Баяндама орындаған: а-м-22қ тобы магистранты Ешманов а қабылдаған: Оқытушы, Байсеит Г. А. Петропавл, 2023 жыл Мазмұны



бет2/8
Дата21.11.2023
өлшемі74.93 Kb.
#483994
1   2   3   4   5   6   7   8
Ешманов А ДОКЛАД

1. Халықаралық тасымалдау

Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.


Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесiнде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын бiлу ушiн оны қурайтын элементтердi қарастыру қажет, әсiресе, жуктi онытасымалдау мен жолаушылар қол жүгiн ажырата бiлген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасасудың негiзi жүк тасымалдаушының жүктi немесе жолаушыны бiр орыннан екiншi жерге белгiлi бiр көлiк құалымен сыйақыға өткiзуге мiндеттенуi болып табылады.
Сонымен, халықаралық тасымалдау дегенiмiз - мүлiктердi және жолаушыларды бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке жеткiзу немесе транзитпен жүктердi, жолаушыларды өткiзу [1].
Халықаралық тасымалдауды iшкi тасымалдаудан айырудың негiзгi белгiлерi:
-жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
- жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;
- халықаралық тасымалдауда ұлттық валюта дан басқа шетелдік валюта қолданылады;
- халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық коевенциялар, ұлттық заңдар , халықаралық әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып , шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша , консенсуалды шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап қатысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің ) сеніп тапсырған жугін белгіленген мекенге жеткізуге және жукті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндетті, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндетті.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі бір мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәтті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.)
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалду шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсызжығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен , өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау тараптарының субъектісі ереже бойынша жек және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы , яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші (Shippower-англ; Ship Her-неміс; le bourdeois Navire-француз). Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (armature.Reeder) қатар «фрахтователь» (freteur,Vertracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ-та олар freight / con tractors деп аталады.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді [2].
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы — бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізіңде жалдауды ұсынатын жеке немесе занды тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет