Баяндама тақырыбы: ««Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер» Орындаған



бет2/4
Дата17.10.2022
өлшемі31.95 Kb.
#462873
1   2   3   4
Қабдрахим Ұлмекен Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер

А.Байтұрсынов оқулығында шырайдың үш түрі көрсетілген:

  1. Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді (жуас ат, қызыл шүберек, т.б.)

  2. Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді, оны көрсету үшін жай сындағы сөзге «-рақ», «-рек» деген талғау қосымшалары тіркеледі (жақсы+рақ, зерегі+рек, т.б.)

  3. Таңдаулы шырай нәрсе сиқы өте артық екендігін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер қосылып айтылады.

Ал Қ.Жұбановтың 1936 жылғы қазақ тілі бағдарламасында сын есімнің шырайлары жеке тақырып етіп беріліп, шырайлардың тоғыз түрі берілген.

  1. жай шырай

  2. кесімді араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады)

  3. салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -лау)

  4. жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы)

  5. таңдаулы шырай,

  6. дәйек қосылыңқы (өте қысқа)

  7. қосақты (қып-қысқа)

  8. үстеулі (ұзын-ақ)

  9. орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бір жөн, едәуір сөздері қосылады)

Бірақ жоғарыда аталған еңбектерде шырай түрлерінен орын алған жай шырайға қатысты кейінгі еңбектерде басқаша пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын арнайы зерттеген Ғ.Мұсабаев «жай шырай» деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы жоқ, сондықтан жай шырай деп атауымыздың өзі қате деп есептеп, сын есім шырайын салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтелі, үдетпелі деп шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген. Ғалымның жіктеуінше:

  1. Салыстырмалы шырай: -рақ, -рек;

  2. Бәсең шырай: -дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу;

  3. Шағын шырай: -шыл, -шіл, -ғыл, -гіл, -ғылт, -ғыш, -ілдір тұлғалары арқылы;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет