Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
абайды оқыиу

Мектеп оқулықтарында
Абайдың қарасөздерінің берілуі 
Бірінші қарасөзі (6) 
Жиырма алтыншы қарасөзі 
Жетінші қарасөзі (7) 
Отыз бірінші қарасөзі 
Сегізінші қарасөзі 
Отыз екінші қарасөзі 
Он бесінші қарасөзі 
Отыз үшінші қарасөзі 
Он жетінші қарасөзі 
Отыз жетінші қарасөзі 
Он сегізінші қарасөзі 
Отыз сегізінші қарасөзі 
Он тоғызыншы қарасөзі 
Қырық үшінші қарасөзі 
 


24 
2-
диаграмма. Абайдың қарасөздерінің мектеп оқулықтарында қамтылу 
деңгейі 
Бұл диаграммадан көретініміз Абайдың 45 қарасөзін 100% деп алатын 
болсақ, сол 100%-дың 24%-ы мектеп оқулықтарында қамтылған екен. 
Сонымен қазақтілді мектеп оқулықтарындағы Абайға қатысты 
контентке тілтанушы ретінде мынадай ұсыныстар айтсақ деп едік: 
1) кез келген оқулықты жазу барысында міндетті түрде оқушының жас 
ерекшелігі ескерілуі керек; 
2) 5-
сыныптың қазақ әдебиеті оқулығына Абай шығармаларын енгізу 
керек; 
3) 
Оқушылардың оқу-танымдық уәждемелерін арттыра түсу мақсатында 
Абай шығармаларына мәтіналды не мәтіннен кейін қосымша танымдық 
түсініктеме ақпараттар беріп отыру қажет; 
4) 
Ақынның «Абай Құнанбайұлы / Абай Құнанбаев» түрінде беріліп 
жүрген аты-жөнінің оқулықтарда берілуін біріздендіру; 
5) қарасөз/ қара сөз оқулықтарда берілуін біріздендіру; 
6) 
Еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген «Абайтану» сабақтарының 
бағдарламасын 
жетілдіріп, 
интерактивті 
әдіс-тәсілдер 
арқылы 
ұйымдастырылуын басты назарға алу; 
7) 7-
сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәні оқулығының «Табиғат және 
адам» тарауында Абайдың «Күз» өлеңі берілген. Өлеңге байланысты 
берілген тапсырма жоқтың қасы. Сондықтан Абайдың осы өлеңіне 
байланысты интерактивті әдістерді қолданып, оқушыларға қызықты 
тапсырмалар беріліп, қызықты талдау жұмыстары берілсе деген пікір 
айтамыз.
Қорытындылай келе, мектепте Абай шығармаларын оқыту бастауыш 
сыныптардан басталып, орта буында, жоғары сыныптарда түгел қамтылады. 
Зерттеу жұмысы барысында жалпы білім беретін мектептің 1-11 сынып 
76%
24%
Абайдың қарасөздерінің жалпы саны
мектеп оқулықтарында кездесетіні


25 
оқушыларының қазақ тілі, әдебиеттік оқу, қазақ әдебиеті оқулықтарында 
Абайдың көптеген шығармалары кездесті. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін 
оқушы Абайдың 91 шығармасымен танысады. Оның ішінде: 
1) бастауыш сынып (1-4 сынып) оқулықтарында 12 шығармасы 
қамтылған; 
2) 5-
8 сыныпта (орта білім беру деңгейі) 33 шығармасы қамтылған; 
3) 9-
11 сыныпта (жоғарғы білім беру деңгейі) 46 шығармасы қамтылған. 
Мектеп қабырғасында оқушылар «Абайдың қандай шығармаларын біліп, 
танып, оны меңгеріп шығады?» деген сұрақ туындайды. Ол сұраққа қатысты 
оқулық мәтіндеріндегі Абайдың келесі шығармалары енгізілгенін көреміз: 
1) өлеңдері; 
2) аудармалары; 
3) қарасөздері; 
4) ғибратты сөздері мен даналық ойлары; 
5) поэмалары; 
6) мақалдары; 
7) күйлері. 
Біз тараушаның басында мектеп оқулықтарында Абай шығармалары 
қаншалықты қамтылған, әр оқулықта қандай тапсырмалар берілген, берілген 
тапсырмалар Абай шығармаларына қатысты ма, әлде тек қана Абайға 
қатысты ма деген сауал қойып зерттеу жұмысымызда сол сауалдардың 
жауабын таптық, оны жоғарыда талдау жұмыстарын жүргізе отырып 
дәлелдедік. Сонымен қатар, оқулықтарда кездескен олқылықтарды да ескеріп, 
өзіміздің пікірімізді ұсындық. 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет