Баяндама орындаған: а-м-22қ тобы магистранты Ешманов а қабылдаған: Оқытушы, Байсеит Г. А. Петропавл, 2023 жыл Мазмұны


Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау



бет6/8
Дата21.11.2023
өлшемі74.93 Kb.
#483994
1   2   3   4   5   6   7   8
Ешманов А ДОКЛАД

4. Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау

Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты- ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндетті, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жалақысын төлеуге міндетті.


Жолаушыны тасымадау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы табылады. Жолаушыны тасымалдау шарты жазбаша және ауызша түрде жүзеге асырылыды.
Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын құқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса , шарт құжат болып табылады. Бірақ та, қала ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралқ тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды қояды [8].
Жолаушы құқықтары:
1) Өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге құқылы;
2) белгіленген нормаларды ң шегінде өзімен бірге қол жүген ақысыз алып жүруге құқылы;
3) тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп , тасымалдауға тапсырға құқығы бар;
Құқықтарымен қатар , жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып , жол ақысын төлеу міндеті табылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндетті.
Жүк тасымалдау
Жүк тасымалдау осы мақсатқа арналған көлік қүралдарымен және көлік қүралдарының қүрамдарымен жүзеге ысырылуы тиіс.
Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы, жүктемені осьтер бойынша бөліп орналастыру осы көлік құралы үшін дайындаушы кәсіпорын белгілеген көлемнен аспауы тиіс.
Жүргізуші қозғалысты бастар алдында және қозғалыс кезінде олардың құлауынан, қозғалысқа кедергі тудыруды болдырмаудан сақтану үшін олардың орналасуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылап отыруы тиіс.
Жүктасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол:

  • көлік құралының санатына және түріне сәйкес келсе; жүргізушіге шолуды шектемесе;

  • басқаруды қиындатпаса және көлік кұралының орнықтылығын бұзбаса;

  • сыртқы жарық приборларын және жарық шағылыстырғыштарды, тіркеу және айырым белгілерін келегейлемесе, сондай-аққолмен берілетін сигналдарға кедергі жасамаса;шу туғызбайтын болса, жолды және қоршаған ортаны шаңдатпаса, ластамайтын болса жол беріледі [9].

Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші аталған тасымалдау ережелердің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса — әрі қарай қозғалысты тоқтатуға міндетті.
Арттан және алдынан1 мартық немесе бүйірден келемдік оттардың сыртқы шетінен0,4 мартық шығып тұратын жүктер немесе келік құралының келемінен шығып тұратын бөліктер «Ірі көлемді жүк» айыру белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында, бұдан басқа, алдынан — фонарьмен немесе ақ түсті жарық шағылыстырғышпен, артта — фонарьмен немесе қызыл түсті жарық шағы-лыстарғышпен белгіленуі тиіс.
Ауыр салмақты, ірі келемді және қауіпті жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксіз көлемдік елшемі ені бойынша — 2,55 м-ден (2,6 м- изотермиялық қораптар үшін), жүріс бөлігінің бетінен биіктігі бойынша — 4 м-ден, автопоездың (бір тіркемені қоса алғанда) ұзындығы бойынша — 20 м-ден асатын не көлік құралының көлемінен 2 м-ден астам артқа шығып тұратын жүгі бар келік құралының қозғалысы, сондай-ақ екі және одан көп тіркемелері бар автопоездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы ережелерге сәйкес орындалуы тиіc [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет