І. топ ІІ. Деңгей
Сапалық сын есімнің анықтамасын жаз.
Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін түсіндір.
а) көкірегі сезім..., тілі орам...,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә) Ерін... адамның ертеңі бітпес
б) Қаб... иттің тұмсығына тор кигізген.
ІІ. Топ
Мына жұрнақтар арқылы туынды, қатыстық сын есім жаса.
... палы шам, ... мелі көйлек, ... ген сиыр, ... ма тон, ... қыр бала.
Мына сөйлемдерден шырай түрлерін ажырат.
Жарау торыға жолдың алыстығы да, ауырлығы да онша күшке түспеді. Астана - өте сәнді қала. Күн қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған тәрізді. Көшелер түп-түзу, теп-тегіс.
ІІІ. Топ
Сын есімнің емлесін айт.
Сын есім мына сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.
І. топ ІІІ. Деңгей.
Сын еісмдерді қатыстырып, «Әсем табиғат аясында» тақырыбына шағын шығарма жаз.
ІІ. топ. Сын есімдерді қатыстырып, «Ардақты ана» тақырыбына шағын шығарма жаз.
ІІІ. топ. Сын есімдерді қатыстырып, «Менің мектебім» тақырыбына шағын шығарма жаз.
6. Талдау.
Әр топтан үш оқушыны тақтаға шығарып, төмендегі сын есімдерге сатылай кешенді талдау жасатқызамын.
Желсіз түнде, жарық ай,
Сәуелсі суда дірілдеп.
Арманның қабағы жабыңқы
7. Болжау (Оқулықтағы 153-жаттығумен жұмыс)
Ең алдымен «Зерек» деген сөзге оқушылар жазбаша болжау жасайды
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді оқытып, сын есімдерге синонимдік қатар жасатқызамын.
Қорытынды. (Оқушыларға тест сұрақтарын беремін)
Сын есімді тап
а) жазықтың ә) жарық б) сол
Дара сын есімді белгіле.
а) қонымды, сүйкімді, сары
ә) шөп, бұлақ, көбелек
б) бәрі, тегіс, күллі
Күрделі сын есімді тап.
а) сұра, сөйле, сана
ә) қышқыл, дәмді, тәтті
б) кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл шырайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |