Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


Лизингтік операциялар есебінің және салық салудың тәжірибедегі



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Лизинг КАЗ

2.4 Лизингтік операциялар есебінің және салық салудың тәжірибедегі 
проблемалары және оларды шешу жолдары 
Қолданыстағы есеп методологиясының бірмағыналы еместігі, лизинг 
компаниясының да, лизинг алушының да нақты қаржылық жағдайын қажетті 
сенімділікпен көрсетуге мүмкіндік бермейді. Қосымша ақпараттарсыз 
тәжірибеде компанияның нақты активтері мен міндеттемелерін талдау және 
бағалау мүмкін емес. Аталмыш проблема бірінші кезекте, мүліктің теңгерім 
иесіне қатысты, есепте лизингтік операцияларды көрсетудің әр түрлі 
тәсілдемелеріне негізделген. 
Шетел валюталарында көрсетілген активтер мен міндеттемелер есебі және 
қайта бағалау, лизинг компанияларының бухгалтерлік есебі мен есептілігінің 
негізгі проблемаларының бірі болып саналады. Әсіресе, бұл проблема елеулі 
валюталық міндеттемелері бар және өз теңгерімінде лизинг заты есепке 
алынатын компанияларда анық байқалады. Атап айтқанда, проблема мынада 
болып табылады. Егер лизинг заты лизинг компаниясының теңгерімінде есепке 
алынса, несиелер мен займдар бойынша компаниялардың міндеттемелері және 
ағымдағы лизингтік төлемдер бойынша дебиторлық берешек, негізінен, қайта 
бағалауға жатады. Бұл ретте теңгерім активтері, ал бұл дегеніміз табыс әкелетін 
қаражат салымы (лизинг заты) рубльдермен көрсетіледі және қайта бағалауға 
жатпайды. Бұл, теңгерім баптарының да, сол сияқты қаржылық нәтижелердің 
де, есептілік көрсеткіштерінің айтарлықтай елеулі бұрмалануына әкеледі. 
Басқалай айтсақ, біз қаржылық есептілікте; нақты іс жағдайына сәйкес 
келмейтін, алдамшы пайдалар мен залалдарға (шығындарға) ие боламыз. Егер 
лизинг заты лизинг алушының теңгерімінде есепке алынатын болса, онда 
компанияның несиелер және займдар бойынша міндеттемелері, сол сияқты 
аталмыш жағдайда ағымдағы лизингтік төлемдерді төлеу бойынша берешектер 
мен лизинг шарты бойынша берешектерден тұратын лизинг бойынша 
дебиторлық берешегі қайта бағалауға жатады. Аталмыш жағдайдағы активтер 
мен міндеттемелер арасындағы теңгерімсіздік шамалы ғана болады [9, 69-б.]. 
Лизинг алушы бухгалтерлік есепті жүргізуі кезінде теңгерімде лизинг 
затын көрсету кезіндегі негізгі проблемалар болып, біздің пікірімізше келесілер 
саналады: 
- лизинг алушының теңгеріміндегі мүлік активінің өзіндік құны, лизинг 
шартының талаптарына қатысты лизинг берушінің теңгеріміндегі мүлік 
активінің өзіндік құнынан түбегейлі өзгешеленеді және бұл лизинг берушінің 
теңгеріміндегі мүлік есебімен салыстырғанда мүлікке салынатын салық 
бойынша неғұрлым жоғары салық салынатын базаға әкеледі; 
- егер лизинг шартында өтемпұл әдісі мен лизинг затының пайдалы 
пайдалану мерзімі жазылмаған болса, онда олар, лизинг алушының лизингтік 
төлемдерін есептеудің негізгі параметрлері ретінде, лизинг шарты бойынша 
өтемпұлдың нақты қабылданған талабы ретінде, лизинг берушінің деректерінен 
түбегейлі өзгешеленуі мүмкін. Бұл мәмілелерді үзу және оның аяқталуы кезінде 
үлкен қиндықтарға әкеледі, атап айтқанда: 


49

- бухгалтерлік есепте лизинг алушы әдетте, оны есептеудің сызықтық 
әдісін қолдана отырып, шығыстарға өтемпұлды ғана жатқызады. Егер лизингтік 
төлемдер кестесі бірқалыпты емес болса, онда нақты есептелетін лизингтік 
төлемдерден өтемпұлдың артып кетуі туындайды; 

- лизинг алушының мәмілені үзуі кезінде есепте мүліктің істен шығуын 
(шығарылуын) көрсетуде қиындық туындайды. Бұл бухгалтерлік есепке де, сол 
сияқты салық есебіне де қатысты; 

- лизинг шартының сомасын өзгерту кезінде лизинг алушыда аталмыш 
өзгерістерді бухгалтерлік есепте көрсетумен байланысты проблемалар 
туындайды, өйткені 17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік 
стандарты, мүлікті пайдалануға бергеннен, іске қосқаннан кейін, мүлік 
активінің өзіндік құнының өзгеруін (жаңғыртуды, реконструкциялауды 
қоспағанда) қарастырмайды [6]. 
Несие бағасы, лизингтің дамуын жетілдіруді айқындайтын аса маңызды 
факторлардың бірі болып саналады. Инвестициялық жағдайды жақсарту және 
қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін төмендету басымдық танытатын 
үдерістер 
болып 
саналады. 
Осыны 
ескеретін 
болсақ, 
лизингтік 
операциялардағы несие бағаларын ескерту тәртібін қайта қарау үшін негіз бар 
деп айтуға болады. 
Қолданылатын ережелерге сәйкес, лизинг шартының бүкіл қолданыс 
мерзімі ішінде несие үшін сыйақының өзгермейтін мөлшерлемелері 
қолданылады. Бірақ несие бағасы өзгеріссіз қалмайды. Несие үшін төлемді 
белгілеудің бұрынғы тәртібін сақтау лизингтік мәмілелер тараптарының (несие 
алушының немесе лизинг алушының) мүдделеріне қысым жасауы (шек қоюы) 
мүмкін. Сондықтан қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің өзгеруіне 
шамалас өзгеретіндей, лизингтік жабдықты сатып алуға берілетін несиелер 
бойынша құбылмалы мөлшеремелер белгілеу орынды болып көрінеді. 
Лизинг жалгерліктен объекті қатынастарымен де өзгешеленеді. Тәжірибеде 
кез келген мүлікті жалға алуға болады. Жер телімдерінен және өзге табиғи 
объектілерден өзге, кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген 
тұтынылмайтын заттар, лизинг шартының заты болуы мүмкін. 
Жалгерлік кезінде, жалға беруші осыған дейін иелік ететін мүлік, жалға 
беруші мен жалгер арасындағы шарт объектісі болып саналады. Лизингте бұл 
сирек болады. Лизинг алушы өзіне қажетті мүлікті өзі таңдайды, сатып алу-сату 
шартының талаптары мен жеткізушіні өзі анықтайды, аталмыш мүлікті 
жеткізушіден тікелей қабылдауды өзі жүзеге асырады. 
Лизингтік фирма жеткізушімен сатып алу-сату шартына ғана қол қояды 
және лизинг алушы өзі таңдаған мүлікке төлемді жүзеге асырады. Лизинг 
беруші, сатып алынатын мүліктің меншік иесі болып санала отырып, лизинг 
затын табыстау кезінде қатыспауы мүмкін. Бірақ біздің пікірімізше, қаржы 
лизингі шартында келісілген лизинг затының техникалық сипаттамаларының 
сәйкестігін бақылау мақсатында, лизинг беруші тарап қызметкерлерінің 
қатысуымен лизинг затын қабылдау-тапсыру актісін жасауы және жылына екі 
рет оған мониторинг жүргізуі қажет [9, 79-б.]. 


50
Қарастырылып отырған ұғымдарды алмастыру, лизингтің инвестициялық 
мағынасы мазмұнының өзін жоғалтады. Лизинг – бұл инвестициялық қызмет 
түрі, сонымен бірге елдің жұмыс істеп тұрған ғана емес, алғы төлем төленген 
капиталын да кеңейту. Дәстүрлі жалгерлік ондай болып саналмайды. Ол осыған 
дейін бар ұзақмерзімді активтерді пайдалану құқығын білдіреді, бірақ бизнесті 
кеңейту және дамыту емес. Сондықтан лизинг пен жалгерлікті ұқсастыру, 
лизингтік қатынастар субъектілері қолдауына сүйенемін деп есеп құруға 
құқылы, мелекеттік қолдаудан бас тартумен қолайсыздыққа ұшырайды. 
Жалгерлік кезінде пайдаланушының жалға беруші – меншік иесімен ғана
қарым-қатынасы болады. Лизингте пайдаланушы лизинг алушы – меншік 
иесімен қаржылық міндеттемелермен ғана байланысады. Жабдықты жеткізуге, 
негізінен, оны пайдалануға қатысты барлық мәселелерді, ол тікелей жабдықты 
жасаушы – жеткізушімен тікелей шешеді. 
Жауапкершілік және тәуекелдің ауысу мәселелерін шешуде жалгерлік пен 
лизинг шарттарының неғұрлым анық айырмашылықтары көрінетін болады. 
Жалгерлік шартында жалға беруші жалгердің иелігіне мүлікті уақытылы 
бермегені үшін, анықталған сәйкессіздіктер және т.б. үшін жалгер алдында 
жауапкершілік көтереді. Лизинг шартында шарттың затына (сапасына, 
пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеуіне) жататын талаптарды бұзғаны үшін, 
әдетте жабдықты жасаушы жауапкершілік көтереді. Пайдаланушы алдында 
жабдықтың меншік иесі емес, лизинг затын жасаушы жауап береді. Жалгерлік 
шартында кездейсоқ жойылу тәуекелін жалгер-меншік иесі, ал лизинг 
шартында, негізінен – лизинг алушы – пайдаланушы көтереді. Демек, лизинг 
мазмұны кәдімгі жалгерлік шегінен анағұрлым шығып кетеді. 
Қазақстан Республикасында лизингті кеңейту үшін белгіленген 
мақсаттарға жетудің сенімді құралдарымен нығайтуға көпуәделі ниет және ең 
алдымен елдің инвестициялық қорын қалыптастырудағы және пайдаланудағы 
мемлекеттің рөлін түбегейлі арттыратындай және инвестициялық ахуалды 
нақты жақсартатындай шараларды көздейтін, инвестициялық серпіліс 
бағдарламаларын әзірлеу қажет. Бұл бағдарламаға келесілер кіруі тиіс: 

өтемпұлдық аударымдардың инвестициялық функцияларын толық 
қалпына келтіру, мемлекеттік қана емес, сонымен бірге бүкіл кәсіпорындардың 
қаражаттарын қатаң қалыптастыру және пайдалану; 

негізгі капиталға, инвестицияларға бағытталатын пайдаларды салық 
салудан 
босату, 
ғылыми-зерттеу 
және 
тәжірибелік-конструкторлық 
әзірлемелерді қаржыландыру және жаңа технологияларды меңгеру; 

заңнамамен белгіленген нормалар деңгейінде инвестицияларды 
мемлекеттік қаржыландыруды кеңейту; 

несие үшін сыйақы мөлшерлемелерін төмендету және өндірістік 
қызметті қайта қаржыландыру тетіктерін жасау, Қазақстан үшін жаңа 
несиелендіру бағыттарын дамыту және бірінші кезекте ипотекалық 
несиелендіру мен лизингті дамыту; 

мемлекеттік 
кепілдіктердің, 
мемлекеттік 
банктердің 
несие 
ресурстарының көмегімен өндірістік аяларды дамытуға инвестициялық 


51
ресурстарды жұмылдыруға қабілетті даму институттарын құру, өндірістік 
инвестицияларды қайта қаржыланыру арналарын қалыптастыру; 

өндірістік инвестицияларды қаржыландыру мақсатында корпоративтік 
бағалы қағаздар нарығын дамыту [5]. 
Осы шараларды жүзеге асыру мемлекеттің ақша-несие және салық-бюджет 
саясатына, олардың мақсатты бағытталушылығына, ең алдымен инвестициялық 
үрдістің қарқындылығы мен тиімділігін арттыруға және экономикалық өсудің 
жоғары және орнықты қарқынын қамтамасыз етуге түбегейлі түзетулер 
жасауды қажет етеді. Меншікті қаржы ресурстарының жетіспеушілігі 
жағдайларында лизинг, өндірісті жаңғыртуға ірі, ауқымды капитал жұмсауды 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, негізгі қаржы құралдарының бірі болып 
саналады.
Жалгер мен жалға беруші, қаржы активтері мен міндеттемелері туралы 
ақпараттарды ашуды реттемелейтін, 32 «Қаржы құралдары: ақпараттарды ашу 
және табыс ету» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) 
талаптарын орындаумен қатар, келесі ақпаратты: 
- келесі кезеңдердің әрбірі бойынша: бір жылдан кешіктірмей; бір жылдан 
бес жылға дейін; 5 жыл өткеннен кейін, бұзылмайтын жалгерлік бойынша 
болашақтағы ең төменгі жалгерлік төлемдердің жиынтық шамасын; 
- жалгерлік шарттарының негізгі қағидаттарының жалпы сипаттамасын 
(жекелей алғанда: жалгерлік төлемдерді анықтау негіздерін; жалгерлікті 
қалпына келтіруге құқықтардың болуы мен талаптарын; жалгерлік 
шарттарымен белгіленген шектеулерді, оның ішінде дивиденттерге, қосымша 
қарызға және алдағы жалгерлікке қатысты шектеулерді) табыс етуге міндетті 
[6]. 
Жалгер мұнан өзге: 
- ол есепті күндегі жағдай бойынша шарт негізінде бұзылмайтын 
субжалгерлік (қосымша жалгерлік) алуды болжайтын, субжалгерлік бойынша 
болашақ ең төменгі төлемдердің жиынтық шамасын; 
- әсіресе ең төменгі жалгерлік төлемдердің шамасын көрсете отырып, 
есепті кезең шығыстары ретінде танылған жалгерлік және субжалгерлік 
бойынша төлемдерді, жалгерлік төлемдерді және субжалгерлік бойынша 
төлемдерді ашып көрсетуі тиіс. 
Жалға беруші, өз кезегінде, есепті кезеңнің кірісі болып танылған шартты 
жалгерлік төлемнің жиынтық шамасын ашып көрсетуге міндетті. Бұдан өзге, 
жалгерлік жағдайларында пайдалануға берілетін активтерге қатысты, жалға 
берушілерге, ақпараттарды ашып көрсетуді реттемелейтін 16 «Негізгі 
құралдар» ХҚЕС (IAS), 36 «Активтерді қамтамасыз ету» ХҚЕС (IAS), 38 
«Материалдық емес активтер» ХҚЕС (IAS), 40 «Инвестициялық меншік» 
ХҚЕС (IAS) және 41 «Ауыл шаруашылығы» ХҚЕС (IAS) талаптары 
қолданылады. 
Жалгер қаржы лизингі шарты және объектіні тапсыруды (беруді) қабылдау 
актісі негізінде қаржы жалгерлігін, жалгер төменгі әділетті құны және ең 
төменгі лизингтік төлемдердің дисконтталған құны бойынша активтер және 
міндеттемелер ретінде көрсетуі тиіс.


52
«Қаржылық жалгерлік» және «қаржы лизингі» ұғымдары мен өлшемдері 
мен маңызы боынша олардың айырмашылықтарын салыстыра отырып, осы 
монографияның 1-3-тармағында, біз, 17 «Жалгерлік» ХҚЕС (IAS) талаптарына 
сәйкес, жалгерлік қаржылық болып танылуы мүмкін, бірақ ол ҚР «Қаржы 
лизингі туралы» Заңға сәйкес қаржы лизингін тану өлшемдерін (мысалы, 
қаржылық жалгерліктің мерзімі кем дегенде үш жыл) қанағаттандырмауы 
мүмкін деген қорытынды жасадық [1]. 
Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңының 2-бабына 
сәйкес лизинг есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес 
жүзеге асырылуы тиіс [1]. 
17 «Жалгерлік» ХҚЕС (IAS)-қа сәйкес қаржы лизингі (қаржылық 
жалгерлік) бойынша шаруашылық операциялары лизинг алушының (жалгердің) 
бухгалтерлік есебінде белгілі бір тәртіпте көрсетіледі [6]. 
«... әдістемелік ұсынымдардың» ережесі қолданыстағы салық заңнамасына 
қайшы келетінін және елеулі түзетулерді қажет ететінін байқау қиын емес. 
Лизингтік төлемдерді есептеуді реттемелейтін жаңа құжат қабылдау немесе 
қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарға өзгерістер енгізу қажеттілігі 
туындайды [11]. 
Ілгеріде айтылғандай, аталмыш ұсынымдардың заңнамалық күші жоқ, 
ұсынымдық қана сипаты бар. Ескерту ретінде: «лизинг алушының түсімдерін 
есептеу кезінде қосылатын құрам қосымша құн салығы туралы заңнамамен 
және салық салынатын базаны анықтау бойынша нұсқаулықтармен 
анықталады» деп айтылған. Қазіргі уақытта ҚР Салық кодексінде де, тиісті 
нұсқаулықтарда да, лизингтік төлемдердің жекелеген элементтеріне қосымша 
құн салығы бойынша салық салынатын базаға енгізілуін немесе одан 
шығарылып тасталуын реттейтін, лизинг шарты бойынша мәлімеде лизинг 
берушінің алатын түсіміне қатысты ережелер жоқ [11]. 
Біздің пікірімізше, бұл проблеманы төмендегі екі тәсілмен шешуге болады: 
- міндетті сипатқа ие, лизингтік төлемдерді есептеу тәртібін реттейтін жаңа 
нормативтік құжат әзірлеу. Лизингтік төлемдерге есептелетін қосымша құн 
салығын есептеуге қатысты бөлім мәтінін келесі түрде жазу. 
- аталмыш салық бойынша салық базасын есептеудің ерекшеліктерін ашып 
көрсететін ережемен оны толықтырып, лизингтік төлемдерге есептелетін 
қосымша құн салығын есептеу үшін стандартты формуланы қолдану. 
Қосымша құн салығының мөлшерін есептеу 10-формуламен анықталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет