І топ. Сын есімдерді мағыналық түрлеріне ажырату.
II топ. Мәтінге ат қою. Ертегіні ары қарай жалғастыру.
III топ. Сын есімдерге кешенді талдау жасау.
Ескі-сын есім.
-негізгі сын есім
-сапалық сын есім
-синтаксистік қызметі (анықтауыш).
Пайдалану. Бүгінгі өмірмен байланыс.
Жақсылық
Күнгей
Әділдік
Тіршілік
Көлеңке Зұлымдық.
Тіршілікте жақсылық пен жамандық атаулы қатар жүретіндігі, олар арқылы адамның қасиеттері көрінетіндігін әңгімелеуге ықпал етіледі. Ондай қасиеттердің бәріне «Қандай?» деген сұрақ қойылады.
«Менің досым кім?» «Оның қандай қасиеттері бар?»
(Оқушылар әдепті, салмақты, биязды, дөрекі, қатал т.б. сынды сөздерді қатыстыра шағын шығарма жазады.)
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма: сурет, үлестірме қағазбен жұмыс
Шығармашылық жұмыс.
Жақсы сөз – Жарық сәуле
Сыпайы адамнан тек жақсы сөз, жақсы іс қана шығып тұрады.
Инабатты
Қандай адам
Сыпайы
Әдепті, ақылды, инабатты сөзін қатыстыра сөйлем құрау.
Жинақтау.
Сын есімнің біздің өміріміздегі ролі.
-
Тіліміздің дәрежесін көтеру үшін.
-
Сөз байлығын, сөздегі қорымызды көбейтеді
-
Жақсы мен жаманды, дәмді мен дәмсізді білуге, талғамымыздың, жақсы қасиетіміздің қалыптасуына әсер етеді.
Сөзімізді сын есімнің мағыналық түріне қарай талдау жасаймыз.
Дәмді - қатыстық сын есім.
Жақсы - сапалық сын есім.
Қорытындылау: Мен бүгінгі сабақтан не алдым? (Оқушы пікірі тыңдалады)
-
Мен сын есімнің мағыналық түрлерін білдім.
-
Сапалық және қатыстық сын есімдердің жасалу жолын, айырмашылығы білдім.
Оқушыларға ой салатын, қозғау салатын тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
«Абайдың аңсағаны қандай азамат?»
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Сын есімдерді қатыстыра сөйлем құрау, талдау.
155-жаттығу.
Сын есім
Бұл тақырып оқушылардың сын есім туралы мағлұматын кеңейте түсуге арналған. Мұнда сын есімдер заттың түрін , түсін, көлемін, дәмін т.б. әр түрлі сапасын айқындайтынын түсіндіріп, оларды зат есімдермен дұрыс тіркестіре білуге үйрету басты мақсат етіп қойылады. 264-265- жаттығуларда «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы, деп, сын есімдерді оқушылардың өздеріне тапқызуға болады. Содан соң мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, ақ алма, қызыл алма дегенде ақ, қызыл сөздері алманың түсін білдірсе, тәтті алма дегенде, алманың дәмін білдіріп тұрғандығын түсіндіреді. Келесі жаттығудағы қызыл гүлдер, көк гүлдер дегендерді өзара салыстырып, қызыл, көк сөздері гүлдің қандай белгісін білдіріп тұрғанын оқушылардың өздеріне айтқызған жөн. 266,267-жаттығуларда берілген зат есімдердің алдына олардың сынын білдіретін сөздерді жазу талап етіледі. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар заттың әр түрлі сапасын білдіретін сөздердің, сын есім екенін, оларға қандай ? деген сұрақ қойылатынын ұғады.
268- жаттығудағы үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып айтуы керек. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Мұндағы мақсат –сол сын есімдердің кез-келген затпен тіркесе бермейтінін аңғарту. Мысалы, семіз қой, семіз сиыр деуге болады, ал семіз ағаш ,семіз кітап деуге болмайды да, жуан ағаш, қалың кітап дейміз. Міне, осыны мұғалім ескере кеткені дұрыс. 270-жаттығуда сын есімдерді сұраққа қарап танумен қатар, заттың түсін, тағамның дәмін білдіретін сөздердің мағыналық тобы аңғарту мақсаты көзделеді. Сын есімдерді мағынасына қарай әр топқа оқушылар өздері бөліп жазуы қажет.
Келесі жаттығуларда жоғарыда айтылған ұғымдарды тиянақтау, бекіту және сын есімдерді мағынасына қарай өздері топтай білуге үйрету, қарсы мәндес сын есімдерді таныту, зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, керісінше, сын еісмге қатысты болатын зат есімдерді тапқызу, оларды тіркестіре білу дағдыларын қалыптастыру мақсаттары орындалуға тиіс.
3-сыныпта туынды сын еісм туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады.
284-287-жаттығулар туынды сын есімдер туралы ұғымды бекіте түсу мақсатында берілген. Бұл арада оқушылардан сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажырату, сын есімдердің қалай жасалғанын айту талап етіледі.
Сын есім
Сабақтың білімділігі. Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сабаққа ынта-ықыластарын арттыруға көңіл бөлінеді. Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
Сабақтың дамытушылығы. Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту. Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу коллеграфиясын, сөздік қорын, күнделікті өйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелілігі. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақтылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс. Ана тілі, дүниетану, музыка.
Қажетті құралдар: жемістер, азық-түліктер, ойыншықтар. Кесте, плакат, топтама, тірек сызбалар, дидактикалық парақшалар.
Сабақтың түрі: аукцион.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, қарату, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.
- Қазір қай сабақ?
-Қазір қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
-Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен, олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.
ІІ. Өткенді пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Бүгін сөз табының бір түрі «Сын есімнің» яғни заттың белгілерін байқап, сандық ерекшеліктерімен танысамыз.
-
Мынау не? – Алма.
-
Түрі қандай? – Қызыл.
-
Көлемі қандай? – Үлкен алма.
-
Дәмі қандай? – Тәтті.
-
Иісі қандай? – Жұпар иісті, жағымды.
-
Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
-
Жақсы, піскен алма.
-
Оны сапа дейді.
Сонымен алманың түрі – қызыл, көлемі – үлкен, иісі – жақсы, дәмі –тәтті, сапасы – жақсы піскен дедіңдер. Яғни, бір заттың сандық ерекшеліктерін атадық. Осы ерекшеліктерді кестеден көрсетіп, сұрағын оқып, жауабын қалташаға салайық.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? деген сұрақ қойылады.
Сын есім. Кітаптың 126-бетін ашып 363-жаттығуды оқиық. Осы жаттығуда қандай сөздік жұмысы берілген? – жұпар иіс (мәндес сөздерін айту).
-
Хош иісті, жағымды, жақсы иіс.
364-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып көшіріп жазу.
Ақ мақта, тәтті алма, қою айран, кең дала, биік тау, терең көл.
Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде айтқызу.
Сергіту минутын өткізу.
«Сұр қоян» әнін аккордионмен сүйемелдеп, әртүрлі қимылдар жасатып айтқызып, ішінен сын есімді тапқызу.
365- жаттығу. Графопроектордан мына мақалды оқып, жатқа жазайық.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
а) Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
-
Енді өздерің сын есімге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Мақал қуаласпақ» ойыны.
І. –топ мақалды бастайды.
ІІ. –топ жалғастырады.
ІІІ. –топ осы мақалдардың ішінен сын еісмдерді тез тауып, дәптерлеріне
түртіп алады және оқып береді.
366-жаттығу. Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз.
Құрғақ, тәтті, жақсы, қоңыр.
367-жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін аукцион ойнаймыз.
- Аукцион деген не?
- Бір затты сатып алатын адамдар көп болса, оны саудаға салады.
- Кім көп ақша берсе, соған сатылады.
- Қазір біз көк базарға барамыз, одан өзімізге ұнаған бір затты ақшамен емес, біліммен сатып аламыз.
Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне, бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.
Үй, сиыр, көйлек, тамақ.
- Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер көремін. Білімдерің өмірге жарапты, барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын.
ІV. Сабақты қорыту мақсатында сұрақтар қою, бағалау.
V. Үйге тапсырма.
368-жаттығу.
І. – топ. Сын есімдерді өзімен қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жазады.
ІІ. – топ. «Ұрпақ» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
ІІІ. – топ. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айт.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарсы мәндес сын есім туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, сөздік қоры дамыту.
3.Инабаттылыққа және көркем жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек, сызбалар, жұмбақ өлең, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өздік жұмыс.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Оқу құралдарын дайындатып, оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын сұрау. 435-жатығуды оқыту, сын есімді табу. Сынау сұрақтарына жауап алу.
3.Білімді тексеру.
а) Киіз үйдің суретін көрсетіп, құрылысын атату;
ә) Шаңырақты зерттеу, сөз таптарын атату, ережелер сұрау.
4.Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде (Қазақ тілі» елінің «Сөз таптары» деген шараларында Сын есім деген патша өмір сүріпті. Патшаның алты ұлы болыпты.
Сын есім
|
дара сын есім
|
күрделі сын есім
|
негізгі сын есім
|
туынды сын есім
|
қарсы мәндес сын есім
|
мәндес сын есім
|
Патша Сын есім Дара, Күрделі, Негізгі, Туынды сын есім деген ұлдарын өз алдына отау етіп жіберіп, жанына Қарсы мәндес сын есім мен Мәндес сын есімді алып қалыпты. Оларға өздеріне тән қызметтері тән қызметтеерін бөліп беріпті. Патша мынадай жұмбақ қойыпты:
Ащы емес,
Тәттімін.
Бос емес,
Қаттымын. (қант)
Сын есімдерді сұрақ қойып тапқызу, мағыналарына назар аудару, ережесін тұжырымдау.
Қарсы мәндес сын есімдер ойлату.
Оқулықпен жұмыс.
а) 438-жаттығуды тақтаға орындату.
5. Топтық жұмыс.
ә) топқа деңгейлік тапсырмалар беру.
б) тіл дамыту кезеңі.
Сәлемнен арзан ізет жоқ.
Сәлемнен қымбат құрмет жоқ.
6. Бекіту кезеңі.
Сонымен, Сын есім патша Қарсы мәндес сын есім ұлына қарама-қарсы сын есім сөздер қызметін ұсыныпты.
7.Үйге тапсырма: 439-жаттығу.
8. Бағалау.
Сын есім
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» заттың сынын білдіретін сөздер.
Мақсаты: Ұлы ұстаз өмірімен кеңірек таныстыру, ой өрісін жетілдіре түсу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Өмірде кездесетін сөздер заттың аты, сонымен бірге әртүрлі сындық белгілерін білдіретінін меңгерту. Сауатты дұрыс оқуға, жазуға жаттықтыру арқылы тілін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, талдау, салыстыру, жинақтау, ойын, проблемалық жағдай туғызу.
Пайдаланылған көрнекіліктер: таблицада сөздер жазылған карточкалар, суреттер. Ы.Алтынсариннің суреті, «Қазақ хрестоматиясы» кітабының суреті, киіз үйлердің суреті, сиса мата.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныпта партада отырған әртүрлі құстардың суреті. Сауысқан сабақ тыңдамай өз бетімен отыр.
-
Кім сабақты тыңдамай отыр? Сауысқан сабақта білім ала ма, қалай ойлайсыңдар? –деп балалардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
-
«Адам болам десеңіз» деп жазылған карточканы көрсетіп, осы сөйлемнің мағынасын қалай түсінетіндерін сұраймын.
-
Ы.Алтынсариннің портретін көрсетіп, бұл кісі туралы не білетіндіктерін сұрау. Әңгімелерінде Ыбырайдың қандай ақыл-кеңес бергенін сұраймын.
-
Ы.Алтынсарин туралы қосымша мәліметтер беру.
Ы.Алтынсарин – жазушы , ақын, педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы деп, осы сөздер жазылған карточкаларды тақтаға іліп тұрамын. Мектеп ашып, онда балаларды өзі оқытқанын және «Қазақ хрестоматиясын» жазғанын әңгімелей келе, сол оқулықтың мұқабысын суреттен көрсетемін. Осы оқулықтың бетіне «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін жазған деп, бүгін сол өлеңімен танысатынымызды айтамын.
-
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
-
Сөздік жұмысын жүргізу: алса, ықыласпен тоқылық, шамнан шырақ, сиса көйлек.
-
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
-
Еңбек етпесең, киім де, тамақ та, білім де болмайды,-деп қорытындылап, іштен және кезекпен дауыстатып оқытамын.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
-
Көркем жазу, сөздік диктант жүргіздім.
Бұрд , қ , з, л, бүкт, қалд деген сөздер көрнекілік арқылы көрсетіп, дұрыс жазылу ережелерін айтып, тақтаға кезекпен жазып отырдық.
-
қ, ғ, а, о, ұ, ы жуан дауысты дыбыстармен жазылады.
ұ-бірінші буында жазылады, келесі буында ы жазылады.
3. Жазылған сөздерге сұрақ қойып, буынға бөлдірдім.
4. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ережені қайталап, «Қай сөз артық?» деген ойын ойнаттым.
5. Балалардың жауаптарын тыңдай келе, «қызыл» деген сөз артық екенін (басқа сөздер заттың қимылы), ол сөздің заттың түрі екенін, қандай? деген сұраққа жауап беретінін анықтадық.
6. «Алма» деген сөзді тақаға жазып, оның дәмі, түрі, түсі, сапасы қандай болатынын сұрап, тақтаға жазып тұрдым.
Алма қандай?
Ащы
Қышқыл дәмі
қызыл
сары
жасыл түрі-түсі
шілік сапасы
7. Сұрақ-жауап:
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз нені білдіреді? Балалар сызба бойынша қорытынды жасайды.
Оқулықтан ережені оқыту. Заттың сыны деген сөз дәлірек айтқанда, заттың түрі-түсі дегенді білдіреді.
9. Таблица бойынша қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөзді таблица бойынша пысықтау.
10. Төмендегі жұмбақтан заттың сынын білдіретін сөзді тапқызу.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып келген тоны бар.
Денсаулықтың жақсы болуы, ең алдымен тазалыққа байланысты екенін айта келе, төмендегі мақалдың мағынасын, қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тапқызу.
Ыдыс таза болса ас дәмді.
11.Карточкада заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер жазылған. Ол сөздерді өз үйлеріне қателестірмей, дұрыс орналастыру мақсаты қойылады. (Үйлер киіз үй сияқты үлгіде жасалған).
12. Қорытындылау.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздер нені білдіреді. Мысал келтір.
13. Оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді.
Грамматика және тіл дамыту
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымның әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлық жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүнитаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысала 1) Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.с.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек жақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте болады, Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, оған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-біріне нақтылай, саралай, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
2)Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатыстырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әркеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.
Грамматиканың әдістмесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.
Тілдің жүйелі түрде оқуға енді ғана кірспе бастаған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактикалық көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзін тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салысытруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдылықтарына түсінбесе, онда, ол сол (сәтте) мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап оқуға мәжбүр болады.
Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейінін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алмайтындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болу тиіс.
Дидактиканы күрделі бір шарты – мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы, заттар мен құбылыстардың ішінде, солармен байланысты, сабақтас түрде қарастырған жөн.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс.Ал сабақ жүргізу процесіде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, оған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Біліктілік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмысарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін біліктілікпен қолдауға үйретеді, дағдылана түседі.
Грамматикамен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылды да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті.
Бастауыш мекептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - гармматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдылықтарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені, оқушылардың жалпы білімі, ой-өрісін, сауаттылығын, тіл мәдениті арттыруда, грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде оқылады.
Балалар бастауыш сыныптарға ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтасуға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дуыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және оқуға, жазуға үйренеді; дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыланады. Морфология саласынан сөздердің жасалуы, морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Бағдарламаның «түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік прициптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалылығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды және сөйлеу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын материалдарды, сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындығы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |