Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай күшейткіш буын арқылы жасалады, яғни сын есімнің алғашқы буыны алынады да, оған –п қосылады. Мысалы, қып-қызыл, жап-жақсы, біп-биік, т.б.
Заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым асыра төмендетіп білдіретін шырай түрі асырмалы шырай деп аталады. Бұл терминді профессор А.Ысқақов қолданған. Асырмалы шырай сын есімнің алдында аса, өте, тым (дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, орасан, керемет секілді күшейткіш үстеулер сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, тым үлкен, аса қиын, өте ақылды, т.б.
Асырмалы шырай, негізінен, сөз алдынан күшейткіш көмекшілердің қосылуы арқылы аналитикалық жолмен жасалады: тым биік, ең əдемі, өте жақсы, аса салмақты, т.б. Ғалым Н. Оралбай мұндай сын есімдерді күшейтпелі шырай тұлғасындағы аналитикалық сөзтұлғаға жатқызады.
Н. Оралбай сындық белгіні негізгі, төменгі жəне жоғарғы дəрежесіне қарай анықтап, соның негізінде шырайдың жай шырай, салыстырмалы шырай жəне күшейтпелі шырай түрлерін көрсетеді.
С.Исаев ғалым шырайдың сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді. Күшейтпелі шырай мен асырмалы шырайды біріктіреді де және салыстырмалы шырай деп басқа ғалымдардың айтқан бөліністерін жоққа шығармайды, ал солардың жиынтығынан тұратын шырайдың екі түрін күшейтпелі шырай және салыстырмалы шырайды көрсетедіНегізінен бұл ғалымның зерттеуі проф. І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың мектептің 5,6 сыныбына арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығында да шырай категорисының екі түрі көрсетілген, тек басқаша атаумен (талғаулы және таңдаулы) аталған. С.Исаевтың берген тұжырымы іс жүзінде дәлелденіп отыр. Қазір тіл білімінде грамматика-морфология саласында осы тұжырымға сүйенеміз.
Соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында» жай шырайды шырай категориясына жатқызбайды, ал салыстырмалы мен күшейтпеліні бір шырай деп есептеп, шырайдың екі-ақ түрін – салыстырмалы мен күшейтпелі шырайды көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |