Грамматикалық матриалдарды пайдалану жайында.
Граматикалық материалдар мен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізі, басты ой түйінін ұғына алатындай болу керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа «зат сім», «сын есім», т.б.с.с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т.б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәнінің себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәні, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғартып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойдық тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалану соның басты белгілері, яғни берілген ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдің құбылыстың табиғатын неден көрінетінін, басқа құбылыстардан қалай ерекшленеді - осылар ашық көрсетілуі тиіс.
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын алу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөзтаптарынан айырмашылығы т.б. балаларға ұғындырылады. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтар да анықтама ретінде беріледі. («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», « сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т.б.). Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысын сол анықтама күйінде жаттатпай, оларды талдап таратып, түсідірге жөн. Мысалы, сыныптағы бір оқушыға: - сенің атың кім? – Менің атым – Қайрат... – ал «атың» дегенді сол сияқты басқа қандай сөзбен айтуға болар еді?
-
Есімің кім? деуге болады.
-
Иә, сенің есімің кім? Деп сұрауға да болады.
Міне, сонда зат есім дегеніміз «заттың аты» деген ұғым екен – ал енді бізді қоршаған мына дүниеде, айналада қандай заттар бар? Әуелі, осы сыныпта қадай заттар бар, солардың аттарын атайық? – мынау – парта , мынау-терезе, мынау - тақта т.б.
-Ал енді далаға қараңдар. Онда қадай заттар көрінеді? Аттарын атаңдар!
- Машина, ағаш, үйлер т.б.
- Ал далада, өрісте, нелер жайылып жүр?
- Мал жайылып жүр. –Олардың аттары қалай?
- Сиыр, түйе, қой, жылқы т.б.
- Жерде жыбырлап жүретін жәндіктердің аттары қалай? – құрт, құмырсқа, жылан, қоңыз т.б.
- Ал ұшып жүретін нелер?
- Олардың қандай түрлері болды? Аттарын атаңдар...
Осылайша жан-жануарлардың, өзен-көлдендің..., музыкалық аспаптардың т.б.с.с. айналадағы заттар мен құбылыстардың аттары балалардың өздеріне айтқызылады (қиналған жерінде мұғалім көмектеседі).
Сөйтіп, мұғалім балаларға осы заттар мен құбылыстардың атын білдіреті сөздерді зат есім деп атайтынын ұғындырады. Оларға тағы да мысал келтіріп, ондағы зат есім сөздерді тапқызып, оның неге зат есім болып тұрғаны дәлелдетіледі.
Грамматикадағы анықтама - ережелердің негізгі белгілері мындай:
1.Әрбір анықтаманың ішінде оның термині болады (мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2.Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сын есімде сынын, түбірде сөздің өзгермейті бөлшегін т.б.).
3.Кейбір анықтамаларда әрбір түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, түбір сөзге жалғанатындарды қосымша дейміз т.с.с.).
4.Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі. ( мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне –лар, -пар, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т.б.). Мұндай формалық белгілері көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап, синтездеп сол котегорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзі жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «аяқталмаған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл-сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал баcқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады, әр сөйлемен кейін тыныс белгісі қойылады т.с.с) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар cөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де мұғалімнің көмегімен меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пе баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын топтық жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1.Оқушылардың грамматика оқулықтарына ғана мысал келтіріп қоюменен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
2.Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе тіркестерін тапқызады. Кейде баланың өзі ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы да пікірлерін дәлелдетуді талап етуге болады.
3.Анықтама бойынша берілге ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.
4.Анықтама мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді. (мысалы, ІІІ – сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады).
Сондықтан, сонымен қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім, сөз табы т.б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар, грамматикалық тапсырмамен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгереді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығулардың, біреше сабақ бойынша өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Ысқақов А. , Қазіргі қазақ тілі, Морфология, А, 1974 ж, 174-199 б.
2.Мұсабаев Ғ., Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары, А, 1951ж, 34-35 б.
3. Шәкенов Ж., Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы А, 1961 ж, 22-28, 55-65 б.
4. Төлеуов Ә.,Қазақ тіліндегі есім категорясы А, 1969 ж, 8-12 б.
5. ә) Қазақ тіліндегі есім сөздерінің жасалуы, А, 1973 ж, 66-68 б.
6. б) Сөз таптары, А, 1982 ж, 45-54 б.
7. Әбуханов Ғ, Қазақ тілі (лексика, фонетика, морфология, син-т А, 1982, 107-115 б.).
8. Кәтембаева Б, Нұрғалиева М, Морфологияны оқыту методикасы, А, 1975 ж, 64-80 б.
9. Исаев С, Бектұров Ш, «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері, А, 1985 ж, 30-34 б.
10. Әлімханов Д, Маманов Ы, Қазақ тілін оқыту методиасы, А,1965,150-156 б.
11. Ұйықбаев И, Әлімжанов Д, Кәтембаева Б, Ошқаров А, Қазақ тілі методикасының мәселелері. А, 1969 ж, 141-164 б.
12. Мұсабаева Ф. Сын есім, оның қолданылуы. А, 1977 ж, 44-51 б.
13. Исабаев С.И. Тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның ролі. А, 1965 ж.
14.С.Рахматова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А, 2003 ж.
15. Б.Құлмағамбетова, А Исанова, М.Исанғарина, М.Көккөзова, Р.Құрманғалиева, П.Айтжанова Қазақ тілін оқыту әдістемесі А, 2000 ж.
16. Жапбарова А, Әділбекова Ж Қазақ тілі сабақтарындағы жаттығу мен талдау жұмыстарының әдістемесі А, 2002 ж.
17. Көшекбаева Н. Оқыту теориясы. А, 1976 ;7
18. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы, А, 1983 ж.
19. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнінде таңдамалы пікірлері А, 1961 ж.
20. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту, А ,1978 ж.
21. К.Аханов. тіл бойынша кіріспе. А, 1994 ж.
22. бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу үрдісі ұйымдастыру. А., 1995ж.
23.Ы.Алтынсаринның таңдалмалы педагогикалық мұралары. Құрастырушылар С.Қалиев т.б. А. 1991ж. 200б
24. Қазақстан мектебі. №1 2005ж
Сілтемелер:
1.Г.Уәйісова «Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқыту А -1994 ж, 3-8 б.
2. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) А -1991 ж, 166-190 б.
3. Д.Шайзатова «Қазақ тілі әдебиеті» 2004 ж, №4 «Сын есімнің мағыналық түрлері», 41-52 б.
4. «Бастауыш мектеп» 2005 ж, №7. Н.Сейтова «Сын есім» 51-53 б.
5. «Бастауыш мектеп» 2004 ж, №2. Ж.Мұталипова «Қазақ тілі», 21-24 б.
6. «Бастауыш мектеп» 2005 ж, №5. Б.Жолдығарина «Сын есім» 33-36 б.
7. «Бастауыш мектепте зат есімді оқыту» (2,3-сыныптар) Қ.М.Молдабек, М.Ә.Ермекбаев, Б.А.Нарқұлова, Т.Қ.Молдабекова, Ж.Қ.Серікбаева. «3-сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту», Мұрагер -2001 ж, 33-49 б.
8. «Қазақ тілі әдебиеті» 2005 ж №8. Г.Шаяхметқызы, «Сын есімнен өткенді қайталау» 26-35 б.
9. «Мектеп мұғалімі ктіапханасы» Р.Әміров, Ұ.Асылов. А-«Рауан» 1997 ж. «Сын есім туралы өткенді қайталау» 78-81 б.
10. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А-2003 ж. С.Рахметова. 75-81 б.
Достарыңызбен бөлісу: |