Баяндама тақырыбы: ««Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер» Орындаған



бет3/4
Дата17.10.2022
өлшемі31.95 Kb.
#462873
1   2   3   4
Қабдрахим Ұлмекен Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер

Күшейтпелі шырай: күшейту шырайы арқылы;

  • Үдетпелі шырай – күшейткіш үстеулер арқылы жасалады.

    1967 жылғы «Грамматикада» бәсең, шағын шырайларды біріктіріп, сын есімнің мынадай 4 түрі берілген:

    1. Салыстырмалы

    2. Бәсең, я шағын

    3. Күшейтпелі

    4. Асырмалы

    Кейін ғылымда грамматикалық категорияларды топтауда олардың түрленбей тұрған түрін есепке алатын дәстүр қалыптасты. Бұл дәстүр бойынша етістік негізі өзге туынды тұлғалардың бәріне негіз болады, атау септік те басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма деп танылды, яғни олар етістіктің басқа формаларында қандай өзгеріс болғанын немесе қалған септіктердің тұлғаларында қандай ерекшелік бар екенін салыстырып көрсету үшін алынған. Сондай-ақ басқа шырайлардың тұлғаларында қандай өзгеріс болғанын көрсету үшін кейінгі еңбектерде шырайдың жай шырай деген түрі алынған. Шын мәнінде жай шырайдың мағынасында салыстыру жоқ.
    Жай шырайдың осы ерекшелігін ескере отырып, шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма деп санаған профессор А.Ысқақов оқулығында шырайлар:

    1. жай шырай

    2. салыстырмалы шырай

    3. күшейтпелі шырай

    4. асырмалы шырай деген төрт түрге бөлініп, әрқайсысының мағынасы және олардың жасалу жолдары сөз болған. Сондықтан жай шырайдың атауы дәстүр бойынша сақталған.

    Салыстырмалы шырайға оқулықтарда «бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылған белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді» деген анықтама беріліп жүр. Шындығында салыстыру мағынасы шырайдың басқа түрлеріне де қатысты. Салыстырмалы шырай –рақ, -рек, -ырақ, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, үлкенірек, үлкендеу, т.б. сонымен бірге –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң секілді өнімсіз жұрнақтар да салыстырмалы шырай көрсеткіші болып саналады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет