтың "түбір морфемалар" мен "қосымша морфемалар" деген атауын біз басқаша атауды жөн көрдік. Бірінші "түбір морфема" дегенді "негіз морфема", екінші "қосымша морфема" дегенді "қосылма морфема' деп атау жөн сияқты. Себебі "түбір морфема" деген термин түбір негіздер мен туынды негіздерді түгел қамти алмайды, ал "негіз морфема" десе, онда түгел қамтылады. Ал, "қосылма морфема" десек, қосымшаны да, қосалқыны да білдіреді. Сол себепті "қосылма морфеманы" екіге бөліп қарастырамыз.(Ибатов, 1983,30). Туынды негіздер (туынды түбірлер) құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. Туынды негіздер негіз түбірлерге әр алуан сөз тудырушы аффикстер қосып айту арқылы жасалатын болғандықтан, сол аффикстердің түбірге бір рет немесе үстемелеп бірнеше рет қосылып айтылуына байланысты бір жұрнақтыдан бес-алты жүрақтыға дейін бола береді.
XIV ғасыр жазба ескерткіштер тілінде бір ғана жұрнақ арқылы жасалған бір жұрнақты туынды негіздер саны екі, үш, төрт жұрнақты туынды негіздер санына - қарағанда өте көп. Өйткені бір жұрнақты туынды негіздер басқа көп жұрнакты туынды негіздердің алғашқы негізі болып келеді.
Негізгі қарастыратын жұмысымыз туынды түбір сын есімдердің морфологиялық құрылымы болғандықтан, туынды түбір сын есімдердің құрылымын қарастырайық.
1. Бір жұрнақты туынды негіз сын есімдер Туынды негіз сын есімдердің құрамы әр түрлі болып келеді. Мысалы: ГС + СГ ар-лы, әл-ді СГ + СГ би-лі, үй-лі СГС + Г дін-и СГС + С суы-қ
Көркем әдебиетте кездесетін туынды түбір сын есімдердің көпшілігі бір жү-рнақты болып келеді. Мысалы, Суық күнімен безеріп жатқан даласы қандай мейірімсіз болса, мұндағы өмір де сондай ұқсас, жат көрінді. (Ғ.Мүс). Асқар ызалы күлкімен тағы да мырс ете түсті. (С.М.). Сынық жүзді, күн қақты, жүдеу әйелдер шырқыраған баласына қарауға да мұршасы жоқ. (Ғ.Мүс.)
Бас дыбысты туынды негіз сын есімдер:
СГ + СГС су-сыз, ру-шыл СГС + ГС бұз-ық, бүк-ір СГСГ + С жүде-у, жара-у ГССГ + С ақса-қ СГСГ + С шира-қ
Алты дыбысты туынды негіз сын есімдер: СГС + СГС заң-шыл ГСГС + СГ ағаш-ты, алым-ды, ұғым-ды ГССГС + С әскер-и СГСГ + СГ кәде-лі, қару-лы
Көркем әдебиетте, Мысалы: Түсінікті де, ұғымды да сөз. (CM.). Үйден аулағырақ кәделі жерге барып отырғаннан кейін, Ержан Жанпейіске Асқардың мән-жайын жасырмай түгел айтты. - Ал қопардық;! - деп қарулы жігіттер сәкінің тақтайларының ірге жақ бұрыштарын мыжғылап жона бастады. (С.М.). Жеті дыбысты туынды негіз сын есімдер: ГССГ + СГС ақша-сыз, айла-кер СГССГ + СГ дағда-лы СГСГС + СГ дарын-ды, мүйіз-ді Сегіз дыбысты туынды негіз сын есімдер: ГСГСГС + СГ абырой-лы, әшекей-лі ГСГСГ + СГС айғақ-сыз, еңбек-шіл СГСГС + СГС қанат-сыз
Тоғыз дыбысты туынды негіз сын есімдер бір жұрнақты туынды негіздерге тағы да екінші рет сөз тудырушы жұрнақ қосылып айту арқылы жасалады. Екі жұрнақты туынды негіз сын есімдер тілімізде бір жұрнақтыға қарағанда сиректеу кездеседі. Сондай-ақ көпшілігі етістік негізді болып келеді.
Ал, есім негізді екі жұрнақты туынды негіз сын есімдер өте сирек. ГСГ + С /ГС+Г+С/ ас-а-у /ат/, ас-а-м /ет/
Есім негізді екі жұрнақты туынды сын есімдерге, мысалы, су-ат-ты, бау-ла-ғыш сияқты бірен-саран ғана сөздер табылады. Ал, етістік негізділерде туынды түбір сын есімдер көркем әдебиетте де өте көп. Мысалы, Шөптен төменірек ас-па-лы панар барлығы бақылады. (Ғ.Мүс). Серпінсіз ұрыс әлсіз болады. Шахтадағы жұмысшылардың басым көпшілігі білімсіз ауыл адамдары еді. (Ғ.Мүс). Осы мысалдар арқылы екі жұрнақты туынды негіз сын есімдердің көркем әдебиетте көптен кездесетініне көз жеткіздік.
Екі жұрнақты туынды негіз сын есімдердің құрылымы әр түрлі болып келеді. Олар көбінесе бес, алты, жеті дыбысты болып келеді. Мысалы, бес дыбысты туынды негіз сын есімдер:
СГС + СГ /С+ГС+СГ/ и-ін-ді
ГС + СГ + С ық-та-у
Алты дыбысты туынды негіз сын есімдер, мысалы:
ГС + СГ + ГС өз-ге-ше
ГС + ГС + СГ ағ-ын-ды
СГ + ГС + СГ су-ат-ты
Жеті дыбысты туынды негіз сын есімдер:
ГСГ + С + СГ ұна-м-ды
СГС + Г + СГ тіг-у-лі
СГСГ + С + СГ жара-м-ды
ГС + ГС + СГС ұғ/қ/-ым-сыз, өртіс-сіз
Көркем әдебиетте көп кездесетін етістік негізді туынды - түбір сын есімдерге, соның ішінде екі жұрнақты мына сөздер жатады: өріссіз, тұсаулы, өнімді, егісті, ұнамды, білімсіз, тігулі.
- Бұл заводтың ең сенімдісі кіресі өзгеден ерек жөнге қойылған өнімді кіре. (Ғ.Мүс).
Достарыңызбен бөлісу: |