Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Аудиторлық Есепте Аудиторлық Сара



бет51/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65

Аудиторлық Есепте Аудиторлық Сарапшыға Сілтеме (Cілт: пар. 14-15)

  1. Кей жағдайда, заңнама немесе нормативтік актілерге сай аудиторлық сарапшыға аудиторлық есепте сілтеу қажеттілігі орын алады, мысалы, соның мақсаты мемелкеттік сектор анықтығы.

  2. Жетілдірілген пікір қамтитын аудиторлық сарапшыға аудиторлық есепте сілтеу қажеттілігі бар, соның мақсаты жетілдіру мақсатын түсіну. Осыған сәйкес, аудитор осындай сілтеуге дейін аудиторлық сарапшының рұқсатын алуы қажет.

Қосымша

(Cілт: пар. A25)



Аудитор мен Аудиторлық Сыртқы Сарапшы Арасындағы Келісімді Қарастыру

Бұл қосымшада аудитор аудитордың сыртқы сарапшысымен бірге келісімге қосуды қарастыра алатын мәселелер тізімделген. Келесі тізім көрнекі мен толық емес; оның мақсаты бұл АХС-пен баяндалған қарастырулармен бірге қолданыла алатын нұсқау болу. Келісімге белгілі бір мәселені қосу қажеттілігі келісімнің жағдайларымен байланысты. Бұл тізім сондай-ақ аудитордың сыртқы сарапшысына келісімге мәселені қосу қарастыруға көмек береді.



Аудитордың сарапшының сипаты, ауқымы, мақсаттары

  • Аудитордың сыртқы сарапшысымен орындалуы тиіс шаралардың сипаты мен ауқымы.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы қатысы бар мәселене қатысты елеулікті тәуекелді қарастырудағы аудиторлық сыртқы сарапшысы жұмысының мақсаттары, қажет болса, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі.

  • Кез-келген байланысты техникалық орындау стандарттары немесе аудиторлық сыртқы сарапшысы орындауы тиіс басқа кәсіптік немесе салалық талаптар.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы және оның өкілетті тұлғалар қолдануы тиіс көрсетулер мен әдістер, сонымен қоса, керек болса, моделдер.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы жұмысының зерттеу пәнінің заң күшіне ену күні немесе, керек болса, оның тесттері кезеңі, және кейінгі жағдайларға қатысты талаптар.

Аудитор мен аудитордың сыртқы сарапшының байланысты рөлдері мен жауапкершіліктері

  • Аудит пен есептің сәйкесті стандарттары және сәйкесті реттеуші мен заңды талаптар.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының аудитордың сарапшының есебін қолдануына, соған кез-келген сілтемесіне, немесе соның ашуына ризалылығы, мысалы, аудиторлық есептегі жетілдірілген пікір негізндегі соған сілтемеге, керек болса, немесе субъект басшылығына немесе аудиторлық комитетке соны ашуға ризашылығы.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы жұмысына шолуының сипаты мен деңгейі.

  • Аудитор немесе аудитордың сыртқы сарапшысы ақпарат көздерін тестілейді ме, жоқ па?

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы субъект жазуларын, файлдарын, персоналын, субъектпен шақырылған сарапшыларды көз жеткізуі.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы мен субъекттің хабарласуына қатысты шаралыр.

  • Аудитор мен аудитордың сыртқы сарапшысының әрбір басқалардың жұмыс құжаттарына көз жеткізуі.

  • Келісімді орындау кезеңі барысында немесе кезеңінен кейінгі жұмыс құжаттарына иелену мен оларды бақылау, сонымен кез-келген файлдың сақталып қою талаптары.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының сәйкесті дағды мен қолдаумен жұмысты орындауға жауапкершілігі.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының жұмысты орындауға құзыреті мен мүмкіндіктері.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы аудитке қатысты сарапшының барлық білімін пайдаланады, керісінше, аудиторды сол туралы хабардар етеді.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы аудиторлық есеппен байланысын кез-келген шектеу.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысын жұмысына қатысты аудиторлық көрсетулер туралы хабардар ету жөніндегі кез-келген келісім.

Байланысу мен Есеп Беру

    • Аудитордың сыртқы сарапшысының мәліметтері немесе қарастырулары қалай есепке алынды? (мысалы, ауызша есеп беру, жоба бойынша жасаққа толассыз қатысу)

    • Аудитордың сыртқы сарапшысымен байланысы бар болатын жоба бойынша жасақ ішіндегі ерекше тұлғаларды анықтау.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысы жұмысты қашан бітеді және аудитор алдында мәліметтерді немесе қорытындылар туралы қашан есеп береді?

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының жұмысты аяқтаудың кез-келген ықтимал кешіктірілуі туралы дер кезінде хабарлауға, сарапшының мәліметтері немесе қорытындыларын ықтимал сақтап қою немесе шектеуге жауапкершілігі.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының субъект сарапшының жазуларын, файлдарын, персоналдарын немесе субъектпен шақырылған сарапшыларды көз жеткізудің оқиғалары дер кезінде хабарлауға жауапкершілігі.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының аудиторға сарапшының пікірінше аудитке тән бола алатын барлық ақпарат, сонымен қоса алдыңғы кезде хабарланған жағдайлардағы кез-келген өзгерістер туралы хабарлауға жауапкершілігі.

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының сарапшының объективтігіне

қауіптері тудыратын жағдайлар мен сондай қауіптерді болдырмай алатын немесе оларды қолайлы төмен деңгейге төмендете алатын кез-келген сәйкесті сақтандық шаралар туралы хабарлауға жауапкершілігі.

Құпиялылық

  • Аудитордың сыртқы сарапшысының құпиялылық талаптарына шолуының керектігі:

    • Аудиторға қолданылатын сәйкесті әдептану талаптарына қатысты құпиялылық ережелері.

    • Керек болса, заңнама немесе реттеуші актілерімен жүктеле алатын қосымша талаптар.

    • Керек болса, субъектпен талап етілетін ерекше құпиялылық ережелер

700 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Қаржылық Есептілік Бойынша Пікір Қалыптастыру және Есеп жүргізу

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ......................................................................................................1-4

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................5

Мақсаттары ................................................................................................................6

Анықтамалары .......................................................................................................7-9

Талаптары

Қаржылық Есеп Туралы Пікір Қалыптастыру .................................................10-15

Пікір Нысаны ........................................................................................................16-19

Аудиторлық Есеп ..................................................................................................20-45

Қаржылық Есептілікте Көрсетілген Қосымша Ақпарат ..................................46-47

Қолданыстағы және Басқа Түсіндірме Материал

Субъекттің Есеп Тәжірибесінің Сандық Аспектілер ......................................A1-A3

Қаржылық есептілікпен қамтылған елеулі әрекеттер мен жағдайлардың ықпалдарының ашылуы ..........................................................................................A4

Қолданыстағы Қаржылық Есеп Жүйесін Сипаттау ......................................A5-A10

Пікір Нысаны ..................................................................................................A11-A12

Аудиторлық Есеп ............................................................................................A13-A44

Қаржылық Есептілікте Көрсетілген Қосымша Ақпарат .............................A45-A51

Қосымша: Қаржылық есептілік туралы аудиторлық есеп сүреттемелері









«Қаржылық Есептілік Бойынша Пікір Қалыптастыру және Есеп жүргізу» 700 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тәуелсіз Аудитордың Жалпы Міндеті және Аудиттің Халықаралық Стандарттарына Сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.




Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

    1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС) қаржылық есептілік бойынша пікір айтуға аудиторлық жауапкершілікті анықтайды. Сондай-ақ бұл стандарт қаржылық есептілік аудиті нәтижесінде шығарылған аудиторлық есептің нысанын, мазмұнын қарастырады.

    2. Аудитор жетілдірілген пікір айтқанда, немесе Түсіндірмелі Параграф немесе Басқа Түсіндірмелі Параграфты аудиторлық есепке енгізгенде, 705 АХС463 пен 706 АХС464 аудиторлық есептің нысаны, мазмұны қалай ықпал етілетінін қарастырады.

    3. Бұл АХС жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің толық пакеті шеңберінде жазылды. Қаржылық есептілік ерекше сипаттағы жүйеге сәйкес дайандалғанда, 800 АХС465 ерекше сипаттағы көрсетулерді анықтайды. 805 АХС466 жекелеген қаржылық есептілік немесе ерекше элементтің аудитіне қатысты ерекше көрсетулерді, қаржылық есептіліктің шоты немесе бабын қарастыруларды анықтайды.

    4. Бұл АХС аудиторлық есепке сәйкестікті алға жылжытады. Аудиторлық есепке сәйкестік, аудитор АХС-тарға сәйкес орындалғанда, әлемге белгілі стандарттарға сәйкес орындалған аудитті анықтау арқылы әлемдегі нарықтың сенімділігін алға жылжытады. Бұл сонымен қоса қолданушының білімін алға жылжытуға, олар пайда болғанда, әдеттен тыс жағдайларды анықтауға мүмкіншілік береді.

Күшіне ену күні

    1. 2009 жылдың 15 желтоқсаннан басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.

Мақсаттары

    1. Аудитордың мақсаттары мынадай:

      1. Алынған аудиторлық дәлелден жасалған қорытындыларды бағалау негізіндегі қаржылық есептілік туралы пікір айту; және

      2. Жазбаша есеп арқылы сонымен қатар пікір негізін анықтайтын пікір анық білдіру.

Анықтамалары

    1. Бұл АХС мақсаты үшін, келесі терминдер қолданылады:

  1. Жалпы сипаттағы қаржылық есептілік – ;алпы сипаттағы жүйеге сәйкес дайындалған, көпшіліктің мəлімет қажеттілігін қанағаттандыратын қаржылық есептілік.

  2. Жалпы сипаттағы жүйе – Жалпы сипаттағы қаржылық ақпарат бойынша көпшілікті қолданушылардың керегіне сәйкес келуге арнап әзірленген қаржылық есеп жүйесі.Қаржылық есеп беру жүйесі әділ көрсету жүйесі немесе сәйкестік жүйесі болады.

«Әділ көрсету жүйесі» термині жүйенің талаптарына сәйкестікті талап ететін қаржылық есеп жүйесін сипаттайды және:

  1. Қаржылық есептіліктің әділ көрсетілуіне жету үшін жанама немесе қасақана түрде субъект басшылығы бұл жүйемен талап етілетіндерден басқа ашуларды қамтамасыз ету керектігін мойындайды; немесе

  2. Қаржылық есептіліктің әділ көрсетілуіне жету үшін субъект басшылығы жүйенің талаптарынан ауытқуы керектігін қасақана түрде мойындайды. Сондай ауытқулар тек сирек кез болатын жағдайларда керек болады.

«Сәйкестік жүйесі» термині жүйенің талаптарына сәйкестікті талап ететін қаржылық есеп жүйесін сипаттай отырып, жоғары айтылған (i) немесе (ii) тармақтарын анықтамайды.467

  1. Модификацияланбаған пікір – Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғанын қарастырғандағы аудитордың пікірі.468

  1.   Бұл АХС-тағы «қаржылық есептілікке» сілтеменің мағынасы «жалпы сипаттағы қаржылық есептіліктің толық пакеті, сонымен қоса байланысты жазулар.» Байланысты жазулардың әдетте шын мәніндегі есеп саясаты мен басқа түсіндірмелі ақпараттың тұжырымдамасы бар. Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің талаптарында қаржылық есептіліктің нысаны мен мазмұнын анықтайды, және қаржылық есептіліктің толық пакетін қалыптастыратынды анықтайды.

  2.   Бұл АХС-тағы «Қаржылық есеп беру стандарттарына» сілтеменің мағынасы Бухгалтерлік Халықаралық Стандарттар Комитеті шығарған

Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттары, және «Халықаралық Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Стандарттарға» сілтеменің мағынасы Мемлекеттік Сектордағы Есеп-қисаптың Халықаралық Стандарттар Комитеті шығарған «Халықаралық Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Стандарттар».

Талаптары

Қаржылық есептілік бойынша пікірді қалыптастыру

  1. Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғанын қарастырғандағы аудитордың пікірін қалыптастырады. 469 470

  2. Бұл пікірді қалыптастыру үшін, аудитор жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің алаяқтық немесе қателер нәтижесінде елеулі бұрмаланбауы туралы ақылға қонымды сенімділік беру үшін қорытындыларды жасайды. Бұл қорытынды мынаны ескереді:

  1. 330 АХС сәйкес жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алынғаны туралы аудиторлық қорытынды;471

  2. 450 АХС түзетілмеген бұрмалаулардың жеке немсесе басқалармен бірге елеулі болатын-болмайтыны туралы аудиторлық қорытынды;472 және

  3. 12-15 параграфтарға сай келетін бағалаулар.

  1.   Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғанын қарастырады. Бұл бағалауға субъекттің есеп саясатының сандық аспектілері, сонымен қоса субъект басшылығының ықтимал жалған сенімдері көрсеткіштері жатады. (Cілт: пар. A1-A3)

  2.   Әсіресе, аудитор қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің талаптары үшін мыналарды бағалайды:

  1. Қаржылық есептілік адекватты түрде шын мәніндегі таңдалған, қолданылған есеп саясатын ашып көрсетеді;

  2. Таңдалған, қолданылған есеп саясаты қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес келіп, тән болады;

  3. Субъект басшылығының бухгалтерлік бағалауы тиісті болады;

  4. Қаржылық есептілікте көрсетілген ақпарат сәйкесті, сенімді, салыстырмалы, мәлім ғой;

  5. Мақсатты қолданушыларға қаржылық есептілікпен бірге берілген ақпарат жөніндегі елеулі әрекеттер мен жағдайлардың ықпалын түсінуге мүмкіншілік беру үшін қаржылық есептілік адекватты ашылымдарды береді; және (Cілт: пар. A4)

  6. Қаржылық есептілігінің терминологиясы, сонымен қатар әр қаржылық есептің аты, тиісті болады.

  1. Қаржылық есептіліктер әділ көрсету жүйесіне сәкес дайындалса, 12-13 параграфтардағы бағалауға сондай-ақ қаржылық есептіліктің әділ көрсету мақсатына жеткені кіреді. Аудитордың қаржылық есептіліктің әділ көрсету мақсатына жеткенін бағалауы мыналардан тұрады:

  1. Жалпы сипаттағы көрсетілім, қаржылық есептің құрылымы мен мазмұны; және

  2. Қаржылық есептілік, сонымен қоса байланысты жазулар, әділ көрсету мақсатына жететін мәнеріндегі негіз болатын әрекеттер мен жағдайларды қарастырады.

  1. Аудитор қаржылық есептілік қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің адекватты түрде анықталуын бағалайды. (Cілт: пар. A5- A10)

Пікір нысаны

  1. Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғаны туралы қорытындыларды білдіргенде, онда ол жетілдірілмеген пікір білдіреді.

  2. Егер аудитор:

  1. Алынған аудиторлық негізінде жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланбауы туралы қорытынды жасаса; немесе

  2. Жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланбауы туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмаса,

онда аудитор 705 АХС сәйкес аудиторлық есепте пікірді модификациялайды.

  1. Егер әділ көрсету жүйесінің талаптарына сәйкес дайындалған қаржылық есептілікті әділ көрсету мақсатына жете алмаса, онда аудитор субъект басшылығымен мәселені талқылауы қажет және, мәселе шешілгеннен кейін, 705 АХС сәйкес келетін аудиторлық есептегі пікірді модификациялау керектігін бағалауы қажет. (Cілт: пар. A11)

  2.   Қаржылық есептілік сәйкестік жүйесіне сәйкес дайындалса, аудитордың қаржылық есептіліктің әділ көрсету мақсатына

жеткенін бағалауына тыйым салынады. Алайды, егер аса сирек жағдайда аудитор осы қаржылық есептілік қате болады деп санаса, онда ол аудитор субъект басшылығымен мәселені талқылауы қажет және, мәселе шешілгеннен кейін, аудиторлық есепке қосу керектігін және қашан қосуын бағалауы қажет. (Cілт: пар. A12)

Аудиторлық Есеп

  1. Аудиторлық есеп жазбаша болады. (Cілт: пар. A13-A14)

Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес орындалған аудит үшін аудиторлық есеп

Тақырыбы


  1. Аудиторлық есептің тəуелсіз аудитор есебі екенін растайтын тақырыбы болуы қажет. (Cілт: пар. A15)

Адресат

  1. Аудиторлық есеп келісім шарттарына сəйкес адресатқа жіберілуі керек. (Cілт: пар. A16)

Кіріспе Тарауы

  1. Аудитордың есебіндегі кіріспе тарауы: (Cілт: пар. A17- A19)

  1. қаржылық есептілігінің аудиті жүргізілгендігі жөнінде баяндауы тиісті субъектіні анықтауы тиіс;

  2. қаржылық есептілігінің аудиті жүргізілгендігі жөнінде баяндауы тиісті;

  3. қаржылық есептіліктің толық түріне кіретін əр қаржылық есептіліктің мазмұнын анықтауы тиіс;

  4. шын мәніндегі есеп саясаты мен басқа түсіндірмелі ақпаратқа сілтеу; және

  5. қаржылық есептілік мерзімі мен кезеңінен тұрады.

Субъект Басшылығының Қаржылық Есепке Жауапкершілігі

  1.   Аудиторлық есеп қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негізіне сəйкес дайындығы мен сенімділігіне жауапкершілікті көрсетуден тұрады. Аудиторлық есеп әсіресе «субъект басшылығына» сілтеуі қажет жоқ, бірақ белгілі бір заңды құзырлы аймақтардағы заңды жүйесіне тән болатын терминді қолданады. Заңды құзырлы аймақтарда тиісті сілтеме өкілетті тұлғаларға берілуі керек.

  2.   Аудиторлық есеп «Субъект басшылығының [немесе басқа тиісті термин] қаржылық есептілік бойынша жауапкершілігі» тақырыбы бар бөлімнен тұрады.

  3.   Аудиторлық есеп субъект басшылығының қаржылық есептілікті дайындау бойынша жауапкершілігін сипаттайды. Сипаттау

субъект басшылығы қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес қаржылық есептілікті дайындауға, елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындауға мүмкіншілік беру керектігін анықтайтын ішкі бақылауға жауапты болады. (Cілт: пар. A20-A23)

  1.   Қаржылық есептілік әділ көрсету жүйесіне сәйкес дайындалса, аудиторлық есептегі субъект басшылығының қаржылық есептілік бойынша жауапкершілігін анықтау «бұл қаржылық есептіліктің дайындалуы мен әділ көрсетілуіне» немесе «әділ мен дұрыс көзқарас беретін қаржылық есептілікті дайындауға» қатысты.

Аудитор Жауапкершілігі

  1.   Аудиторлық есеп «Аудитор жауапкершілігі» тақырыбы бар бөлімнен тұрады.

  2.   Аудиторлық есеп субъект аудит жауапкершілігі аудит негізіндегі қаржылық есептілікті айту болып табылады деп сипаттайды. (Cілт: пар. A24)

  3.   Аудиторлық есеп аудит Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес орындалғанын анықтайды. Аудиторлық есеп бойынша сондай-ақ бұл стандарттарға сәйкес аудитор әдептану талаптарына сәйкес келеді, және қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануы туралы ақылға қонымды сенімділік беру үшін аудитті жоспарлай орындайды. (Cілт: пар. A25-A26)

  4. Аудиторлық есеп аудитт келесі түрде сипаттайды:

  1. Аудитке қаржылық есептілік сомалары мен ашулары бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шараларды орындау жатады; бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шараларды орындау жатады;

  2. Таңдалған шаралар аудиторлық қорытындыға тәуелді, алаяқтық немесе қатеден туындаған қаржылық есептіліктің тәуекеліне баға беруге тәуелді болады. Тәуекелді бағалауда аудитор жағдайларға тән болатын аудиторлық шараларды әзірлеу үшін, бірақ субъекттің ішкі бақылауы нәтижелілігі бойынша пікір айту мақсатымен емес субъекттің қаржылық есептілікті дайындауына қатысты ішкі бақылауды қарастырады.

Аудитор сондай-ақ қаржылық есептіліктің аудитімен бірге ішкі бақылаудың нәтижелілігі бойынша пікір айтуға жауапты болған жағдайда, онда ол аудитордың ішкі бақылауды қарастыруының мақсаты ішкі бақылаудың нәтижелілігі бойынша пікір айту емес деп фраза шығарып тастауы керек; және

  1. Аудит сонымен қоса қолданылған есеп саясатының тиістілігінен, субъект басшылығының бухгалтерлік бағалауының сенімділігінен, және қаржылық есептіліктің жалпы көрсетілуінен тұрады.

  1.   Қаржылық есептілік әділ көрсету жүйесіне сәйкес дайындалса, аудиторлық есептегі аудитті сипаттау «субъекттің қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ көрсетуіне» немесе «субъекттің әділ және дұрыс көзқарасты беретін қаржылық есептілікті дайындауына», керек болса, жатады.

  2.   Аудиторлық есептің мәлімдемесі бойынша аудитор ол алған аудиторлық дәлелдер жеткілікті және аудиторлық пікірге негіз беруге тиісті болуына сенеді.

Аудиторлық Пікір

  1.   Аудиторлық есеп «Пікір» тақырыбы бар бөлімнен тұрады.

  2.  Әділ көрсету жүйсіне сәйкес дайындалған қаржылық есептілік бойынша жетілдірілмеген пікір айтқанда, аудиторлық пікір, заңнама немесе нормативтік актілері басқа талап еткенше, балама ретінде қаралатын келесі фразалар бірін қолданады:

  1. Қаржылық есептілік [қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне] сәйкес барлық елеулі қатынастарда ... әділ көрсетеді; немесе

  2. Қаржылық есептілік [қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне] сәйкес барлық елеулі қатынастарда ... әділ және дұрыс көзқарасын көрсетеді. (Cілт: пар. A27-A33)

  1.   Сәйкестік көрсету жүйсіне сәйкес дайындалған қаржылық есептілік бойынша жетілдірілмеген пікір айтқанда, аудиторлық пікір бойынша қаржылық есептілік [қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне] сәйкес барлық елеулі қатынастарда дайындалады. (Cілт: пар. A27, A29-A33)

  2.   Егер аудиторлық пікір бойынша қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сілтеме Бухгалтерлік Халықаралық Стандарттар Комитеті шығарған Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттары, және Халықаралық Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Стандарттар Комитеті шығарған Халықаралық Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Стандарттар болып табылмаса, онда аудиторлық пікір жүйенің тегі заңды құзырлы аймағын анықтайды.

Басқа Есеп Беру Жауапкершіліктері

  1. Егер аудитордың АХС сәйкес аудитор жауапкершілігіне қосымша болатын аудиторлық есептегі қаржылық есептілік бойынша есеп беруге басқа беру жауапкершіліктері болса, бұл басқа есеп беру жауапкершіліктері «Басқа Заңды мен Реттеуші Талаптар бойынша Есеп Беру» тақырыбы бар бөлімде немесе бұл бөлімнің шеңберіне

тиісті болатын ретінде басқа жолдар арқылы реттеліп жатыр. (Cілт: пар. A34-A35)

  1. Егер аудиторлық есеп басқа есеп беру жауапкершіліктері бойынша жекелеген бөлімнен тұрса, 23-37 параграфтардағы бас тақырыбтар, мәлімдемелер мен ұғымдар «Қаржылық Есептілік бойынша Есеп Беру» деген тақырыбы бар болуы тиіс. «Басқа Заңды мен Реттеуші Талаптар бойынша Есеп Беру» деген аудиторлық есеп «Қаржылық Есептілік бойынша Есеп Беруді» сақтауы тиіс. (Cілт: пар. A36)

Аудитордың Қол Қоюы

  1. Аудиторлық есепке қол қойылуы қажет. (Cілт: пар. A37)

Есеп Беру Күні

  1. Аудитор қаржылық есептілікті пікір білдіруге қажетті жеткілікті жəне тиісті аудиторлық дəлелдер алған күннен бұрын көрсетпеуі тиіс. Мысалы: (Cілт: пар. A38-A41)

  1. Қаржылық есептіліктің толық кешені, байланысты жазулар дайын болғандығы; және

  2. Қажетті өкілеттіктері бар тұлғалар оны өз жауапкершіліктерімен растағаны туралы дəлелдерді енгізуі керек.

Аудитордың Мекен-жайы

  1. Қаржылық есептілікте аудитор тəжірибесі жүргізілген ел мен заңнамалардағы орналасқан орны көрсетілуі қажет.

Заңнамалардағы Аудиторлық Есеп

  1. Егер аудитор ерекше заңды құзырлы аймақтың заңнамаларына аудиторлық есептің белгілі тұжырымдамасын қолдануы тиіс, аудиторлық есеп Аудиттің Халықаралық Стандартына қатысты болады тек қана, егер аудиторлық есеп кем дегенде әр келесі элементті қосады: (Cілт: пар. A42)

    1. Атағы;

    2. Келісім жағдайларына тән болатындай адресат;

    3. Аудиттеленетін қаржылық есептілікті анықтайтын кіріспе параграфы;

    4. Субъект басшылығының қаржылық есептілікті дайындауға жауапкершілігін сипаттау (немесе басқа тиісті термин, 24 параграф);

    5. Субъект басшылығының қаржылық есептілік пен аудит ауқымы туралы пікір айтуға жауапкершілігін сипаттауға мыналар кіреді:

    1. Қаржылық есептілік бойынша пікір айтуды қамтитын пікір параграфы және қаржылық есептілікті дайындауға қолданылатын қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сілтеме (сонымен қоса Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттары немесе Халықаралық Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Стандарттары болмайтын қаржылық есеп жүйесінің тегін анықтау, 37 параграф);

    2. Аудитордың қол қоюы;

    3. Аудиторлық есепті шығару күні; және

    4. Аудитордың мекен-жайы.

Ерекше сипаттағы заңды құзырлы аймақтың Аудиттің Стандарттары мен Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес орындалған аудиттер туралы аудиторлық есеп

  1. Аудитор ерекше сипаттағы заңды құзырлы аймақтың Аудиттің Стандарттарына сәйкес аудитті орындауы тиіс («ұлттық аудиттің стандарттары), бірақ аудитті орындауда АХС-тарға қосымша сәйкес келуі мүмкін. Осындай болса, аудиторлық есеп ұлттық аудиттің стандарттарына қосымша Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сілтеме жасай алып, бірақ аудитор осыныда істейді, егер: (Cілт: пар. A43-A44)

  1. Аудиторды (i) басқа пікірді қалыптастыруға немесе (ii) Түсіндірмелі Параграфты қоспауға итермелейтін ұлттық аудиттің стандарттары мен АХС-тар арасындағы даулар болмаса; және

  2. Аудиторлық есеп кем дегенде 43(a)(i) параграфта баяндалған әр элементтен тұрады, аудитор ұлттық аудиттің стандарттарымен белгіленген тұжырымдама қолданса. 43(e) параграфтағы заңнама немесе реттеуші актілерге сілтеме ұлттық аудиттің стандарттарына сілтеме ретінде оқылады. Аудиторлық есеп сол туралы мұндай ұлттық аудиттің стандарттарын анықтайды.

  1. Аудиторлық есеп аудиттің ұлттық стандарттары мен аудиттің халықаралық стандарттарына қатысы бар болса, онда ол аудиттің ұлттық стандарттарының тегінің заңды құзырлы аймағын анықтауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет