53
лизинг мүлкі бойынша өтемпұл аударымдары (ӨА), лизинг берушіге сыйақы
(ЛС) және лизинг берушінің қосымша қызмет көрсетулері үшін төлем (ҚҚ)
кіреді және ол шартта төмендегіше көрсетілген:
Б ӨА + Л + ҚҚ (11),
«Әдістемелік ұсынымдардағы» «лизинг
шарты бойынша мәмілелерден
алынатын түсім» ұғымын «лизинг шартындағы қызмет көрсетулер бойынша
лизинг беруші төлейтін қосымша құн салығы бойынша салық базасы»
редакциясымен алмастыру ұсынылады [11].
Әр түрлі қызмет түрлері үшін қосымша құн салығы бойынша салық
базасын есептеудің
ерекшеліктерін реттейтін, ҚР Салық кодексінің ережесіне
толықтырулар енгізу. Лизингтік төлемдерге есептелетін қосымша құн салығы
бойынша салық базасының құрамына, лизинг мүлкі
бойынша өтемпұлдық
аударымдар сомасы, лизинг берушіге сыйақылар және шартта көрсетілген
лизинг берушінің қосымша қызмет көрсетулері үшін төлем кіретінін анықтау.
Нормативтік құжаттардың тиісті ережелерін әзірлеу кезінде,
лизингтік
төлемдерге есептелетін қосымша құн салығы бойынша салық базасына
енгізілетін элементтер тізбесі жабық болуы тиіс екеніне назар аудару қажет.
Осындай жағдайда ғана лизингтік қызметке қатысуышлар мен салық органдары
арасындағы келіспеушілік (пікірлер алшақтығы) жойылады. Ең болмағанда,
қазіргі
уақытта кездесетін, лизингтік операцияларға салық салудағы даулы
мәселелерді реттеу қажет. Бұл, елеулі дәрежеде, қосымша құн салығы бойынша
салық базасынан, несие ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлем ретінде,
лизингтік төлемдердің осындай элементтерін алып тастауға, сондай-ақ
лизингтік төлемдер құрамына кіретін мүлік салығының сомасына қосымша құн
салығын есептеуге жол бермеуге қатысты.