Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


Лизинг беруші лизингінің есебі және салық салу



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Лизинг КАЗ

2.2 Лизинг беруші лизингінің есебі және салық салу 
Лизингке тапсырылған жабдықтар лизинг берушінің де, сол сияқты лизинг 
алушының да теңгерімінде болуы мүмкін (ол лизинг шартында көрсетіледі). 
Объектінің өтемпұлын кім төлейтіні (амортизациялайтыны), соған байланысты 
болады. 
Лизинг берушінің лизинг заты активінің өзіндік құнын қалыптастыру 
тәртібі ортақ белгіленген өзіндік құннан өзгешенбейді. Бухгалтерлік және 
салық есебінде активтің өзіндік құны, мысалы, негізгі құралды сатып алуға 
алынған несие бойынша лизинг беруші төлейтін сыйақыға өзгешеленуі мүмкін. 
Инвестициялық актив болып саналмайтын объектілер бойынша сыйақы, 
осындай тәртіпті есеп саясатында алдын ала бекітіп, бірден шығыстарға 
есептеп шығарылады. Біздің пікірімізше, бұл мүлік салығын төмендетуге 
мүмкіндік береді. 
Салық есебінде несие үшін төлеу бөгде шығыстарға есептелініп 
шығарылады. Есептеу әдісі кезінде несие үшін төлеу, өтеуге қатыссыз 
жатқызылатын есептік кезеңде көрсетіледі. 
Мүлік лизинг компаниясының теңгерімінде болған кезде, негізгі құралдар 
активінің өзіндік құны өтемпұл есептеу жолымен есептеп шығарылады. Салық 
есебінде өтемпұлдың негізгі нормасына көтеріңкі коэффициент қолдануға 
болады, бірақ 3-тен жоғары емес [8]. 
Егер лизинг шартының қолдану уақыты аяқталса, ал негізгі құралдың 
толық өтемпұлы шығарылмаса (амортизацияланбаса), қалдық құны, лизинг 
алушыға мүлікке меншік құқығын беру кезінде (егер осылай ауысу лизинг 
шартында көрсетілсе) шығыстарға жатқызылады. Осындай операциялар 
қорытындылары бойынша залал (шығын) болған кезде, ол сондай-ақ белгілі бір 
кезең ішінде тең үлестермен есептен шығарылады. Соңғы объектінің пайдалы 
пайдалану мерзімі мен өткізгенге дейінгі оны пайдаланудың нақты мерзімі 
арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады. 
Оның сыйақысы, негізгі құралдарды сатып алуға, жеткізуге, орнатуға және 
т.б. жұмсайтын оның шығыстарын өтеу кіретін лизинг төлемдері, лизинг 
берушінің түсімі болып танылады. Яғни нақтысында, пайдаға салынатын 
салыққа сыйақы (өтемпұлға азайтылған төлемдер және өзге де шығындар) ғана 
жатады. Әрі сатып алу құны, тіпті егер онымен бірге бірыңғай сомамен төленсе 
де, лизингтік төлеуге кірмейді. 
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) 
талаптарына сәйкес, лизинг берушінің қаржылық жалгерлік (лизинг) есебі 


30
бойынша, жалға берушілер қаржылық жағдай туралы өзінің есебінде, 
қаржылық жалгерлік активтерін тануы және оларды, жалгерлікке таза 
инвестицияларға тең сомада дебиторлық берешек ретінде табыс етуі тиіс [1].
Қаржылық жалгерлік кезіне жалға беруші, активке иелік етумен 
байланысты бүкіл тәуекелдер мен пайда алуды іс жүзінде беруді (табыстауды) 
жүзеге асырады және осылайша, аламын деп есеп құрған жалгерлік ақыны, 
жалға беруші, оның инвестициялары мен көрсетілген қызметтері үшін жалға 
берушінің сыйақысын және өтемақысын білдіретін, қаржылық кіріс, сондай-ақ 
активтің негізгі құнын қайтару ретінде қарайды. 
Бастапқы тікелей шығындар жиі түрде жалға берушінің иығына артылады 
және оған комиссиялық сыйақылар, заңгерлердің көрсеткен қызметтерінің 
ақылары, жалгерлік шартын дайындаумен және жасаумен тікелей байланысты 
ішкі шығындар кіреді. Ал оған, жалпы жанама шығыстар, мысалы, маркетинг 
және өткізу бөлімінің шығыстары сияқты шығыстары кірмейді. Жалға 
берушілер өндірушілер немесе дилерлер болып саналмайтын кездегі қаржылық 
жалгерлік кезінде, бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалгерлік бойынша 
дебиторлық берешекті бастапқы бағалауға енгізіледі және жалгерлік мерзімі 
ішінде танылатын кіріс сомасын азайтады. Жалгерлік шартында көрсетілген 
сыйақы мөлшерлемесі, бастапқы тікелей шығыстар қаржылық жалгерлік 
бойынша дебиторлық берешекке автоматты түрде енгізілетіндей түрде 
анықталады. Өндірушілер немесе дилерлер болып саналатын, жалға берушілер 
көтерген, жалгерлік шартын дайындау және жасау шығындары, бастапқы 
тікелей шығындар құрамынан шығарылып тасталады. Нәтижесінде олар 
жалгерлікке таза инвестициялар құрамынан шығарылады және қаржылық 
жалгерлік жағдайында әдетте жалгерлік мерзімінің басында болатын, сатудан 
түскен пайданы тану кезінде шығыстар ретінде танылады. 
Қаржылық кірісті тану, жалға берушінің қаржылық жалгерлікке таза 
инвестициялары бойынша табыстылықтың тұрақты мерзімдік нормасын 
көрсететін графикте негізделуі тиіс.
Жалға беруші, жүйелік және ұтымды тәсілдемені пайдалана отырып, 
жалгерлік мерзімі ішінде қаржылық кірісті бөлуге ұмтылады. Кірісті осылай 
бөлу, жалға берушінің қаржылық жалгерлікке таза инвестициялары бойынша 
табыстылықтың тұрақты мерзімдік нормасын көрсететін графикте негізделеді. 
Қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды қоспағанда, есепті кезеңге жататын 
жалгерлік төлемдер, берешектің жалпы сомасын, сол сияқты таппаған 
қаржылық кірісті азайтуға әкеле отырып, жалгерлікке жалпы инвестициялардан 
шегеріледі. 
Жалға берушінің жалгерлікке жалпы инвестицияларын есептеу кезінде 
пайдаланылған кепілдендірілмеген қалдық құнын есептік бағалау, үнемі 
тексеруге жатады. Бағалаудың кепілдік берілмеген қалдық құнының азаюы 
кезінде жалгерлік мерзімі ішіндегі кірісті бөлу, бұрын есептелген сомалардың 
азаюын тез арада тани отырып, қайта қаралады. 
Қаржылық жалгерлік заты болып саналатын және 5 «Сату үшін арналған 
қызмет» Халықаралық есептілік стандартына (IFRS) сәйкес, сату үшін (немесе 
сату үшін арналған ретінде, шығып қалған топқа енгізілген) арналған ретінде 


31
сараланатын актив, Халықаралық қаржылық есептілікте (IFRS) көрсетілгенге 
сәйкес, есепте көрсетілуі тиіс [6]. 
Өндірушілер немесе дилерлер болып саналатын жалға берушілер, әдеттегі 
сатуларға қатысты кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына сәйкес, есепті кезең 
ішіндегі сатудан алған пайданы немесе шеккен шығынды тануы тиіс. 
Егер сыйақының жасанды түрде төмендетілген мөлшерлемелері
пайдаланылса, сатудан алған пайда, сыйақының нарықтық мөлшерлемелерін 
пайдалану кезінде алынған шамамен шектелуі тиіс. Өндірушілер немесе 
дилерлер болып саналатын, жалға берушілер көтерген жалгерлік шартты 
дайындау және жасау шығындары, сатудан алған пайданы тану кезінде 
шығыстар ретінде танылуы тиіс. 
Өндірушілер мен дилерлер клиенттерге жиі түрде активті жалға алу мен 
сатып алу арасында таңдау құқығын жиі береді. Өндіруші немесе дилер ретінде 
әрекет ететін жалға берушінің қаржылық жалгерлікке активті беруі, кірістің 
төмендегідей екі түрінің пайда болуына әкеледі: 
- қолданылатын көтерме немесе сауда жеңілдіктерін ескере отырып, 
кәдімгі сату бағалары бойынша, жалгерлік затына айналған активті тез арада 
сатудан алған пайдаға немесе шеккен шығынға эквивалентті пайда немесе 
шығын (залал); 
- жалгерлік мерзімі ішіндегі қаржылық кіріс. 
Өндіруші немесе дилер болып саналатын жалға берушінің жалгерлік 
мерзімінің басында танылған, сатудан түскен түсім, екі мәннің ең аз – активінің 
әділетті құнын немесе сыйақының нарықтық мөлшерлемелерін пайдалана 
отырып есептелген, жалға берушіге есептелетін, ең төменгі жалгерлік 
төлемдердің келтірілген құнын білдіреді. 
Жалгерлік мерзімінің басында танылған, сатудың өзіндік құны, 
кепілдендірілген қалдық құнның келтірілген мәнін шегергендегі жалгерлік заты 
болып саналатын мүліктің өзіндік құнын немесе теңгерімдік құнын (егер ол 
өзіндік құннан өзгешеленсе) білдіреді. Сатудан түскен түсім мен сатудың 
өзіндік құны арасындағы айырма, кәдімгі сатуларға қатысты кәсіпорынның 
есеп саясатына сәйкес танылатын сатудан алған пайданы құрайды.
Өндірушілер немесе дилерлер болып саналатын жалға берушілер, 
клиенттер тарту үшін кейбір уақытта сыйақының жасанды түрде төмендетілген 
мөлшерлемелерін жариялайды. Осындай мөлшерлемелерді пайдалану, сату 
кезінде 
операциялардан 
алған 
жалпы 
кірістің 
аса 
үлкен 
бөлігі 
танылатындығына әкеледі. Егер сыйақының жасанды түрде төмендетілген 
мөлшерлемелері жария етілсе, онда сатудан алған пайда, сыйақының нарықтық 
мөлшерлемелерін пайдалану кезінде алынатын шамамен шектелуі тиіс.
Өндіруші немесе дилер болып саналатын жалға беруші көтерген, 
қаржылық жалгерлік шартын дайындау және жасау шығындары, жалгерлік 
мерзімінің басындағы шығыстар ретінде танылады, өйткені олар негізінен, 
өндірушінің немесе дилердің сатудан пайда алуына жатқызылады.
Жалгерлік төлемдер жылдың соңында төленетін, ал мәмілеге қатысушылар 
ҚҚС-тан босатылатын жағдай кезіндегі жалға берушінің жалгерлік төлемдер 
кестесін жасап көрейік. 


32
Жалгер жалгерлік шарты бойынша 5 жыл бойы жыл сайын 700000 
теңгеден жалгерлік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Жабдықтың пайдалы 
пайдалану мерзімі 8 жылды құрайды. Жалгерлік мерзімі аяқталғанда жабдыққа 
меншік құқығының жалгерге ауысуы шартта көрсетілмеген. Бұл ретте жалгер 
жалға берушіге 350000 теңге сомасында жабдықтың қалдық құнының 
мөлшеріне кепілдік береді.
Шартта көзделген сыйақы мөлшерлемесі 8%-ды құрайды. 
Жабдықтың әділетті нарықтық құны ең төменгі жалгерлік төлемдердің 
дисконтталған құнына тең. 
Сыйақының мөлшерлемесі 8% және бес жыл кезіндегі дисконттау 
коэффициенті төмендегіні құрайды: 
- қалдық құны үшін – 0,6806; 
- жыл сайынғы жалгерлік төлем үшін – 3,9927. 
Қолда бар ақпараттар негізінде: 
- оның қаржылық немесе операциялыққа қатынасына жалгерлікті 
тестілейміз; 
- жалға беруші үшін келесілерді есептеп шығарамыз:
- ең төменгі жалгерлік төлемдер; 
- жалгерлікке жалпы инвестициялар; 
- жалгерлікке таза инвестициялар; 
- алынбаған қаржылық кіріс. 
Жалгерлік төлемдерді бөлу кестесін жасаймыз. 
Жалға берушінің бухгалтерлік есеп шоттарындағы жалгерлік есебі 
бойынша операцияларды көрсетеміз: 
- жалгерлік мерзімінің басына
- жалгерліктің бірінші жылының соңына; 
- жалгерлік мерзімінің соңына. 
Жалгерлікті тестілейміз: 
- жалгерлік кезеңі жабдықтың пайдалы қызмет мерзімінен 62,5%-ға 
(5/8х100) тең; 
- жалгерлік төлемдердің дисконтталған құны жабдықтың әділетті құнына 
тең. Жалгерлікті аталмыш талап негізінде қаржылық жалгерлік ретінде 
саралауға болады. 
Келесі көрсеткіштерді есептеуді ұсынамыз: 
- ең төменгі жалгерлік төлемдер = Жыл сайынғы жалгерлік төлем х 
Жалгерлік мерзімі + Кепілдендірілген қалдық құны = 700000 х 5 + 350000 = 
3850000 теңге; 
- жалгерлікке жалпы инвестициялар = Ең төменгі жалгерлік төлемдер + 
Кепілдендірілмеген қалдық құн = 3850000 + 0 = 3850000 теңге; 
- жалгерлікке таза инвестициялар – шартта көрсетілген сыйақы 
мөлшерлемесіне дисконтталған жалпы инвестициялар. Жалгерлікке таза 
инвестициялар тең = жыл сайынғы жалгерлік төлемнің дисконтталған құны + 
дисконтталған қалдық құны = PV
жалгерлік төлем 
+ PV
ликв. құн
Ағымдағы қалдық құн = 350000/ х(1+0,08)
5
= 238210 теңге. 


33
Жалгерлік төлемнің ағымдағы құны = 700000 х 1/ 0,08 х [1-1/(1+0,08)
5
]. = 
2794890 теңге. 
Жалгерлікке таза инвестициялар = 238210 + 2794890 = 3033100 теңге 
- алынбаған қаржылық кіріс = Жалгерлікке жалпы инвестициялар – 
Жалгерлікке таза инвестициялар = 3850000 – 3033100 = 816900 теңге.
Жалгерлік төлемдерді бөлудің кестесі 3-кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет