Шағын және орта бизнестің тәжірибелері
Сонымен қатар ИФАК-тың мақсаты – басқа маңызды клиенттерге қызмет көрсету: шағын және орта бизнестің тәжірибелері (ШОБТ) мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсететін өзге кәсіпкерлер (ШОБС). ШОБТ комитеті арқылы, ШОБТ/ШОБС-тағы тікелей үлес стандартизация халықаралық ұйымдарының жұмысына қосылады, яғни ол стандартизация халықаралық ұйымдарының күн тәртібін құрастырады, ал шығарылған стандарттар ШОБТ/ШОБС-қа қолданылады. Комитет сондай-ақ ШОБТ-қа тиісті түрде халықаралық стандарттарды енгізуге, епті түрде олардың тәжірибелерін басқаруға, және олардың клиенттеріне қолайлы болуға мүмкіншілік беру үшін енгізі жөніндегі нұсқаулары мен вебке негізделген ресурстар нысанындағы көмек көрсетеді. Толтыру ретінде, пайда болатын мәселелерге сай болу мен аймақтың керектігін қанағаттандыра алу үшін Комитет ағартушылық қызметпен, сонымен қоса ШОБТ жылдық форумымен айналысады. Комитеттің жұмысы туралы толық ақпарат http://www.ifac.org/smp сайтында алына алады.
Дамушы елдер
БХФ дамушы елдер бойынша комитеті (бұрынғы дамушы елдер бойынша жұмыс тобы) əлемнің барлық аймақтарында жəне дамушы елдердің мүдделерін ұсыну жəне қарау жəне күллі əлемде бухгалтерлік кəсіпті күшейту бойынша нұсқаулық беру жолымен бухгалтерлік кəсіпті дамытумен шұғылданады. Комитет сонымен қатар ресурстар табуға жəне осы елдердің атынан ұйымдағы
мүшелерге жəне өзге де ұйымдарға көмектесуге ұмтылуда. Комитет жұмысы туралы қосымша мәліметтер http://www.ifac.org/developingnations сайтында бар.
БХФ ұйымдар - мүшелердің сəйкестігі бойынша бағдарламасы
Ұйым мүшелердінің сəйкестігі бағдарламасын сақтау мақсатында БХФ мүшелері жəне байланысқан ұйымдары ұлттық заңнаманы ескеріп, БХФ жəне Қаржылық Есептіліктің Халықаралық стандарттары бойынша Кеңестің жариялайтын стандарттарын енгізу үшін қолдарынан келгеннің бəрін жасағанын көрсетуі тиіс. БХФ мүшелері жəне байланысқан ұйымдары ұлттық стандартты өндеушілер болса, олар халықаралық стандарттарын жүзеге асыру үшін ең жақсы бастамаларын көрсетуі тиіс. БХФ Сəйкестік бойынша Консультативтік тобының қадағалауында тұрған бағдарлама сапаны бақылауға, өз мүшелеріне арналған зерттеу жəне тəртіптік бағдарламаларға қатысты Мүшелік Міндеттемелері бойынша Ережеге (ММЕ) сəйкес ұйым мүшелері сияқты мүшелік өз міндеттемелерін қалай орындап жатқанын анықтауға ұмтылуда. ММЕ сондай-ақ Сəйкестік Бағдарламасына негізір ретінде əрекет етеді жəне кəсіби бухгалтерлерге сапалы қызмет көрсету үшін жұмыс істеп тұрған жəне келешектегі ұйымдағы мүшелерге айқын бағдарларды ұсынады.
ММЕ қамтымайтын осы нұсқаулықты БХФ http://www.ifac.org сайтынан алуға болады. Кеңес беруші тобы жұмысы туралы қосымша мәліметтер http://www.ifac.org/complianceprogram сайтында бар.
Заңнама негізі
2003 жылдың қарашасында БХФ ұйым мүшелерінің жəне халықаралық реттеуші ұйымдардың көмегімен БХФ қызметінің аудит пен ақпараттың дұрыстығын растау саласындағы сапалы стандарттар мен тəжірибе нəтижесі болып табылатын қоғам мүдделеріне толық сай келетініне сенімділікті арттыру үшін реформалардың сериясын бекітті.
Реформалар мыналарды: стандарттарды əзірлеудің анығырақ процесін, жұртшылық пен реттеуші ұйымдардың осы процеске үлкен үлесін, заңнамалық мониторингті, қоғамдық мүдделердің сақталуын қадағалауды, заң шығарушылар мен бухгалтерлік кəсіп арасындағы тұрақты диалогты қарастырады. Осы мақсаттарға жетуге төмендегідей құрылымдар септігін тигізеді:
Қоғамдық мүдделердің сақталуын қадағалау басқармасы (ҚМСҚБ) - 2005 жылдың ақпанында ұйымдастырылған ҚМСҚБ тəуелсіздік пен білім беруді қоса алғанда аудит пен ақпараттың дұрыстығын растау, əдептану саласындағы стандарттарды əзірлеу бойынша БХФ қызметін, сонымен қатар БХФ Ұйым мүшелерінің сəйкестік бағдарламасын қадағалауды жүзеге асырады. ҚМСҚБ халықаралық заң шығарушылар жəне институттар деп аталатын сегіз өкілден жəне екі бақылаушыдан тұрады.
Мониторинг тобы (МТ) - МТ халықаралық заң шығарушылардан жəне байланысқан ұйымдардан тұрады. Оның мақсаты ҚМСҚБ заң шығару ортасындағы маңызды оқиғалар туралы хабардар ету. Ол сондай-ақ заң шығарушылармен халықаралық бухгалтерлік кəсіп арасындағы диалогта делдал болып табылады.
БХФ Реттеуші Ұйымдармен Байланыстар бойынша тобы (РҰБТ) - РҰБТ БХФ Президентін, Вице-президентін, Аға атқарушы директорын, ХСААДҚБ Төрағаларын, Трансұлттық аудиторлардың комитетін, Фирмалардың форумы жəне БХФ Басқармасы тағайындайтын басқа төртке дейінгі мүшесін қамтиды. Ол МТ бірге жұмыс істейді жəне кəсіпті реттеумен байланысты мəселелерді қарайды.
БХФ құрылымы жəне қызметтері
БХФ басқаруды оның Басқармасы мен Кеңесі жүзеге асырады. БХФ Кеңесі əр ұйым - мүшенің бір өкілінен тұрады. Кеңес мөлшері аз жəне саясат əзірлеу үшін жауап беретін топ болып табылады. Халықаралық бухгалтерлік кəсіп өкілдері ретінде Кеңес мүшелері қоғамдық мүдделерге адал қызмет етуге ант береді.
БХФ Тағайындау Комитеті БХФ кеңестерін жəне комитеттерін, БХФ Кеңесі бойынша жəне БХФ-ның өкілдік Президентінің лауазымына талапкерлер бойынша кеңес береді. Осы Комитет өз жұмысында лауазымға ең жақсы тұлғаны таңдап тағайындау қағидатына сүйенеді. Сонымен бірге, Комитет кеңестер мен комитеттер бойынша аймақтық жəне кəсіби өкілеттіктерді, сондай-ақ əртүрлі деңгейлі экономикалық дамудағы елдердің өкілеттіктерін теңестіруге тырысады.
БХФ штаб - пəтері Нью – Йорк Ситиде орналасқан жəне Торонтода, Канадада, Мельборнда, Аустралияда офистері бар. Онда күллі əлемнің бухгалтерлері мен басқа да мамандары жұмыс істейді.
БХФ сайты, авторлық құқық жəне аударма
БХФ өзінің http://www.ifac.org сайтынан өз жарияланымдарын тартып көшіруге мүмкіндік береді жəне өз сайттарынан байланыс жасау аймақтық бухгалтерлік ұйымдардың ұйым мүшелерінің, стандарттарды əзірлеушілердің, заң шығарушылардың жəне өзге де адамдардың БХФ сайтындағы жарияланымдағы баспа материалдарын алуға ұмтылысын көтермелейді. БХФ Саясат Мәлімдемесі, Бухгалтерлік Халықаралық Федерациясы Шығарған Басылымдар үшін Рұқсат Алу Саясаты, авторлық құқыққа қарағанда саясатын баяндайды.
БХФ қаржылық есептілікті даярлайтынды пайдаланатындар, аудиторлар, заң шығарушылар, заңгерлер, ғалымдар, студенттер жəне ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердегі басқа да мүдделес топтардың өздерінің ана тіліндегі стандарттарды алу мүмкіндігіне ие болудың маңызды екенін мақұлдайды. БХФ Саясат Мәлімдемесі, Стандарттар Аудармасы және Бухгалтерлік
Халықаралық Федерациясы шығарған Нұсқаулар стандарттары аудармасына қарағанда саясатын баяндайды.
Бұл анықтамалықта мына саясат мәлімдемелері жоқ. Дегенмен, олар http://www.ifac.org/translations БХФ сайтында бар. Сайт БХФ құрылымы және қызметі туралы қосымша ақпаратты қамтиды.
Сапаны бақылау, Аудит, Шолу, Басқа
Ақпараттың Дұрыстығын РАСтау және Ілеспе Қызметтер
бойынша Халықаралық Стандарттарға КІРІСПЕ
(2009 жылдың 15 желтоқсанында заңды күшіне енген)
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.....................................................................................................................1-2
ХААСБ мәлімдемелері ................................................................................................3
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша Басқарма шығарған Халықаралық Стандарттармен Байланысы бар Өкілеттіктер...............................................................................................................4-9
Аудиттің Халықаралық Стандарттары....................................................................10
Сапаны Бақылау Халықаралық Стандарттары........................................................11
Басқа Халықаралық Стандарттар .......................................................................12-14
Кәсіби Пікір ................................................................................................................15
Халықаралық Стандарттар Қолданылуы............................................................16-17
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша Басқарма шығарған Тәжірибе Жиынтығымен байланысы бар өкілеттіктер............................................................................................................18-19
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша Басқарма шығарған Басқа Құжаттама.....................................................20
Тілі................................................................................................................................21
Алғы сөз
1. ХААСБ-ның құзырлылық шеңберінде баяндалғандай қолдану саласы және Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары Басқармасы (ХААСБ) шығарған мәлімдемелер құзырлылықтардың түсініктерін жеңілдету мақсатында бұл Сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау және ілеспе қызметтер бойынша халықаралық стандарттарға кіріспе (Халықаралық Стандарттар немесе ХААСБ-ның Стандарттары) шығарған.
2. ХААСБ-ның мақсаты – ғаламдық деңгейде Халықаралық Стандарттар толық пакетін əзірлеу мен енгізу. ХААСБ мүшелері әлемдік бухгалтерлік кəсіптің орнын қоғамдық мүдделерде қорғайды. Оларды ХААСБ мүшелігіне көтермелеген адамдардың лауызымына сәйкес емес немесе фирмасы немесе елі ағымдағы тәжірибесіне сәйкес келмейтін мәселесімен байланысы бар лауызамына ие болуға әсер тигізуі мүмкін.
ХААСБ Мәлімдемелері
3. ХААСБ мәлімдемелері Халықаралық Стандарттарға сәйкес жүргізілетін аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау және ілеспе қызметтер бойынша жобаларды реттейді. Олар тарихи қаржылық есептілік аудиті бойынша заңнаманы және актілерін немесе елдің ұлттық стандарттарға сай келуі тиісті белгілі бір елдегі басқа ақпарат бойынша ақапараттың дұрыстығын растау жөніндегі келісімдерді сақтайды. Жергілікті заңнама немесе актілері белгілі бір мәселе бойынша ХААСБ Стандарттарымен ажырасқанда немесе қақтығысқанда, жергілікті заңнамаға немесе актілеріне сай келетін келісімдер автоматша ХААСБ Стандарттарына сәйкес келмейді. Егер кәсіпқой бухгалтер толығымен келісімге байланысқандармен сәйкес келетін болса, кәсіби бухгалтер ХААСБ Стандартарына сәйкестігін ұсынуы тиіс.
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша Басқарма шығарған Халықаралық Стандарттармен Байланысы бар Өкілеттіктер
4. Аудит бойынша Халықаралық Стандарттары (АХС) тарихи қаржылық есептілік аудитінде қолданылуы тиіс.
5. Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттар (ШКХС) тарихи қаржылық есептілік аудитінде қолданылуы тиіс.
6. Ақпараттың Дұрыстығын Растау Тапсырмалары бойынша Халықаралық Стандарттар (АДРХС) тарихи қаржылық есептілік аудитінен немесе шолуынан басқа ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімдерде қолданылуы тиіс.
7. Ілеспе Қызметтер бойынша Халықаралық Стандарттар (ІҚХС) ХААСБ бекіткен ақпаратты дайындау жөнінде тапсырмаға, ақпаратқа рәсімдер
бойынша қолданылуы тиісті келісімдерге және басқа ілеспе қызметтер бойынша келісімдерге қолданылуы тиіс.
8. ІҚХС, ШКХС, АДРХС, АХС ХААСБ-ның Жоба бойынша Стандарттарға жатады.
9. Сапаны бақылау бойынша Халықаралық Стандарттар (СБХС) ХААСБ-ның Жоба бойынша Стандарттарға жататын барлық ХААСБ қызметтеріне қолданылуы тиіс.
Аудит бойынша Халықаралық Стандарттар
10. АХС-тар тәуелсіз аудитор жүргізген қаржылық есептілік1 аудиті мәнмәтінде жазылған. Олар басқа тарихи қаржылық есептілік аудиті қолданылатын жағдайларға керекті қолданылуы тиіс. АХС өкілеттіктері 200 АХС-да2 баяндалған.
Сапаны Бақылау бойынша Халықаралық Стандарттар
11. СБХС ХААСБ Жоба бойынша Стандарттардағы қызметтер бәрі бойынша фирмаларға қолданылуға арналған. СБХС өкілеттіктері СБХС кіріспесінде баяндалған.
Басқа Халықаралық Стандарттар
12. 5-7 тармақтарында көрсетілген Халықаралық Стандарттар түсіндіру және басқа мағлұмат ретінде, оның ішінде қосымшалар, ілеспе нұсқаулықты қоса алғанда, негізгі қағидалардан және маңызды рәсімдерден турады (боржық әріппен және «тиіс» сөзімен бейнеленген). Негізгі қағидалар және маңызды рәсімдер қолданылуына нұсқаулық беретін түсіндіру және басқа мағлұмат мәнмәтінде қолданылуы және түсінілуі тиіс. Былайша, негізгі қағидаларды және маңызды рәсімдерді түсіну мен қолдану үшін Стандарттың толық мәтіні қарастырылуы қажет.
13. Келісім жағдайларымен байланысы бар болғанда Стандарт негізгі қағидалары және маңызды рәсімдері қолданылуы керек. Төтенше оқиғаларда, кәсіпқой бухгалтер рәсімнің мақсатына жету үшін лайықты маңызды рәсімнен аутқу керексінуі мүмкін. Сол оқиға болған жағдайда, кәсіпқой бухгалтер баламалы рәсімнің қалай рәсім мақсатына жеткенін және басқа болмаса ауытқу себептерін документтеуі қажет. Тек тиімсіз рәсімдермен қатысы бар белгілі бір жоба бойынша жағдайларда, кәсіпқой бухгалтер маңызды рәсімнен аутқуы мүмкін.
14. Қолданылатын мағлұматтың бөлігі болып қосымшалар Стандарт интегралды бөлігі болып табылады. Қосымшалар мақсаты және нысаналы пайдаланылуы байланысы бар Стандарт мазмұнында немесе қосымшалар алғы сөзінде баяндалған.
Кәсіби Пікір
15. Халықаралық Стандарттар сипаты бойынша кәсіби кәсіпкер стандарттарды қолдану кезінде кәсіптік пікір білдіруі тиіс.
Халықаралық Стандарттар Қолданылуы
16. Белгілі бір Халықаралық Стандарт қолданылуын шектеу, заңды күшіне ену күні және шеңбері Стандартта түсіндірілген. Басқа Халықаралық Стандартта болмаса, кәсіби бухгалтерға заңды күшіне ену күні белгіленгенге дейін Халықаралық Стандартты қолдануға рұқсат етіледі.
17. Халықаралық Стандарттар мемлекеттік сектордағы келісімдермен байланысы бар. Керек болған жағдайда, мемлекеттік сектордағы субъекттерінің қосымша көріністері енгізіледі:
(a) АХС мен СБХС бойынша Халықаралық Стандарт шеңберінде; немесе
(b) Басқа Халықаралық Стандарттар соңында пайда болатын Мемлекеттік Сектор Болашағы (МСБ).
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша
Басқарма шығарған Тəжірибе Жиынтығымен Байланысы бар Өкілеттіктер
18. Халықаралық Аудиторлық Тəжірибе бойынша Ереже (ХАТЕ) кəсіпқой бухгалтерлерге түсініктемелік нұсқауды ұсыну мақсатында жəне АХС қолдануға іс жүзінде көмектесуге, сондай-ақ жақсы тəжірибені марапаттау үшін шығарылады. Халықаралық Тəжірибе Шолуы бойынша Ереже (ХТШЕ), Ақпараттың Дұрыстығын Растау жөнінде Халықаралық Тəжірибе бойынша Ереже (АДҚХТЕ), Халықаралық Ілеспелі Қызмет Тəжірибесі бойынша Ереже (ХІҚТЕ) ХАТЕ, АДРХС жəне ІҚХС қолдану бойынша мақсаттарға қызмет етеді.
19. Кəсіпқой бухгалтерлер жобаға қолданылатын Тəжірибе бойынша Ережені біліп, есепке алуы керек. Сәйкесті Тәжірибе Мәлімдемесіне қосылған нұсқауларды қарастырмайтын және қолданбайтын кәсіби бухгалтер төмендегілерді түсіндіруге дайындалуы тиіс:
(a) АХС талаптары; немесе
(b) ХААСБ басқа Келісім Стандарттары Тәжірибе Мәлімдемелері реттейтін негізгі қағидаларына және маңызды рәсімдеріне қалайша сәйкестік сақталғанын түсіндіруі тиіс.
Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары бойынша
Басқарма шығарған басқа құжаттама
20. Басқа құжаттар, мəселен, Талқылау үшін Құжаттар аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын растауға байланысты қызметтер жөніндегі басқа келісімдер, сондай-ақ бухгалтерлік кəсіпке əсер ететін сапаны бақылау мəселесі бойынша жарыссөз бен талқылауларды тудыру; аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын растау жəне байланысты қызметтер, сондай-ақ бухгалтерлік кəсіпке əсер ететін сапаны бақылау мəселелері жөнінде түйін жасау үшін жарияланады3. Олар аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын растау жəне ілеспелі қызметтер кезінде қолданылуы тиіс қажетті рəсімдер немесе негізгі принциптерді орнықтырмайды.
Тілі
21. Алдын-ала үлгінің, Халықаралық стандарттың, Тəжірибе бойынша Ереже немесе басқа құжаттың бекітілген мəтіні, ХААСБ ағылшын тілінде шығарылған мəтіні болып есептеледі.
ТЕРМИНДЕР ГЛОССАРИЙІ4
(Ақпан 2009)
Access controls (Кіру рұқсатын бақылау) – Интерактивті режимде жұмыс істейтін терминалдар, программалар мен ақпараттарға кіруді шектеуге арналған рəсімдер. Кіруді бақылау пайдаланушыны танудан жəне авторландырудан тұрады. Пайдаланушыны тану əдетте біртума логин, парол, кіру картасы немесе биометриялық мəліметтер арқылы пайдаланушыны анықтауға арналған. Пайдаланушыны авторландыру жеке пайдаланушы кіре алатын компьютердің ресурсын анықтайтын кіру тəртібінен тұрады. Бұл рəсімдер байқауға немесе бетін қайтаруға арналған:
а) интерактивті режимде жұмыс істейтін терминалдар, программалар мен ақпараттарға рұқсат етілмеген кіруден;
b) рұқсат етілмеген операцияларды ендіру;
c) мəліметі бар файлдарды рұқсат етілмеген өзгертуден;
d) өкілеттігі жоқ қызметкерлердің программаларын пайдалануы; жəне
e) авторланбаған программаларды пайдалану.
*Accountіng estіmate (Бухгалтерлік бағалау) – өлшеудің дəл тəсілдері болмаған жағдайда, баптың сомасының жуық шамамен алынған мəні. Есептеу белгісіз болса, мына термин Әділ құн тәртібімен есептелген соманы сипаттау үшін қолданылады, сонымен қатар басқа есептеу керек ететін сомалармен қатысты болуы мүмкін. АХС 5405 тек қана бухгалтерлік есептеулер, олардың ішінде Әділ құн тәртібімен есептеулер бар жерде, «Əділ құнның бухгалтерлік бағалауы» термині қолданылады.
*Accounting records (Бухгалтерлік жазулар) – Əдетте алғашқы өткізу жазбалары мен электронды аударылымдар; есептер; келісімшарттар; бас кітаптар мен талдау есептерін; стандартты журналдық өткізулерде көрсетілмеген журналдық өткізулер мен қаржылық есептің басқа түзетілімдері; шығындарды, есептерді, салыстырулар мен ашуларды қуаттайтын жұмыс жəне құрама кестелер сияқты жазбаларды бөлу жазбалары мен тексерілулері сияқты растау жазбаларын кіріктіреді.
Agreed-upon procedures engagement (Келісілген рəсімдерді орындау бойынша келісім) –Келісілген шараларды орындау бойынша келісімде аудитор субъект, аудитор жəне үшінші жақпен келісілген аудиторлық шараларды жүргізу үшін шақырылады жəне нақты қорытындылар бойынша есеп береді. Бұл есеп қабылдаушылар аудитордың есеп беруі бойынша өздерінің қорытындыларын қабылдауы тиіс. Бұл есеп келісілген шараларды орындау бойынша келісімге қатысушы жақтарға ғана беріледі, өйткені шараларды жүргізу себебі туралы білмейтін басқа жақтар олардың нəтижелерін түсінбеуі мүмкін.
*Analіtіcal procedures (Талдама шаралары) – Қаржылық және қаржылық емес мәліметтер арасындағы сенімді қарым-қатынастар талдауы арқылы қаржылық мәліміттерді бағалау. Талдама үдерістері тағы анықталған немесе басқа мәліметтерге сәйкес емес немесе маңызды сома арқылы жоспарланған көрсеткіштерден ажыратқан ауытқулардан тұра алады.
Annual report (Жылдық есеп беру) – Əдетте субъект жыл сайын құжат жариялайды, ол оның аудиттелген қаржылық есептілігінен жəне берілген есеп беру бойынша аудиторлық есептен тұрады.
*Anomaly (Аномалия)—Тұжырымдамалықтағы ауытқулар және бұрмаланулар ашықтан-ашық көрсетпеген бұрмаланулар немесе ауытқұлар.
*Applicable financial reporting framework (Қолданылудағы қаржылық есептіліктің жүйесі) – Басқарушылық қабылдаған қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық есебі және, керек болған жағдайда, субъектінің тегіне және қаржылық есептіліктің мақсатына қарағанда немесе заңнамаға сәйкес келетін қаржылық есептілікті дайындау кезеңінде өкілеттік берілген тулғалар.
«Әділ ұсыну жүйесі» термин жүйесінің талаптарымен сәйкестігін талап ететін қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық есебін сипаттау үшін пайдаландырылады және:
(a) Қаржылық есептіліктің әділ ұсунылуына жету үшін тікелей немесе жанама түрде әдейі жүйесімен талап етілетін ашылымдардан басқа субъект басқарушылығы ашылымдарды беруі қажет болуы мүмкіндігін мойындайды.
(b) Жанама түрде қаржылық есептіліктің әділ ұсунылуына жету үшін субъект басқарушылығы жүйелік талаптардан шегінуі тиіс қажет болуы мүмкіндігін мойындайды. Бұл шегінулер тек өте сирек жағдайларда болуы қажет.
«Сәйкестік жүйесі» термині жүйелік талаптармен сәйкестігін талап ететін қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық есебін сүреттеу үшін қолданылады, бірақ жоғарыдағы (a) немесе (b) растауларын енгізбейді.
Application controls in information technology (Ақпарат технологияларында қосымша деңгейді бақылау) – Əдетте іскерлік-үдеріс деңгейінде қолданылатын, қолмен жасалатын немесе автоматтандырылған рəсімдер. Қосымшаларды бақылау деңгейі алдын алатын немесе анықтайтын сипатқа ие болып, бухгалтерлік жазбалардың тұтастығын қамтамасыз ету үшінжасалған болатын. Соған сəйкес, қосымшаларды бақылау деңгейі операциялар бойынша есеп пен өңдеуді, жазбаны, бастамашылық үшін қолданылатын рəсімдер немесе басқа қаржылық ақпараттарға қатысты болады.
*Applied criteria (AХС 8106 мәнмәтіндегі қолданылатын критерийлер)—Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық есебін дайындау кезеңінде басқарушылық қолданатын өлшемдер.
*Approprіateness (Аудиторлық дәлел сəйкестігі) – Дəлелдеудің сапалы шарасы, операция; аудитордың негіздерінде жасалған қорытындыларды растау кезіндегі олардың көкейкестілігі және сенімділігі.
*Arm’s length transaction (Әріптестер арасындағы операция)—Қатысты емес және бір-бірден тәуелсіз әрекет ететін және өз мақсаттарын көздейтін мүдделі сатып алушы және мүдделі сатушы арасындағы қарым-қатынастары ретінде осындай шарттар және мерзімдер бойынша жүргізілетін операция.
*Assertіons (Бекіту)—Ықпал бұрланулар әр түрлі түрлерін қарастыру үшін аудитор қолданғандай субъект басшылығының тікелей немесе басқалай ұсыныстары, қаржылық есептілікке қосылады.
Assess (Бағалау) – Олардың маңыздылығы туралы шешім шығару үшін анықталған тəуекелдерді талдау. «Бағалау», əдетте тек тəуекелге қатысты қолданылады. (сондай-ақ «Баға беруге» қараңыз).
Association (Байланыс) – («Аудитордың қаржылық ақпаратпен байланысы» терминді қараңыз).
*†Assurance (Ақпараттың дұрыстығын растау) – («Саналы сенімділікті» қараңыз).
Assurance Engagements (Ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісім) – Жауапты тараптан бөлек, мүмкін болатын пайдаланушылардың сенімділік дəрежесін көтеруге арналған кəсіпқой бухгалтер қорытынды беретін жоба бойынша, бағалау нəтижесі бойынша немесе белгілерге қатысы бойынша пəнді зерттеу өлшемі. Бағалау нəтижесі немесе пəнді зерттеу өлшемі – белгілерді қолдану кезінде алынған ақпарат («Зерттеу пəні бойынша» ақпаратты қараңыз). Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Келісімдердің Халықаралық Тұжырымдама Негізіне сəйкес, ақпараттың дұрыстығын растау бойынша кəсіпқой бухгалтер орындай алатын екі түрлі келісім бар: ақпараттың дұрыстығын қисынды растау бойынша келісім мен ақпараттың дұрыстығын шектеулі растау бойынша келісім.
Reasonable assurance engagements (Ақпараттың дұрыстығын қисынды растау бойынша келісім) – Ақпараттың дұрыстығын қисынды растау бойынша келісімнің мақсаты7, ақпараттың дұрыстығын қисынды растау бойынша келісімінің тəуекелін барынша мүмкін болатын төменгі деңгейге дейін төмендету арқылы, кəсіпқой бухгалтерлердің жағымды пікірін білдіруге сапалы база ретінде қолдану болып табылады4.
Limited assurance engagements (Ақпараттың дұрыстығын шектеулі растау бойынша келісім) – Ақпараттың дұрыстығын шектеулі растау бойынша келісімнің көздеген мақсаты, келісім жағдайында мүмкін болатын ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімінің
тəуекелін барынша мүмкін болатын төменгі деңгейге дейін төмендету арқылы, бірақ бұл тəуекел ақпараттың дұрыстығын қисынды растау бойынша келісімінің деңгейінен асқанда, кəсіпқой бухгалтерлердің теріс пікірін білдіруге база ретінде қолдану болып табылады.
Assurance engagement risk (Ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімнің тəуекелі)– Зерттеу пəні бойынша ақпарат недəуір бұрмаланғанда, кəсіпқой бухгалтер сəйкес келмейтін пікір білдірумен байланысты тəуекел.
*Audit documentation (Аудиторлық жазбалар) – Орындалған аудиторлық жазбалардың рəсімдері, алынған аудиторлық дəлелдер, аудитор қол жеткізген қорытынды (кейбір кездері жұмыс құжаттары деген термин қолданылады).
*Audіt evіdence (Аудиторлық дəлел) – аудиторлық қорытынды негізделетін қорытындыларды анықтау процесінде аудитордың алатын ақпараты. Аудиторлық дəлелдер бастапқы құжаттар мен қаржылық есептілік негізінде жататын тіркеу жазбалары сонымен қатар басқа жақтан алынатан ақпаратты растайтын жазбалар болады. (Сондай-ақ Аудиторлық Дәлелдердің Жеткіліктігі және Аудиторлық Дәлелдердің Мақсаттылығы).
*Audit file (Аудиторлық файл) — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.
*†Audit firm (Аудиторлық фирма) – («Фирма» терминді қараңыз)
* Audit opinion (Аудитордың пікірі) – (Жетілдірілген пікір немесе Жетілдірілмеген пікір терминдерді қараңыз)
*Audit risk (Аудиторлық тəуекелдік) — Қаржылық есептілік елеулі түрде бұрмаланғанда, аудитордың сəйкес келмейтін аудиторлық пікірін беру тəуекелдігі. Аудиторлық тəуекелдік қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануы тəуекелдігінің бөлігі жəне аудитор сондай бұрмалануларды анықтай алмау тəуекелдігі болып келеді.
*Audit sampling (Аудиторлық таңдама)— Таңдаманың барлық бірліктері таңдалуға бірдей мүмкіндіктері болуы үшін есептеу элементтері мен операциялық топтарда 100 пайыздан кем емес қатынаста аудиторлық рəсімдерді қолдану болып табылады. Бұл аудиторға таңдаманың негізінде құрастырылған барлық тұжырымдамалық қорытындысын қалыптастыруға немесе қалыптасуына мүмкіндік туғызу үшін аудиторлық дəлелдеуді алуға жəне бағалауға мүмкіндік береді.
*Audited financial statements (Аудиторлық қаржылық есептілік) АХС 810 мәнмәтінде)—АХС-ке сәйкес аудитордың аудиттеленген қаржылық есептілік8 және қорытынды қаржылық есептілік алынған қаржы есебі.
*Auditor (аудитор) — «Аудитор» термині жоба бойынша əріптесті немесе фирманы сипаттау үшін қолданылады. Кейбір кездері әріптес міндеттемелерді және міндеттерді орындауы тиіс болса, «аудитор» емес, «жоба бойынша əріптес» термині қолданылады. Тиісті жағдайларда «жоба бойынша əріптес» және «фирма» терминдері жария сектордың баламалары ретінде қолданылады.
Auditor association with financial information—(Аудитордың қаржы ақпаратымен байланысы) – Аудитор қаржылық мəліметпен, егер аталған ақпаратқа оның есебі қоса берілсе немесе аудитор атынан кəсіптік байланыста қолдануға келісімі берілген жағдайда байланысты болады.
*Auditor’s expert (Аудиторлық сарапшы)—Бухгалтерия және аудиттен басқа саладағы білімді тұлға немесе ұйымның жұмысы аудиторға жеткiлiктi және лайықты аудиторлық дәлелдердi алуға көмектеседі. Аудиторлық сарапшы (әрiптес9, қызметкер, уақытша қызыметкер, аудиторлық фирма, фирманың торабы) аудиторлық iшкi сарапшы немесе сыртқы сарапшы болуы мүмкін.
*Auditor’s point estimate or auditor’s range (Аудитордың нүктелік есептеуі немесе аудитордың шегі) — субъектегі басқарушылықтың нүктелі есептеуі үшін аудитордың дәледерінен алынған сома немесе сомалар шегі.
*Auditor’s range (Аудитордың шегі)—( Аудитордың нүктелік есептеу терминді қараңыз.)
*Business risk (Іскерлік тәуекелдік) — Жаңылыс мақсаттар, стратегиялар себебінен немесе мақсатқа жетуге және стратегия орындауға кәсiпорынның қабiлеттiлiгiне терiс ықпалын тигiзетін елеулі оқиғалармен, жағдайлармен, әсерлермен, әрекеттермен немесе әрекетсіздікпен қатысты тәуекелдік болып табылады.
*Comparative financial statements (Салыстырмалы қаржылық есептілік) —Өткен кезіндегі қаржы есебімен салыстыру үшін, басқа ашылымдар және сомалар ағымдағы кезіндегі қосылған аудит жүргізілсе, аудитордың пікіріне қатысы бар салыстырмалы мәліметтер. Бұл сыластармалы қаржылық
есептіліктегі мәліметтер деңгейі ағымдағы кезіндегі қаржы есебімен салыстырылады.
*Comparative information (Салыстырмалы мәліметтер) — Қолданылатын қаржы есебі жүйесінің негізінде өткен кезіндегі қаржы есебімен салыстарғанда сомалар және ашылымдар бар болатын ағымдағы кезіндегі қаржылық есептілік болып табылады.
Compilation engagement (Ақпаратты дайындау жөнінде тапсырма) – Бухгалтерлік есеп білімі қаржы мəліметтерін жинау, топтастыру жəне жинақтау үшін аудиттің біліміне қарама-қарсы қолданылады.
*Complementary user entity controls (Қосымша қолданатын субъектінің бақылау шаралары)—Субъектінің қызметін зерттеуге арналған және қажет болған жағдайда бақылау мақсаттарына жету үшін оның жүйесі сипатында анықталатын бақылыу шаралары.
*Compliance framework (Бақылау жүйесі)—(Қолданылудағы қаржылық есептіліктің жүйесі және Жалпы сипаттағы жүйе терминдерді қараңыз)
*Component (Құрамдас бөлім) – Кәсіпорын немесе іскерлік қызмет үшін топтық қаржылық есептілікке қосылып қаржы мəліметтері дайындаған топтық немесе құрамдас бөлімнің басқармасы.
*Component auditor (Компонентті аудитор)—Жоба бойынша жұмыс істейтін топтың сұрауы бойынша топ аудитіне қатысты қаржы мәліметтері дайындаған аудитор.
*Component management (Компонентті басшылық)—Құрамдас бөлім қаржылық мәліметтері дайындауға жауыпты басшылығы.
*Component materiality (Компонентті маңыздылық)— Жоба бойынша жұмыс істейтін топ анықтаған компоненті бойынша маңыздылық.
Computer-assisted audit techniques (CAAT) (Аудиттің компьютердірілген əдістері (АКӘ))– Аудитті жүргізетін құрал ретінде компьютерді пайдалану арқылы аудиторлық рəсімдерді қолдану.
Control activities (Бақылау арқылы əрекет)– Басшылықтың жарлығы орындалып жатқанына көз жеткізетін саясат пен рəсімдер. Бақылау арқылы əрекет ішкі бақылаудың бір бөлігі болып табылады.
Сontrol environment (Бақылау ортасы)–Басқаратын жəне басшылық жасау функцияларын, сондай-ақ өкілеттік берілген тұлғалардың позициясын, білгірлігі мен əрекетін жəне субъект басшылығының ішкі бақылауға қатысы бар жəне оның субъект үшін маңыздылығын қамтиды. Бақылау арқылы əрекет ішкі бақылаудың бір бөлігі болып табылады.
*Control risk (Бақылау жүйесінің тəуекелдігі) (Елеулі бұрмалану тəуекелдігі деген терминді қараңыз)
Corporate governance (Корпоративті басқару) – (Басшылық терминді қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |