Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


 Лизинг алушы лизингінің есебі және салық салу



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Лизинг КАЗ

2.3 Лизинг алушы лизингінің есебі және салық салу 
Лизингтік операциялардан ҚҚС төленеді және өтеледі. Бұл ретте лизинг 
шарты бойынша берешек заем қаражаттарының құрамында теңгерім пассивінде 
көрсетілмейді және оның көрсеткіштерін нашарлатпайды. 
ҚР Азаматтық заңнамасында лизинг, жалгерлік қатынастар түрлерінің бірі 
ретінде қарастырылады [7]. 
Жер телімдерінен және өзге табиғи объектілерден өзге, кез келген 
тұтынылмайтын заттар, лизинг шарты бойынша мүлік болуы мүмкін [1]. 
Кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүлік қана лизинг шартының 
заты болуы мүмкін және бұл кәсіпкерлік мақсаттары үшін пайдаланылмайтын 
мүлікті лизингке беру мүмкіндігін жоққа шығарады [1]. 
Жалға беруші лизинг шарты бойынша, жалгер өзі таңдайтын сатушыдан 
лизинг затын сатып алу бойынша міндеттемені өзіне алады. 
Бұл ретте, біздің көзқарасымызша, лизинг беруші мүлікті лизингке беру 
үшін сатып алушыға арналғаны туралы мүліктің сатушысын хабардар етуге 
міндетті. 
Осылайша, кәдімгі лизинг шарты мүліктің сатып алушысы, мүліктің 
сатушысы мен лизинг компаниясы арасындағы үш жақты келісімді білдіреді. 
Лизинг компаниясы сатып алушы таңдап алған сатушымен мүлікті сатып 
алу-сату шартын жасайды, содан кейін сатып алушы – лизинг алушымен 
қаржылық жалгерлік шартын жасайды. 
Лизингтік мүлікке меншік құқығы сатып алушы – лизинг берушіге, ал 
мүлікке иелік ету және пайдалану құқығы – лизинг алушыға тиесілі. 
Лизинг алушы мүлікті сатушыға: 

сапасы мен жиынтықтамалығына қойылатын талапты; 

тауарды беру міндеттерін орындау мерзімдері бойынша талаптарды; 

сатушы немесе лизинг беруші арасындағы сатып алу-сату шартымен 
және заңнамамен белгіленген, өзге де талаптарды тікелей білдіруге құқылы [1]. 
Лизингалушы, егер ол көрсетілген мүліктің сатып алу-сату шартының 
тарапы болған болса, сондай реттегі сатып алған мүлікті төлеу міндеттерінен 


36
өзге, сатып алушылар үшін көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді 
көтереді. 
Бірақ лизинг алушы лизинг берушінің келісімінсіз мүлікті сатып алу-сату 
шартын бұза алмайды. 
Қаржылық жалгерлік шарты бойынша лизинг алушы өзіне қажет мүлікті 
және оған иелік ету құқығын алады, ал лизинг беруші – осы мүлікті лизинг 
алушыға беруден кіріс алады. 
ҚР заңнамасында сондай-ақ сублизингке мүлік алу мүмкіндігі көзделген. 
Біздің көзқарасымызша, қаржылық жалгерліктің міндетті элементтері 
болып келесілер саналады:

жазбаша түрде қаржылық жалгерлік шартын жасау; 
лизинг заты ретінде лизинг алушыға беруге жататын мүлікті белгілі анықтауға 
мүмкіндік беретін деректер мазмұны. 
Мұнан өзге шартта төмендегілер көрсетіледі: 

лизинг шарты кімнің теңгеріміне есепке алынатын болады; 

лизингтік төлемдерді төлеу тәртібі, мөлшерлері мен мерзімдері; 

лизингтік төлемдерді төлеудің мөлшерлері мен мерзімдерінің өзгеру 
тәртібі; 

лизингтік төлемдер төлеу бойынша міндеттемелердің туындау мезеті; 

лизингтік мүлікті сатып алу немесе оны лизинг берушіге қайтару 
болатыны, я болмайтыны;

сатып алғанда – сатып алу бағасын көрсету немесе сатып алу бағасы 
шарттағы төлемдер сомасына кіретінін көрсету; 

лизингтік мүліктің меншік иесі құқығының лизинг алушыға ауысу 
тәртібі, жағдайы мен мерзімдері; 

мүлікті мемлекеттік тіркеу тәртібі (осындай тіркеу қолданыстағы 
заңнамада көрсетілген жағдайда) және осындай мүлік және (лизинг берушіге 
немесе лизинг алушыға) тіркелетін болады; 

салық есебінде лизингтік мүліктің өтемпұлының жеделдетілген 
коэффициентіне құқықты тараптардың пайдаланатыны; 

пайда алушыны, сақтандыру мерзімдерін және сақтандыруға жұмсалатын 
шығыстарды көрсете отырып, мүлікті сақтандыру тәртібі; 

лизинг шартының тараптары арасындағы тәуекелдерді бөлу тәртібі; 

ұйымдар үшін өзге де маңызды лизинг шартының талаптары. 
Лизинг алушының теңгерімдегі лизингтік мүлік есебінің талабымен лизинг 
шартын жасау кезінде, лизинг алушы осындай мүлікті дербес есепке алады 
және амортизациялайды. 
Мұнан өзге, лизинг алушы мүлік салығын, сондай-ақ көлік салығын (егер 
лизингке көлік құралдары сатып алынатын болса) төлеуші болып саналатын 
болады. 
Ілгеріде келтірілген зерттеулерге сүйене отырып, қорытынды жасасақ, 
оларды төлеу кестесіне қатыссыз, жалгерлік төлемдер, жалгердің пайдалар мен 
залалдар (шығындар) туралы есебінде көрсетілетін шығыстар бабын 
қарастырады. 


37
Жалпы жағдайда жалгерлік ақы төлем мерзімі келген кезде және есептілік 
мерзімі аяқталған мезетте есептелуі тиіс. Төлем жасалған күн мен сомасына 
қатысты жалгердің теңгерімінде, жалгерлік төлемдері бойынша қысқа мерзімді 
міндеттемелер немесе алдын ала төлем (жалға берушінің жалгер алдындағы 
берешегі) көрсетілген болуы мүмкін.
Жалгер теңгерімдегі жалға алған объектіні де, болашақтағы есептік 
кезеңдерге жатқызылатын жалгерлік бойынша міндеттемелерді де танымауы 
(мойындамауы) тиіс.
Міндеттемелер ретінде бастапқы тану, актив ретінде танылған сомаға 
қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда, актив және 
дисконтталған құн ретінде танылған сомаға қосылатын кез келген бастапқы 
шығындарды қоспағанда, әділетті құнының ең төменгі мөлшеріне тең 
сомасында танылады. 
Қаржылық лизинг жағдайларында қабылданған активтер, талдамалық 
субшоттардың бөліп көрсетілуімен 2410 «Негізгі құралдар» шотының дебеті 
бойынша және 3370 «Ұзақмерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», 
4150 «Жалгерлік бойынша ұзақмерзімді берешек» шоттарының кредиті 
бойынша көрсетіледі. 
Лизинг заты үшін тиесілі сыйақы сомасына 7310 «Сыйақы бойынша 
шығыстар» шоты дебеттеледі және 3380 «Төлемге қысқамерзімді сыйақылар», 
4160 «Төлемдерге ұзақмерзімді сыйақылар» шоттарына кредиттеледі [3]. 
Қаражаттарды аудару кезінде 3370 «Ұзақмерзімді кредиторлық берешектің 
ағымдағы бөлігі» шоты – белгілі бір есепті кезең ішіндегі лизинг затының 
құнын өтеу бөлігіндегі сомаға дебеттеледі; 3380 «Төлемге қысқамерзімді 
сыйақылар» шоты – есепті кезең ішіндегі сыйақы бойынша шығыстар сомасына 
дебеттеледі және ақшалай қаражаттар есебі үшін арналған шоттарды 
кредиттейді. 
Қаржы лизингі шарттары бойынша лизинг алушы лизинг заттарының 
өтемпұлын есептеуді жүзеге асырады. Активтердің қайда пайдаланылатынына 
қатысты, 7110 «Өнімдерді өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 
7210 «Әкімшілік шығыстар», 8415 «Негізгі құралдар өтемпұлдарын есептеу» 
шоттарын дебеттейді және талдамалық шотта олардың керек-жарағы бөліп 
көрсетіле отырып, 2420 «Негізгі құралдар өтемпұлы» шоты кредиттеледі. 
Қаржы лизингі шартының қолданысы ішінде лизинг алушы лизинг затын 
мерзімінен бұрын сатып алуы мүмкін. Бұл ретте есеп үшін арналған ақшалай 
қаражаттар шоттарын қалған сома бойынша, 3360, 4150 «Жалгерлік 
міндеттемелер» шоттары бойынша кредиттейді. 3370 «Ұзақмерзімді 
кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», 4150 «Жалгерлік бойынша 
ұзақмерзімді берешек» шоттары бұл ретте жабылады, ал талдамалық есепте 
2410 «Негізгі құралдар» шоты бойынша сатып алынған лизинг заттарын, біздің 
көзқарасымызша, меншікті негізгі құралдар санатына ауыстырған орынды 
болады. Есепте кейін меншікті активтер бойынша көрсетілетін, лизинг 
заттарының өтемпұлдары бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл 
операциялар тиісті шоттар бойынша талдамалық есепте көрсетіледі. 


38
Мүлікті қаржы лизингіне беру келесі талаптарды:
- осындай беру (тапсыру) Қазақстан Республикасының «Салықтар және 
бюджетке өзге де міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 78-бабымен 
белгіленген талаптарға сәйкес келуін; 
- лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке 
инвестициялар, биологиялық активтер ретінде сатып алуын сақтаған кезде, 
лизинг берушінің алуына жататын сыйақы сомасының бөлігі бойынша 
қосымша құн салығынан босатылуын қамтамасыз етеді [8]. 
Егер лизинг алушысы ҚҚС төлеушісі болып саналса, онда оған берілетін 
лизинг затына лизинг беруші жазып беретін шот-фактура бойынша төлеуге 
жататын салық сомасы, лизинг алушының есепке алуына жатқызылатын ҚҚС 
сомасы болып саналады. Салық салынатын айналым мөлшері, қаржы 
лизингінің шартына сәйкес (қайтарылатын лизинг шартын қоспағанда) бүкіл 
лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан шығарыла отырып көрсетіледі, бірақ 
айналым жасалатын күнге анықталатын, лизинг алушының айналым мөлшеріне 
келетін салық сомасынан көп емес. 
Салық салынатын айналым мөлшері: 

қаржы лизингі шартында белгіленген, мерзімді лизинг төлемін алу 
мерзімінің келу күніне;

егер қаржы лизингі шарты бойынша лизинг төлемін алу мерзімінің келу 
күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы 
лизингіне беру күні айналым жасау күні болып саналатын сол жағдайда;

түпкілікті есеп айырысу күні, қаржы лизингінің аталмыш шарты 
бойынша айналым жасаудың соңғы күні болып саналатын, лизинг алушының 
қаржы лизингі шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын 
өтеген кезде анықталуы тиіс. 
Алғытөлеммен (аванспен) төленген жалгерлік ақы жалгердің есептілігінде, 
болашақ кезеңдердің шығыстары емес, атап айтқанда, берешек ретінде 
көрсетілетініне назар аудару қажет және бұл аталмыш міндеттемелердің 
құқықтық және экономикалық мазмұнына сәйкес келеді. Жалгерлік шарттары 
тараптарының есебінде кірістер мен шығыстар ретінде, ағымдағы есептік 
кезеңге жатқызылатын жалгерлік төлемдер ғана, яғни жалға берушінің шарт 
бойынша орындалғаны үшін жалгердің (өтелген және/немесе есептелген) оған 
берешегі көрсетіледі. 
Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес аталмыш есептік 
кезеңге жатқызылатын, желгерлік бойынша шығыстардың шамасын анықтау 
үшін, біздің пікірімізше, жалгерлік ақының құрамын назарға алу қажет.
Жалгерлікпен байланысты, бірақ ең төменгі жалгерлік төлемдерге 
жатқызылмайтын, аталмыш есептік кезеңдегі бүкіл шығындар, аталмыш есепті 
кезең шығыстарына жатқызылуы тиіс. 
Шығыстар құрамына сондай-ақ жиынтық ең төменгі жалгерлік 
төлемдердің бөлінген бөлігі енгізілуі тиіс. Бұл ретте жалгерлік ақылардың 
болашақтағы ықтимал өзгерістері назарға алынбайды. 


39
Сол мезгілде, шартта жалгерлік төлемдердің нақты мерзімдерінің өсуі 
көзделген жағдайларда, аталмыщ өсуді жиынтық жалгерлік ақыларды анықтау 
және оны бөлу кезінде ескеру қажет. 
Мысалы, «Агро-думан» шаруа қожалығы ғимарат-жайды бес жыл мерзімге 
жалға алған. Жалгерлік ақы жылдың соңында салынады, бірінші жыл үшін ол 
100 000 теңгеге тең болады және әрбір одан кейінгі жылы ол 3 %-ға 
арттырылып, бес жыл ішіндегі жиынтық жалгерлік ақы 530 914 теңгені құрады, 
ал жалгерлік бойынша жыл сайынғы бірқалыпты шығыс – 106 183 теңге. 
Жалгерліктің әрбір дербес жылының соңындағы жалгердің есептілік 
көрсеткішіне бұл келесі түрде әсер етеді (6-кесте).
6-кесте 
Жалгерліктің әрбір бес жылының соңындағы жалгердің есептілігіндегі 
көрсеткіштер 
№ Бухгалтерлік теңгерім 
Пайдалар мен залалдар туралы 
есеп 
Бап 
Активтегі 
сома 
Пассивтегі 
сома 
Шығыстар 
бабы 
Сомасы







Жалгерлік бойынша есеп 
айырысулар 
(міндеттемелер) 
6 183 
Жалгерлік 
бойынша 
шығыстар 
(106 183) 
Ақшалай қаражаттар 
(100 000) 
Пайда
(106 183) 

Жалгерлік бойынша есеп 
айырысулар 
(міндеттемелер) 
9 366 
Жалгерлік 
бойынша 
шығыстар 
(106 183) 
Ақшалай қаражаттар 
(103 000) 
Пайда 
(106 183) 

Жалгерлік бойынша есеп 
айырысулар 
(міндеттемелер) 
9 366 
Жалгерлік 
бойынша 
шығыстар 
(106 183) 

Ақшалай қаражаттар 
(106 090) 
Пайда 
(106 183) 

Жалгерлік бойынша есеп 
айырысулар 
(міндеттемелер) 
6 369 
Жалгерлік 
бойынша 
шығыстар 
(106 183) 
Ақшалай қаражаттар 
(109 273) 
Пайда
(106 183) 

Жалгерлік бойынша есеп 
айырысулар 

Жалгерлік 
бойынша 
шығыстар 
(106 182) 
Ақшалай қаражаттар 
(112 551) 
Пайда 
(106 182) 
Е с к е р т у: 2011-2013 жылдардағы қаржылық есептілік негізінде авторлар 
құрастырды. 


40
Лизингтік қатынастар саласындағы компанияның саясатын зерделеу 
нәтижесінде, жалгерлік туралы келісім жасауға ынталандыру мақсатында 
жалға беруші жалгерге белгілі бір жеңілдік жағдайлар береді және ол жалгердің 
кейбір шығындарын өтеуден немесе жалгерлік ақыдан босатудан көрінуі 
мүмкін. Халықаралық қаржылық есептілік стандартын түсіндірулер бойынша 
Комитеттің арнайы нұсқауына сәйкес, осындай жеңілдіктер «тараптардың 
келісуі бойынша, жеңілдіктер табиғатына немесе төлеу тәсілі мен мерзімдеріне 
қатыссыз, объектіні пайдалану құқы үшін төленетін таза сыйақының 
ажырағысыз бөлігі ретінде көрсетілі тиіс». Осылайша, жалгер, жалгерлік 
бойынша шығыстарды жалгерліктің бүкіл мерзімі ішінде бірқалыпты кеміте 
отырып, берілген жеңілдікті ескереді. 
Мысалы, жабдықты жалға алу, пайдалану үшін алаң дайындаумен 
байланысты, жалгерден 50 000 теңге мөлшерінде қосымша шығындарды қажет 
етеді. Жалға беруші жалгерлік туралы шартты (5 жыл мерзімге және жыл сайын 
15 000 теңге мөлшерінде жалгерлік ақымен) ынталандыру мақсатында осы 
шығындарды жалгерге өтейді. Жалгер нақты дайындық шығындарын, олар қай 
уақытта көтерген болса, сол есепті кезеңнің шғындарына апарады, ал жалға 
берушінің алынған құралдары, олардың жыл сайынғы мәнін 140 000 теңгеге 
дейін жеткізе отырып, жылына бірқалыпты 10 000 теңгеден жалгерлік бойынша 
шығыстарды кемітуге есептен шығарылатын болатын, болашақ кезеңдердің 
кірісі ретінде ескерілетін болады. 
Жалгерге берілетін жеңілдік жалгерлік арқылы кемітуді білдіретін 
жағдайда, болашақ кезеңдерде кіріс болмайды, бірақ жиынтық бөлінетін 
жалгерлік ақыны анықтау кезінде төлемдердің жеңілдік жағдайы ескеріледі. 
Мысалы, шарт 50 000 теңге мөлшеріндегі жыл сайынғы жалгерлік ақымен 
10 жыл мерзімге жасалады. Бұл ретте жалгерді ынталандыру мақсатында, 
алғашқы екі жыл ішінде оны жалгерлік ақыдан босатады. Жалгерлік бойынша 
жыл сайынғы шығыс келесі түрде анықталады: 50 000 теңге мөлшеріндегі ай 
сайынғы төлем төленетін 8 жылға көбейтіледі, алынған сома жалға алған 10 
жылға бөлінеді, барлық – жалгерлік бойынша жыл сайынғы шығыс 40 000 
теңге. 
Алғашқы екі жыл ішінде жалгерлік бойынша шығысты, оны төлеуге 
жұмсалатын шығындарды көтерусіз есептеу қажет. 
Кестеде жалгердің қаржылық жалгерлік есебі бойынша шоттардың типтік 
корреспонденциясы көрсетілген (7-кесте). 
«Агро-думан» шаруа қожалығы мысалында лизингтік операциялар есебін 
қарастырудан көрініп тұрғандай, «Агро-думан» ШҚ өндірістік жабдықты 
қаржы лизингі шарты бойынша жалға алды. Барлық төлемдер әрбір есепті 
кезеңнің соңында жүзеге асырылды. Тиісті күнтізбелік жылдың алғашқы 
жұмыс күні жүзеге асырылатын, 2013 жыл үшін төлем айрықшалықты құрайды. 
Көрсетілген активті жалға беруші 150000 теңгеге (әділетті құнмен) сатып 
алынған болатын. Активтің пайдалы пайдалану мерзімі жасалған жалгерлік 
шартының мерзімімен сәйкес келеді. Тараптардың келісілген жылдық сыйақы 
мөлшерлемесі 8,36%-ды құрайды. Қаржылық (пайыздық) төлемдерді бөлу 
актуарлық әдісті пайдалану жолымен жүзеге асырылады.


41
7-кесте 
Жалгердің қаржылық жалгерлік есебі бойынша шоттардың типтік 
корреспонденциясы 
№ 
п/п 
Операциялар мазмұны 
Шоттар корреспонденциясы 
Дебет 
Кредит 





Қаржылық жалгерлік (лизинг) шарты 
бойынша объектілер алынды 
2310, 2410, 2740 
4150 

Берешектің ағымдағы бөлігі бөлінген
4150 
3370 

Қаржылық жалгерлік шарты бойынша 
сыйақы есептелді 
7320, 2930 
3380 

Негізгі қарыз бөлігі бойынша жалгерлік 
(лизингтік) төлем төленді
3040 
1010, 1030 

Жалгерлік (лизингтік) төлем бойынша 
сыйақы төленді 
3380 
1010, 1030 
Е с к е р т у: жалгердің қаржылық есебін талдау негізінде авторлар құрастырды.
Жалгерлік жіктеуі – қаржылық болып саналады, өйткені шарттың 
қолданыс мерзімі активті пайдалы пайдалану мерзіміне сәйкес келеді. 
Қаржылық есептілікті жасау кезінде, ең төменгі жалгерлік төлемдердің 
дисконтталған құны жалгерлік объектісінің әділетті құнынан артып кететін, 
ұйғарымды қабылдаймыз. Сыйақылар төлемдері мен жалгерлік міндеттемелер 
шамаларын есептеуді шарттың бүкіл қолданыс мерзімі ішінде жүргіземіз (8-
кесте). 
 
8-кесте 
Жалгерлік төлемдерді бөлу кестесі 
Кезең
Кезең басындағы 
берешек, мың 
теңге 
Қаржылық 
шығыстар, 
мың теңге 
Жалгерлік төлем, 
мың теңге 
Кезең соңындағы 
берешек, мың теңге 





2013 
150000 

35000 
115000 
2014 
115000 
9614 
35000 
89614 
2015 
89614 
7492 
35000 
62106 
2016 
62106 
5192 
35000 
32298 
2017 
32298 
2702 
35000 

Барлығы: 
Х 
25000 
175000 
Х 
Е с к е р т у: жалгерлік төлемдерді бөлу жалгерлік шарты мен компанияның есеп 
саясатына сәйкес жүргізіледі. 
2013 жылдағы сыйақылар бойынша қаржылық шығыстар 9614 мың теңгені 
құрайды және негізгі жалгерлік міндеттемелерді өтеумен бір мезгілде 2014 
жылға төлеуге жатады. Көрсетілген төлем кезеңнің басындағы берешек пен 
келісілген сыйақы мөлшерлерінің көбейтіндісі ретінде анықталады. 2013 жылы 
жүзеге асырылатын төлемнің пайыздық құрауыштары жоқ, өйткені жалгерлік 
шартын жасаумен бір мезгілде жүзеге асырылады. 
Жабдық лизингінің мерзімі 6 жыл, жалгер жыл сайын 7500 мың теңге 
мөлшерінде 
лизингтік 
төлемдерді 
жүзеге 
асыруға 
міндеттенеді. 


42
Кепілдендірілмеген қалдық құн 200 мың теңгеге тең, шартта көзделген 
мөлшерлеме 10%-ды құрайды. 9-кестеде мерзімдік лизингтік төлемдерді 
есептеу нәтижелері мен оларды бөлу кестесі көрсетілген.
9-кесте 
Лизингтік төлемдерді бөлу кестесі (мың теңге) 
Кезеңдер 
Лизингтік 
төлем (мың 
теңге) 

бойынша 
шығыстар 
(мың 
теңге) 
Жалгерлік 
міндеттемелерді өтеу 
(мың теңге) 
Кезең соңындағы 
жалгерлік 
міндеттемелер (мың 
теңге) 





Жалгерлік 
мерзімінің 
басындағы 
32664 

7500 
3266 
4234 
28430 

7500 
2843 
4657 
23773 

7500 
2377 
5123 
18650 

7500 
1865 
5635 
13015 

7500 
1301 
6199 
6816 

7500 
684 
6816 

Барлығы
45000 
12336 
32664 
Х 
Е с к е р т у: жалгерлік төлемдерді бөлу негізінде автор құрастырды.
Аталмыш шарт бойынша өткізбелер 10-кестеде көрсетілген. 
Лизинг бойынша өткізбелер: 
1) лизинг мерзімінің басында: 
2410 «Негізгі құралдар» шотының дебеті – 32664 мың теңге. 
3040 «Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» 
шотының кредиті - 4234 мың теңге. 
4150 «Жалгерлік бойынша ұзақмерзімді берешек» шотының кредиті - 
2843 мың теңге.
2) 1-ші жылдың соңында: 
а) қаржылық жалгерлік бойынша шығыстарды есептейміз: 
7320 «Қаржылық жалгерлік бойынша сыйақы төлеу шығыстары» шотының 
дебеті – 3266 мың теңге. 
3380 «Төлемге қысқамерзімді сыйақылар» - 3266 мың теңге.
б) лизингтік төлемдерді төлеу: 
3040 «Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» 
шотының дебеті - 4234 мың теңге. 
3380 «Төлемге қысқамерзімді сыйақылар» - 3266 мың теңге. 
1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаражаттар» шотының 
кредиті - 7500 мың теңге. 
в) лизинг бойынша қысқармезімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігін 
бөлеміз: 


43
10-кесте 
Жалгердің қаржылық жалгерлік есебі бойынша шоттарының типтік 
корреспонденциясы 
№ 
п/п 
Операциялар мазмұны 
Сомасы, мың 
теңге 
Шоттар корреспонденциясы 
Дебет 
Кредит 






Лизингтік 
мәмілелер 
объектісі 
кіріске алынды 
150000 
2410 
4150 

Жалгерліктің басында берешектің 
бір бөлігі төленді 
35000 
4510 
1030 

Лизинг 
бойынша 
(жылдық) 
ағымдағы берешектің бір бөлігі 
бөлінді 
25386 
(35000-9614) 
4510 
3040 

ҚҚС сомасына
3046 
(25386х12%) 
1420 
3040 

Бірінші жыл үшін лизинг шарты 
бойынша сыйақы есептелді 
9614 
7320 
3380 

ҚҚС-ты ескере отырып, бірінші 
жыл үшін негізгі қарыздың бір 
бөлігіндегі жалгерлік (лизингтік) 
төлем төленді 
28432 
(25386 +3046) 
3040 
1030 

Бірінші 
жыл 
үшін 
жалгерлік 
(лизингтік) төлем бойынша сыйақы 
төленді 
9614 
3380 
1030 

Жалгерліктің 
келесі 
жылының 
соңында өтеуге жататын берешектің 
ағымдағы бөлігі бөлінді
27508 
(35000– 7492) 
4150 
3040 
Е с к е р т у: жалға берушінің қаржылық жалгерлік есебін талдау негізінде авторлар 
құрастырды. 
4150 «Жалгерлік бойынша ұзақмерзімді берешек» шотының дебеті - 4657 
мың теңге. 
3040 «Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» 
шотының кредиті - 4657 мың теңге. 
- 2 жыл: 
а) лизинг бойынша шығыстарды есептейміз: 
7320 «Қаржылық жалгерлік бойынша сыйақы төлеу» шығыстары - 2843 
мың теңге. 
3380 «Төлемге қысқамерзімді сыйақылар» шотының кредиті - 2843 мың 
теңге. 
б) лизингтік төлемдерді төлеу: 
3040 «Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» 
шотының дебеті - 4657 мың теңге. 
3380 «Төлемге қысқамерзімді сыйақылар» шотының дебеті - 2843 мың 
теңге.
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақшалай қаражаттар» шотының 
кредиті - 7500 мың теңге. 


44
в) лизинг бойынша қысқамерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігін 
бөлеміз:
4150 «Жалгерлік бойынша ұзақмерзімді берешек» шотының дебеті - 5123 
мың теңге. 
3040 «Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» 
шотының кредиті – 5123 мың теңге. 
Қаржылық жалгерлік амортизацияланатын активтерге қатысты өтемпұлға 
жұмсалатын шығыстардың, сондай-ақ әрбір есепті кезеңдегі қаржылық 
шығыстардың туындауына әкеледі. 
Жалға алынатын активтердің өтемпұлдары бойынша есеп саясаты, 
меншіктегі амортизацияланатын активтерге қолданылатын есеп саясатына 
сәйкес келуі тиіс және өтемпұлдың танылатын сомасы 16 «Негізгі құралдар» 
Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) және 38 «Материалдық 
емес активтер» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес 
есептелуі қажет. Егер жалгерлік мерзімінің соңында жалға алынған активке 
жалгердің меншік құқығын алуға негізді сенімділігі жоқ болса, онда актив екі 
мерзімнің – жалгерлік мерзімінің немесе активті пайдалы пайдалану мерзімінің 
неғұрлым қысқа мерзімі ішінде толық өтемпұлы өтелуі (амортизациялануы) 
тиіс.
Жалгерлік заты болып саналатын активтің амортизацияланатын шамасы, 
амортизацияланатын меншікті активтерге қатысты жалгер қабылдаған өтемпұл 
бойынша есеп саясатына сәйкес, жүйелі негізде оның пайдаланылуы болжанған 
мерзім ішінде бүкіл есепті кезең бойынша бөлінеді. Егер, жалгердің жалгерлік 
мерзімінің соңында меншік құқығын алуға негізді сенімділігі бар болса 
пайдаланылады деп болжанған кезең, активті пайдалы пайдалану мерзіміне 
сәйкес келеді [6]. 
Бұған керісінше жағдайда актив екі мерзімнің – жалгерлік мерзімі мен 
пайдалану мерзімінің неғұрлым қысқа мерзімі ішінде амортизацияланады. 
Кезең ішіндегі қаржылық шығыстар мен өтемпұлға жұмсалатын шығыстар 
активіне жататын сома, осы кезеңде төлеуге жататын жалгерлік төлемдердің 
сомасына сирек түрде сәйкес келеді, демек, төлеуге жатқызылатын жалгерлік 
төлемдерді шығыстар ретінде жатқызған дұрыс болып саналмайды. Актив пен 
оған жатқызылатын міндеттеменің жалгерлік мерзімі басталғаннан кейінгі 
шама бойынша тең болатынына деген ықтималдық сәйкесінше аздау.
Активтің амортизацияланатын шамасын өтеу үшін оны пайдалы пайдалану 
мерзімінің ішінде өтемпұлдардың әр түрлі әдістері қолданылуы мүмкін. Оған 
сызықтық әдіс, қалдықты азайту әдісі мен өнімдер өндіру бірліктері әдісі 
жатқызылады [9].
Егер бұл ретте активтің қалдық құны өзгермейтін болса, активті пайдалы 
пайдалану мерзімі ішінде өтемпұлдың тұрақты сомаларын есептеу, негізгі 
құралдардың сызықтық өтемпұлдары әдісі болып табылады. 
Қалдықты азайту әдісін қолдану нәтижесінде есептелетін өтемпұлдар 
сомасы пайдалы пайдалану мерзімі ішінде азайтылып отырады.
Болжалды пайдалану немесе болжалды өнімділік негізінде өтемпұл 
сомасын есептеу, өнімдер өндіру бірліктері әдісі болып табылады. Кәсіпорын, 


45
актив салынған болашақтағы экономикалық пайдаларды тұтынудың 
болжанатын құрылымын неғұрлым дәл көрсететін әдісті таңдайды. Таңдап 
алған әдіс, осы болашақ экономикалық пайдаларды тұтыну құрылымындағы 
өзгеру жағдайларынан өзге, бір есепті кезеңнен екінші есептік кезеңге 
тізбектілікпен қолданылады. 
Пайдалану үшін ол қолжетімді болған кезде, яғни оның орналасқан жері 
мен жай-күйі басшылықтың ниеттеріне сәйкес оны пайдалануды жүзеге 
асыруға мүмкіндік берген кездегі сол уақытта активтің өтемпұлы басталады. 
Келесі екі күннің (датаның) бірінен: Халықаралық қаржылық есептілік 
стандартына (IFRS) сәйкес, сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру 
(немесе сатуға арналған ретінде жіктелетін, шығарылатын (кететін) топтар 
құрамына енгізу) күнінен немесе активті тану тоқтатылған күннен, активтің 
өтемпұлын есептеу тоқтатылады [6]. 
Актив толықтай амортизацияланған кездегі жағдайларды қоспағанда, жай 
активтің іркіліспен бос тұрып қалуы жағдайында активті белсенді пайдалану 
тоқтатылған жағдайда, сәйкесінше, өтемпұлды есептеу тоқтатылмайды. 
Сондай-ақ активті пайдалану негізінде өтемпұлдар әдістерін қолдану кезінде, 
егер актив өндіріс үдерісіне қатыспаса, өтемпұлдық аударым сомасы нөлге тең 
(жоқ) болуы мүмкін. 
Қандай да бір кезеңдегі өтемпұлдық аударымдар сомасы, әдетте пайда 
немесе залал (шығын) құрамында танылады. Бірақ кейбірде, активте салынған, 
болашақ экономикалық пайдалар, өндіріс үдерісінде өзге активтерге 
ауыстырылады. Бұл жағдайда өтемпұлдық аударым сомасы өзге активтің 
өзіндік құнының бөлігі болып саналады және оның теңгерімдік құнына 
енгізіледі. Мысалы, өндірістік негізгі құралдардың өтемпұлы босалқы қорларды 
қайта өңдеу шығындарының құрамына енгізіледі (ХҚЕС (IAS) 2) [6]. 
Осыған ұқсас түрде, әзірлемелер мақсаттарында пайдаланылатын негізгі 
құралдар өтемпұлы 38 «Материалдық емес активтер» Халықаралық қаржылық 
есептілік стандартына (IAS) сәйкес ескерілетін, материалдық емес активтердің 
өзіндік құнына енгізілуі мүмкін. 
Жалгерлік заты болып саналатын активті кәсіпорынның құнсыздануына 
тексеру үшін 36 «Активтердің құнсыздануы» Халықаралық қаржылық есептілік 
стандарты (IAS) қолданылады. 
Егер оның теңгерімдік құны өтелетін құннан артып кететін болса, актив 
қүнсызданады. 
Құнсыздануды білдіретін белгілер бар болған кезде, кәсіпорын өтелетін 
құнға формалды бағалау жүргізуі тиіс.
Кәсіпорын әрбір есепті кезеңнің соңында, активтердің құнсыздануының 
қандай да бір белгілерінің бар-жоқтығын бағалауы тиіс. Қандай да бір осындай 
белгілер бар болған жағдайда, кәсіпорын активтің өтелетін құнын бағалауы 
қажет.
Лизинг шарты бойынша алынған жабдықты «Агро-думан» ШҚ қалдықты 
азайту әдісімен амортизациялайды. 
Бірінші жыл үшін лизингтік жабдыққа өтемпұл есептеу келесі өткізбемен 
көрсетіледі: 


46
8410 «Үстеме шығыстар» шотының дебеті - 60000 мың теңге, 
2420 «Негізгі құралдар өтемпұлы» шотының кредиті - 60000 мың теңге. 
Лизинг объектісіне жөндеу жасалуы мүмкін. 
Осындай шығындардың туындауына қарай тану қағидатын басшылыққа ала 
отырып, кәсіпорын 16 Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) 10-
тармағына сәйкес, негізгі құралдарға жататын өзінің бүкіл шығындарын бағалауы 
тиіс. Осындай шығындарға, негізгі құралдар объектілерін сатып алумен немесе 
салумен (құрылысымен) байланысты, бастапқы бетте көтерген шығындар, сондай-
ақ қосымша құрылыс салумен байланысты көтерген шығындар кіреді. Негізгі 
құралдарды жөндеу бойынша кейінгі шығыстар есебі олардың сипатына қатысты 
болады. Егер бұл үшін негіздер бар болса, мысалы: 
- шығындар активтерді пайдалану мерзімін ұзартуға әкелсе; 
- шығындар оларды стандартты пайдаланудан алатын бастапқы бетте 
бағаланған пайдалардан жоғары қосымша пайда алуды түбегейлі молайтуға 
әкелсе, онда реконструкцияға және жаңғыртуға жұмсалатын шығындар 
капиталдандырылады.
11-кестеде оның пайдалы пайдалану қызметінің бүкіл мерзіміне лизингтік 
жабдықтардың өтемпұлдарын есептеу көрсетілген. 
11-кесте 
«Агро-думан» ШҚ лизингтік жабдықтарының өтемпұлдарын есептеу тәртібі 
Жыл
Жылдың басындағы 
теңгерімдік құны, мың 
теңге 
Өтемпұлдың 
жылдық 
нормасы, % 
Өтемпұлдар 
есептеу 
формасы, мың 
теңге 
Жылдың 
соңындағы 
теңгерімдік құны, 
мың теңге 






150000 
40 
60000 
90000 

90000 
40 
36000 
54000 

54000 
40 
21600 
32400 

32400 
40 
12960 
19440 

19440 
–– 
19440 

Барлығы: 
Х 
150000 
Х 
Е с к е р т у: жалгерлік төлемдерді бөлу негізінде авторлар құрастырды. 
Лизинг алушының лизинг объектілерін жөндеу бойынша шығындар есебін 
қарастырамыз (13-кесте). 


47
13-кесте 
Лизинг алушының лизинг объектілерін жөндеу бойынша шығындар есебі 
№ 
п/п 
Операциялар мазмұны 
Сомасы, 
теңге 
Дебет 
Кредит 





Негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу шығындарының есебі 

Мердігерлік ұйымдардың жөндеу жұмыстарын 
орындауы 
7110, 7210 3310 

Шаруашылық 
тәсілмен 
орындалған, 
негізгі 
құралдарды жөндеу бойынша шығындардың 
көрсетілуі 
2.1 – материалдық шығындар сомасына 
54300 
7110, 7210, 
8310 
1310, 1350 
2.2 – еңбек шығындары сомасына 
25100 
7110, 7210, 
8310 
3350 
2.3 – еңбек шығындарынан аударымдар сомасына 
2485 
7110, 7210, 
8310 
3150, 3210 
2.4 – бөгде шығындар
16700 
7110, 7210, 
8310 
2420, 3390 
және 
басқалары 
2.5 – ұйым ішінде ағымдағы кезең шығыстарына, 
жөндеу цехы орындаған жөндеу жұмыстарының 
өзіндік құны есептен шығарылды
95595 
7110, 7210 8310 
Негізгі құралдарды күрделі жөндеу шығындарының есебі

Мердігерлік ұйымның жөндеу жұмыстарын 
орындауы 
1.1 
– шығындар есебі 
95595 
2930 
3310 
1.2 
– жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін негізгі 
құралдар құнын арттыруға шығындарды 
капиталдандыру 
95595 
2410 
2930 

Шаруашылық тәсілмен орындалған, негізгі 
құралдарды жөндеу бойынша шығындарды 
капиталдандыру: 
2.1 
– материалдық шығындар сомасына 
54300 
2930, 8310 1310, 1350 
2.2 
– еңбек шығындары сомасына 
25100 
2930, 8310 3350 
2.3 
– еңбек шығындарынан аударымдар сомасына 
2485 
2930, 8310 3150, 3210 
2.4 
– бөгде шығыстар 
16700 
2930, 8310 2420, 3390 
және 
басқалары 
2.5 
– жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін негізгі 
құралдар 
құнын 
арттыруға 
шығындарды 
капиталдандыру 
95595 
2410 
8310, 2930 
Е с к е р т у: лизинг алушының лизинг объектілерін жөндеу бойынша шығындар есебін 
бөлуді құрастырған – авторлар. 


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет