Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Басқа Заңды Мен Реттеуші Талаптар Бойынша Есеп Беру



бет55/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65

Басқа Заңды Мен Реттеуші Талаптар Бойынша Есеп Беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]


4 Қосымша:

Жағдайларға мыналар жатады:

  • Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес дайындаған жалпы сипаттағы мақсат қаржылық есептіліктің толық пакеті аудиті.

  • Аудиторлық келісімнің шарттары 210 АХС шеңберіндегі қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы жауапкершіліктерін сипаттайды.

  • Аудитор қаржылық есептіліктің жеке элементі бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Аудитор компанияның таза активтерінің 90% пайызын көрсететін бірлескен ұйымның инвестицияларының қаржылық ақпараты бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілетсіздіктің ықтимал ықпалдары қаржылық есептілік бойынша елеулі мен басыңқы болып саналады.

  • Қаржылық есептілік аудитін толтыру ретінде аудитор жергілікті заңға сай басқа есеп беру бойынша жауапкершіліктері бар.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Тиісті адресат]

Қаржылық Есептілік Бойынша Есеп524

Біз ABC компаниясының көмекші қаржылық есептілігі аудитін орындағанбыз. Бұл 20X1 жылдың 31 желтоқсанындағы баланс пен табыстар бойынша есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен және аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есеп пен шын мәніндегі бухгалтерлік саясат тұжырымдамасы мен басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы525 жауапкершілігі

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына526 сәйкес бұл қаржылық есептілікті дайындау мен әділ түрде көрсетуге, сонымен қоса субъект басшылығының алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындаудың керектігіне шешімі бойынша қажетті болатын ішкі бақылауға жауапты болады.



Аудитор жауапкершілігі

Біз аудитімізге негізделген бұл қаржылық есептілік туралы пікір айтуға жауаптымыз. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитті орындап жатқанбыз. Пікір Айтудан Бас Тарту параграфындағы Негіз бойынша баяндалған мәселенің нәтижесінде, алайда, біз аудиторлық пікір негізі үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмадық.



Пікір Айтудан Бас Тарту Негізі

ABC компанияның XYZ компаниясын (X елі) инвестициялауы 20X1 жылдың 31 желтоқсанындағы компанияның таза активтерінің 90% пайызын көрсететін компаниядағы баланста xxx бойынша көрсетілді. Біз XYZ аудиторларын, субъект басшылығын, аудиторлық құжаттаманы көз жеткізуге рұқсат етілмедік. Демек, біз басқарылатын XYZ активтеріне, олар бір бірімен жауапты болатын жыл бойынша XYZ табысы мен шығындарының тепе-теңдік үлесі, меншікті капиталдағы өзгерістер мәлімдемесі, ақшалай қозғалысы бойынша есепке қатысты сомаларды түзету керектігін анықтай алмадық.



Пікір Айтудан Бас Тарту

Пікір Айтудан Бас Тарту параграфындағы Негіз бойынша баяндалған мәселенің нәтижесінде, біз аудиторлық пікір негізі үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмадық. Демек, біз қаржылық есептілік бойынша пікір айтпаймыз.



Басқа Заңды мен Реттеуші Талаптар бойынша Есеп Беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]


5 Қосымша:

Жағдайларға мыналар жатады:

  • Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес дайындаған жалпы сипаттағы мақсат қаржылық есептіліктің толық пакеті аудиті.

  • Аудиторлық келісімнің шарттары 210 АХС шеңберіндегі қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы жауапкершіліктерін сипаттайды.

  • Аудитор қаржылық есептіліктің көпшілікті элементтері бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Аудитор компанияның материалдық тауарлы қорларды түгендеу мен дебиторлық қарыз бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілетсіздіктің ықтимал ықпалдары қаржылық есептілік бойынша елеулі мен басыңқы болып саналады.

  • Қаржылық есептілік аудитін толтыру ретінде аудитор жергілікті заңға сай басқа есеп беру бойынша жауапкершіліктері бар.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Тиісті адресат]

Қаржылық Есептілік Бойынша Есеп527

Біз ABC компаниясының көмекші қаржылық есептілігі аудитін орындағанбыз. Бұл 20X1 жылдың 31 желтоқсанындағы баланс пен табыстар бойынша есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен және аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есеп пен шын мәніндегі бухгалтерлік саясат тұжырымдамасы мен басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы528 жауапкершілігі

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына529 сәйкес бұл қаржылық есептілікті дайындау мен әділ түрде көрсетуге, сонымен қоса субъект басшылығының алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындаудың керектігіне шешімі бойынша қажетті болатын ішкі бақылауға жауапты болады.



Аудитор жауапкершілігі

Біз аудитімізге негізделген бұл қаржылық есептілік туралы пікір айтуға жауаптымыз. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитті орындап жатқанбыз. Пікір Айтудан Бас Тарту параграфындағы Негіз бойынша баяндалған мәселенің нәтижесінде, алайда, біз аудиторлық пікір негізі үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмадық.



Пікір Айтудан Бас Тарту Негізі

Біз 20X1 жылдың 31 желтоқсанынан кейін аудиторлар лауызымына тағайындалдық, сондықтан біз жылдың басында және соңында физикалық материалдық қорларды түгендеудің санағын шолу орында алмадық. Біз 20X0 және 20X1 жылдары 31 желтоқсанындағы физикалық материалдық қорларды түгендеуге қатысты xxx және xxx бойынша баланста көрсетілген баламалы құралдарды пайдалануға риза бола алмадық. Қосымша ретінде, 20X1 жылдың қыркүйегіндегі жаңа дебиторлық қарыз бойынша компьютерлік бағдарламаның енгізілуі дебиторлық қарыздардың көпшілікті қателерін тудырды. Біздің аудиторлық есебімізді шығару күні бойынша субъект басшылығы компьютерлік бағдарламаның кемшіліктері мен қателерін түзетуде болды. Біз 20X1 жылдары 31 желтоқсанына қатысты xxx жалпы сомасы бойынша сальдоға енгізілген дебиторлық қарызды баламалы құралдармен қуаттай алмадық. Демек, біз түзетілмеген немесе құжатталған материалдық қорларды түгендеу мен дебиторлық қарыздар, табыс бойынша есепті қалыптастыратын элементтер, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп, ақшалай қозғалысы туралы есепке қатысты сомаларды түзету керектігін анықтай алмадық.



Пікір Айтудан Бас Тарту

Пікір Айтудан Бас Тарту параграфындағы Негіз бойынша баяндалған мәселенің нәтижесінде, біз пікір негізі үшін аудиторлық пікір негізі үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмадық. Демек, біз қаржылық есептілік бойынша пікір айтпаймыз.



Басқа Заңды Мен Реттеуші Талаптар Бойынша Есеп Беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]

706 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Тəуелсіз Аудитор Баяндамасындағы Түсініктеме Параграфтары

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ....................................................................................................1−2

Күшіне ену Күні ..........................................................................................................3

Мақсаттары ...............................................................................................................4

Анықтамалары .........................................................................................................5

Талаптары

Аудиторлық Есептегі Түсіндірмелі Параграф ......................................................6−7

Аудиторлық Есептегі Басқа Түсіндірмелі Параграф ...............................................8

Өкілетті Тұлғалармен Байланысу .............................................................................9



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Есептегі Түсіндірмелі Параграф ...............................................A1−A4

Аудиторлық Есептегі Басқа Түсіндірмелі Параграф ..................................A5−A11

Өкілетті Тұлғалармен Байланысу ........................................................................A12

1 қосымша: Түсініктеме Параграфтар жөніндегі талаптармен қамтылған АХС тізімі

2 қосымша: Басқа Түсініктеме Параграфтар жөніндегі талаптармен қамтылған АХС тізімі

3 қосымша: Түсініктеме Параграфты қамтитын аудиторлық есептің сипаттамасы

«Тəуелсіз Аудитор Баяндамасындағы Түсініктеме Параграфтары» 706 АХС «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС), аудитордың пікірінше қажетті болса, аудиторлық есептеге қосымша хабарлауын қарастырады:

(a) Ол қолданушылардың көңілі қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне түбегейлі болатын, шын мәні бар қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселе немесе мәселелерге аударады; немесе

(b) Ол қолданушылардың көңілі қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне тән болатын қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселелерден тыс басқа мәселе немесе мәселелерге, аудиторлық жауапкершілікке немесе аудиторлық есепке аударады.

2. 1 және 2 қосымшалар аудитор үшін аудиторлық есепке Түсіндірмелі Параграфтар немесе Түсіндірмелі Параграфтарды қосу үшін ерекше сипаттағы талаптармен қамтылған АХС анықтайды. Мына жағдайларда, сондай параграфтардың нысаны мен орналасуына қатысты талаптар қолданылады.

Күшіне ену күні

3. 2009 жылдың 15 желтоқсаннан басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.



Мақсаттары

4. Аудитордың мақсаты, қаржылық есептілік бойынша пікірді құрастырып, қолданушылардың көңілін бөлу, егер аудитор аудиторлық есептегі анық қосымша хабарлау арқылы мынаның керектігін санаса. Мысалы:

(a) Қаржылық есептілікте тиісті түрде көрсетілсе немесе ашылса да, қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне түбегейлі болатын, шын мәні бар қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселе; немесе

(b) Қажет болса, қолданушылар аудитті білуіне, аудитор жауапкершілігіне немесе аудиторлық есепке тән болатын кез келген мәселе.



Анықтамалары

5. Бұл АХС үшін келесі терминдер қолданылады:

(a) Түсіндірмелі Параграф – Қаржылық есептілікте тиісті түрде көрсетілген немесе ашылған мәселене қатысты, аудитордың пікірінше қолданушылар қаржылық есептілікті білуіне түбегейлі болатын аудиторлық есепке енгізілген параграф

(b) Басқа Түсіндірмелі Параграфтар –Аудитордың пікірінше

қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне тән болатын қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселелерден тыс басқа мәселе немесе мәселелерге, аудиторлық жауапкершілікке немесе аудиторлық есепке енгізілген параграф.

Талаптары

Аудиторлық Есептегі Түсіндірмелі Параграф

6. Егер аудитор қолданушылардың көңілі қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне түбегейлі болатын, шын мәні бар қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселе немесе мәселелерге аудару керектігін анықтаса, аудитор мәселенің қаржылық есептілікте елеулі бұрмаланбағаны бойынша аудиторлық дәлел алғаннан кейін, аудитор Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізеді. Мұндай параграф тек қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған ақпаратқа қатысты болады. (Сілт: пар. A1-A2)

7. Аудитор Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізгенде, онда ол:


  1. бір мезгілде соны Пікір параграфынан кейін аудиторлық есепке енгізеді;

  2. «Түсіндірмелі Параграф» тақырыпшасы немесе басқа тиісті тақырыпшаны қамтиды;

  3. параграфқа екпін соғылған мәселені және, керек болса, мәселені толығымен сипаттайтын ашуларға айқын Сілтеме береді; және

  4. Аудиторлық пікір екпін соғылған мәселе бойынша модификацияланбауын анықтайды. (Сілт: пар. A3-A4)

Аудиторлық Есептегі Басқа Түсіндірмелі Параграф

8. Егер аудитор қолданушылардың көңілі қолданушылардың қаржылық есептілікті білуіне тән болатын қаржылық есептілікте көрсетілген немесе ашылған мәселелерден тыс басқа мәселе немесе мәселелерге, аудиторлық жауапкершілік немесе аудиторлық есеп хабарлануы керектігін анықтаса, және заңнама рұқсат етсе, аудитор мынаны «Басқа Түсіндірмелі Параграф» немесе басқа тиісті тақырыбы бар аудиторлық есепке енгізеді.

Аудитор мынаны дереу Пікір параграфынан және кез келген Түсіндірмелі Параграфтан аудиторлық есепке немесе бақа жерге енгізеді, егер Басқа Түсіндірмелі Параграфтың мазмұны Басқа Есеп Беру Жауапкершіліктер жөніндегі бөлімге тән болса. (Сілт: пар. A5-A11)

Өкілетті Тұлғалармен Байланысу

9. Егер аудитор аудиторлық есепке Түсініктеме Параграфты немесе Басқа Түсініктеме Параграфты қосқысы келсе, онда аудитор сол және бұл параграфтың ұсынылған тұжырымдамасы туралы өкілетті тұлғалармен байланыста болады. (Сілт: пар. A12)

***

Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Есептегі Түсініктеме Параграф

Түсіндірмелі Параграф қажетті болуы мүмкін жағдайлар (Сілт: пар. 6)

A1. Аудитордың пікірінше Түсіндірмелі Параграф енгізілуі қажет жағдайлардың мысалдары:

• Айрықша сипаттағы сот процесі немесе реттеуші әрекетке қатысты белгісіздік.

• Оның заң күшіне ену күнінен бұрын қаржылық есептілікке басыңқы ықпалы бар жаңа есеп стандартының (мысалы, жаңа Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарты) ерте қолданысы (рұқсат болса).

• Субъект қаржылық есептілігіне шын мәніндегі ықпалы бар немесе ықпалы ете беретін зор апат.

A2. Түсіндірмелі Параграфтың кеңінен таралған қолданысы аудитордың сол мәселелер туралы хабарлауының нәтижелілігін кеміте береді. Қосымша ретінде, қаржылық есептілікте ашылған немесе көрсетілгеннен басқа көп ақпаратты Түсіндірмелі Параграфқа енгізу бойынша мәселе сәйкесті түрде ашылмаған немесе көрсетілмеген; атап айтқанда, 6 параграф қаржылық есептілікте ашылған немесе көрсетілген мәселеге дейін Түсіндірмелі Параграфтың қолданысын кемітеді.



Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізу (Сілт: пар. 7)

A3. Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізу аудиторлық пікірге ықпал етпейді. Түсіндірмелі Параграф төмендегіні ауыстыра алмайды:



  1. Ерекше сипаттағы аудиторлық келісімнің жаңдайларына сай керек болса, кәсіптік немесе теріс пікір білдіретін немесе пікір айтудан бас тартайтын аудитор (705 АХС530); немесе

  2. Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сай субъект басшылығы орындауы қажет қаржылық есептілікте ашылымдар.

A4. 3 қосымшадағы көрнекі есепке кәсіптік пікірі бар аудиторлық есепке Түсіндірмелі Параграф енгізеді.

Аудиторлық есептегі Басқа Түсініктеме Параграф (Сілт: пар. 8)

Түсініктеме Параграф қажетті болуы мүмкін жағдайлар

Қолданушылар аудитті білуіне қатысты

A5. Сирек кез болатын жағдайларда, аудитор келісімді орындаудан бас тарта алмағанда, субъект басшылығы аудиттің ауқымын шектегеннен кейін

жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілетсіздіктің ықтимал ықпалы басыңқы болса да,531 аудитор пікірінше аудитор келісімді орындаудан бас тарта алмау себебін түсіндіру үшін Басқа Түсіндірмелі Параграф аудиторлық есепке енгізуі қажет.

Қолданушылар Аудиторлық жауапкершіліктерді немесе аудиторлық есепті білу

A6. Заңнама, нормативтік актілер немесе заңды құзырлы аймақтағы әлемге таңылған тәжірибеге сай аудитор қаржылық есептілік аудитінде немесе аудиторлық есепте бұдан әрі түсіндіре беретін мәселелерге қарауы тиіс. Керек болса, бір немесе көп тақырыпшалар Басқа Түсіндірмелі Параграфтың мазмұнын сипаттауға қолданыла алады.

A7. Басқа Түсіндірмелі Параграф бойынша мына жағдайлар қаралмайды: аудитор («Басқа Есеп Беру Жауапкершіліктер» АХС 700532) қаржылық есептілік бойынша есеп беру үшін АХС сәйкес аудитор жауапкершілігін толтыру ретінде басқа есеп беру жауапкершілігі бар жағдайлар анықталмаған немесе қосымша белгіленген шараларды орындауы тиіс немесе есеп беруі тиіс немесе белгілі бір мәселелер туралы есеп беруі тиіс жағдайлар анықталмаған.

Қаржылық есептіліктің бір немесе одан да көп толық пакеті туралы есеп беру

A8. Субъект жалпы қолданыстағы жүйеге сәйкес (мысалы, ұлттық жүйе) қаржылық есептіліктің бір толық пакетін, басқа жалпы қолданыстағы жүйеге сәйкес (мысалы, Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарты) қаржылық есептіліктің бір толық пакетін дайындай алып, аудиторды қаржылық есептіліктің екі пакеті туралы есеп беруге шағырады.

Егер аудитор шешімі бойынша жүйелер сәйкесті жағдайларға тән болса, аудитор қаржылық есептіліктің басқа пакетін бірдей субъект басқа жалпы қолданыстағы жүйеге сәйкес дайындаған және аудитор бұл қаржылық есептілік туралы есепті шығарған факті ескерумен Басқа Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізеді.

Аудиторлық есепті тарату немесе қолдануды тежеу

A9. Ерекше сипаттағы мақсат бойынша дайындалған қаржылық есептілік жалпы қолданыстағы жүйеге сәйкес дайындала алады, себебі мақсатты қолданушылардың қабылданған шешімі бойынша сондай жалпы қолданыстағы қаржылық есептілік қаржылық ақпараттың керегін қанағаттандырады. Аудиторлық есеп белгілі бір қолданушыларды көздеген себебімен, аудитордың шешімі бойынша аудиторлық есеп тек мақсатты қолданушыларға қана арналған және басқа тараптар арасында таратылмауы тиіс деп белгілей отырып, Басқа Түсіндірмелі параграф жағдайларға қажет болады.



Басқа Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізу (Сілт: пар. 7)

A10. Басқа Түсіндірмелі Параграфтың мазмұны сол сияқты басқа мәселе қаржылық есептілікте ашылмауы немесе көрсетілмеуі керектігін анық түрде көрсетеді. Басқа Түсіндірмелі Параграф аудитор заңнама, нормативтік актілер, немесе басқа кәсіптік стандарттар, мысалы ақпараттың құпиялылығына қатысты әдептану стандарттарға сәйкес бермеуі тиіс ақпаратты анықтамайды. Басқа Түсіндірмелі Параграф сондай-ақ субъект басшылығы беруі тиіс ақпаратты анықтамайды.

A11. Басқа Түсіндірмелі Параграфтың орналысуы хабарлануы қажет ақпараттың сипатына тәуелді болады. Басқа Түсіндірмелі Параграф қолданушылардың көңілін олардың қаржылық есептілік аудитін білуіне қатысты мәселеге бөлу үшін енгізілгенде, параграф дереу Пікір параграфынан немесе кез келген Түсіндірмелі Параграфтан кейін енгізіледі. Басқа Түсіндірмелі Параграф қолданушылардың көңілін аудиторлық есепте қарастырылатын Басқа Есеп Беру Жауапкершіліктерге қатысты мәселеге бөлу үшін енгізілгенде, параграф «Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есеп беру» деген тақырыпшасы бар бөлімге енгізіледі. Балама ретінде, барлық аудиторлық жауапкершіліктер немесе қолданушылар аудиторлық есепті білуіне қатысты болса, Басқа Түсіндірмелі Параграф қаржылық есептілік бойынша есеп пен Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есептен кейінгі жеке бөлім ретінде енгізіледі.

Өкілетті тұлғалармен байланысу (Сілт: пар. 9)

A12. Сол сияқты байланысу өкілетті тұлғаларға аудитор аудиторлық есепте көрсеткісі келетін кез келген ерекше мәселелер сипаты туралы ақпарат алуға, оларға, керек болса, аудитордан бұдан әрі түсіндірмелі мәліметті алуға мүмкіндік береді. Белгілі бір мәселе бойынша аудиторлық есепке Басқа Түсіндірмелі Параграфты енгізу әр кейінгі келісімді орындауда қайта басталғанда, аудитор әр келісімді орындау бойынша байланысу қайталау керектігін анықтайды.



1 қосымша

(Сілт: пар. 2)



Түсініктеме Параграфтар жөніндегі талаптармен қамтылған АХС тізімі

Бұл қосымша аудитор белгілі бір жағдайларда Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізуі тиіс 2009 жылдың 15 желтоқсанынан басталатын кезеңдер бойынша қаржылық есептілік аудиті үшін басқа АХС параграфтарын анықтайды. Бұл тізім талаптарды, байланысты қолданысты, АХС басқа түсіндірмелі мәліметтерін қарастыруды ауыстыра алмайды.

• 210 АХС, «Аудит Келісімінің Шарттарымен Келісу» –19(b) параграф

• 560 АХС, «Кейінгі Жағдайлар» – 12(b) және 16 параграфтар

• 570 АХС, «Үздіксіз Қызмет» – 19

• 800 АХС, «Ерекше Пікір – Арнайы Мүдделі Құрылымға Сәйкес Тағайындалған Қаржылық Есептердің Аудиті» –14 параграф



Қосымша 2

(Сілт: пар. 2)



Басқа Түсініктеме Параграфтар жөніндегі талаптармен қамтылған АХС тізімі

Бұл қосымша аудитор белгілі бір жағдайларда Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізуі тиіс 2009 жылдың 15 желтоқсанынан басталатын кезеңдер бойынша қаржылық есептілік аудиті үшін басқа АХС параграфтарын анықтайды. Бұл тізім талаптарды, байланысты қолданысты, АХС басқа түсіндірмелі мәліметтерін қарастыруды ауыстыра алмайды.

• 560 АХС, «Кейінгі Жағдайлар» – 12(b) және 16 параграфтар

• 710 АХС, «Салыстырмалы Ақпарат - Салыстырмалы Қаржылық Есептер мен Сəйкес Көрсеткіштер» – 13-14, 16-17 және 19 параграфтар

• 720 АХС, «Аудит Қаржы Есебі Қамтылған Құжаттардағы Басқа Да Ақпараттарға Қатысты Аудитордың Міндеттері» – 10(a) параграф

3 қосымша

(Сілт: пар. A4)



Түсініктеме Параграфты қамтитын аудиторлық есептің сипаттамасы

Жағдайларға мыналар жатады:

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес дайындаған жалпы сипаттағы мақсат қаржылық есептіліктің толық пакеті аудиті.

Аудиторлық келісімнің шарттары 210 АХС533 шеңберіндегі қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы жауапкершіліктерін сипаттайды.

Қарастырудағы айрықша сот мәселесіне қатысты белгісіздіктің орын алуы.

Кәсіптік пікірге нәтижелеген қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінен ауытқу.

Қаржылық есептілік аудитін толтыру ретінде аудитор жергілікті заңға сай басқа есеп беру бойынша жауапкершіліктері бар.


ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Тиісті адресат]

Қаржылық есептілік бойынша есеп534

Біз ABC компаниясының көмекші қаржылық есептілігі аудитін орындағанбыз. Бұл 20X1 ж. 31 желтоқсанындағы баланс пен табыстар бойынша есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен және аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есеп пен шын мәніндегі бухгалтерлік саясат тұжырымдамасы мен басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы535 жауапкершілігі

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына536 сәйкес бұл қаржылық есептілікті дайындау мен әділ түрде көрсетуге, сонымен қоса субъект басшылығының алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындаудың керектігіне шешімі бойынша қажетті болатын ішкі бақылауға жауапты болады.



Аудитор жауапкершілігі

Біз аудитімізге негізделген бұл қаржылық есептілік туралы пікір айтуға жауаптымыз. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитті орындап жатқанбыз. Бұл стандарттарға сай біз әдептану талаптарына сәйкес келіп, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануы туралы ақылға қонымды сенімділік беру үшін аудитті жоспарлай орындауымыз тиіс.

Аудитке қаржылық есептілік сомалары мен ашулары бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шаралардың орындалуы жатады. Таңдалған шаралар аудиторлық пікірге, сонымен қоса алаяқтық немесе қателерден туындаған шоғырландырылған қаржылық есептілік елеулі бұрмалануының тәуекелін бағалауға тәуелді болады. Тәуекелді бағалауда, аудитор пікірінше ішкі бақылау жағдайларға тән болатын шараларды орындау мақсатымен, бірақ субъект ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту мақсатынсыз субъект қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ көрсетуіне537 байланысты.538 Аудит сондай-ақ қолданылған есеп саясатының сәйкестігін, субъект басшылығының бухгалтерлік бағалаудың тиістілігін бағалаудан, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жалпы сипаттағы көрсетілуін бағалаудан тұрады.

Пікірімізше алған аудиторлық дәлел аудиторлық пікір негізін салуға жеткілікті мен тиісті болады.



Кәсіптік Пікір Негізі

Компанияның қысқа мерзімді биржалық бағалы қағаздары xxx бойынша баланста көрсетілген. Субъект басшылығы бұл бағалы қағаздарды нарықтық құн бойынша тіркетіп қоймай, бірақ оларды Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартынан ауытқуларды қалыптастыратын баланс құны бойынша жариялаған. Компанияның жазулары бойынша субъект басшылығы бағалы қағаздар нарықтық құн бойынша тіркеліп қойып, компания жыл бойынша табыс туралы есепте ххх сатылмаған шығынын мойындамағын. Баланстағы бағалы қағаздардың есеп құнын 20X1 жылдың 31 желтоқсанындағы бірдей сома төмендеп алып; табыс салығы, таза табыс және акционерлердің меншікті капиталын xxx, xxx және xxx арқылы төмендетуге болады.



Кәсіптік Пікір

Пікірімізше, Кәсіптік Пікір Негізінде баяндалған мәселелердің ықпалдарына

қарамай, қаржылық есептілік Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес барлық елеулі қатынастарда ABC компаниясының 20X1 ж. 31 желтоқсанындағы қаржылық ұстанымды, қаржылық шаруашылығын, жабылған жыл бойынша ақшалай қазғалыстарын әділ мен дұрыс көрсетеді.

Түсіндірмелі Параграф

Біз Х жазуларына көңіліміз аударғанбыз. Бұл жазулар бойынша XYZ компанияның компанияға қарсы сот ісінің нәтижесіне қатысты белгсіздікті539 анықтайды. Пікіріміз бұл мәселе бойынша кәсіптік болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет