Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


ҚОЛДАНЫЛАТЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет133/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   205
index

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ 
ШАРАЛАР 
Кӛліктік кҥйзеліс және алдын алу шаралары 
Кӛліктік күйзелісті жануарлар ӛте ауыр қабылдайды. Арту және 
тасымалдау кезінде жануарлар күйзеледі. Жағымсыз дауыстар, 
шуылдар тасымалдау кезіндегі дірілдер, қозғалыстар жануарлардың 
алаңдауына, қозуына және күйзелуіне әкеп соғады. 
Жануарларды тасымалдау кезінде тамыр соғуы жиілеп, демалуы 
артып, қанның дисталдық қысымы кӛтеріліп, қызуы жоғарылайды
бұлшық еттері дірілдейді, дефекация мен зәр шығаруы жиіленеді. 
Ұзақ тасымалдау барысында жануарлар ашығады, физикалық 
ауырлықтар түседі, соның салдарынан зат алмасу үдерісі бұзылады. 
Мысалы, ірі қара мал қанында фосфотазаның сілтілігі, креатининнің, 
зәр қышқылы және жалпы липидттер мӛлшері белсенеді және артады. 
Тасымалдау барысындағы физикалық ауырлықтар жануарлар 
ағзасындағы минералды заттардың және су-электролиттардың 
алмасуын бұзады. Мысалы, бұқаларды тасымалдау барысында сілекей 
қабықтарының құрғап, шӛлдеуі пайда болады. Қанда лейкоциттің 
концентрациясы кӛбейіп, гематокрит мӛлшері 48%-ға дейін кӛтерілгені 
бұл ағзаның дегидротация ұлғаюының белгісі. 
Тасымалданған бұқашықтардың қан сарысуындағы натрий, хлор, 
кальций, бейорганикалық фосфор кӛлемдері азаяды. Аталған 
ферменттердің белсенділігі ӛзгеріп, зат алмасу үдерісінің бұзылуы 
қаңқа бұлшық еттеріне және бауырға функционалдық ауырлық түсу 
салдары пайда болады. Осылардың барлығы тасымалдау барысында 
жануарлардың ұзақ шаршау әсеріне соқтырады. 
Жануарларды алғашқы тасымалдау барысындағы әсері және қозуы 
біртіндеп күшті күйзеліске әкеледі. Осының салдарынан жануарлар 
жатып қалып, су мен азықтан бас тартады. 
Ю.Т.Фомичева (1974-1980) зерттеулерінің кӛрсеткіштері бойынша, 
бұзауларды 42 сағат тасымалдау барысында тірі салмағының 2,2кг 
дейін кемиді, ал 65км қашықтықта тасымалдау барысында әр бастың 
тірі салмағы 7,3 кг дейін кемиді. 
Сойылатын малды тасымалдау барысында 40км қашықтықта 1кг 
тірі салмағынан, 80км 4 кг және 300км -3,5кг салмақ жоғалады. 
Тасымалдау барысында күйзеліс тек қана ӛлімге немесе жануардың тірі 
салмағының кемуіне әкеп соқпайды, ол еттің сапасын да айтарлықтай 
тӛмендетеді. 


249 
Күйзелу бұлшық ет үлпасына дегенеративтік әсерін тигізеді, 
соның салдарынан ет бозғылт, жұмсақ, сулы болып кетеді. 
Тасымалдау барысында алдын алу шараларын жүргізу және
жануарлардың күйзеліс жағдайларын мұқият қарастыру керек. Мал 
тасымалданатын шаруашылықта, тасымалдайтын малды басқа 
топтармен орналастырмау керек және тасымалдау ережесіне сәйкес 
азықтандыру керек. 
Малды тасымалдар алдында кӛліктік режимге ауыстыру керек. 
Малдарды арту және түсіру арнайы алаңдарда, қажетті 
қондырғылармен жүргізу керек, ал шошқаларды арнайы 
контейнерлерде тасымалдайды. 
Жануарларды арту және түсіру кезінде арнайы жабдықталған 
кӛлік қолданып, бір малға тиесілі орын кӛлемін ескеру керек, арту және 
түсіру барысында физикалық күш қолдануға болмайды, кәрі 
жануарларды соңынан түсірген дұрыс. 
Мал тасымалдайтын кӛліктер желдеткіштермен жақсы 
жабдықталуы тиіс, ал жануарлар күннің сәулесінен қорғануы керек. 
Малдарды тасымалдау кезінде қажетті мӛлшерде сапалы азықтар, 
жолдың ұзақтылығына қарай, және жыл мезгіліне қарай су жеткілікті 
болу керек және жануарларға жақсы күтім керек.
Малдарды автокӛлікпен тасымалдағанда жай, біркелкі жүріп
отыру қажет. Қатты тоқтауға болмайды, кӛліктің максималдық 
жылдамдығы 70км/сағ аспау қерек. 
Ауа райы 22-25
0
С-тан температурадан жоғары болса шошқаларды 
түнгі мезгілде тасымалдау керек, күндіз тасымалдауға болмайды, ал 
күн жылы кезде күндіз жануарларды тасымалдағанда үстеріне суық су 
немесе әлсіз сірке қышқылын себелеп отыру шарт. 
Малдарды тасымалдар алдында күйзеліс жағдайын азайту үшін
және тасымалдауға тұрақтылық туғызу үшін аминазин, амизил, 
фенозепам, 
ромпун, 
резерпин, 
галоперидол, 
элеутерококк, 
ацепромазин, ксилазин және т.б. препараттарды енгізуге болады. 
Малдарды ет комбинаттарына түсірер кезде абайлап және кӛлікте
қалай келді, солай топ-тобымен түсіру керек, пішілмеген бұқаларды 
бӛлек ұстаған жӛн, ал шаршаған немесе күйзелген малдарды 48 сағатқа 
бӛлек ұстауы шарт. 
Жануарларды тасымалдау кезінде күйзелістен, тірі салмағының 
азаюынан және еттің сапасының тӛмендеуінен сақтау үшін малдарға әр 
түрлі транквилизаторлық заттар енгізеді, бұл заттар орталық жүйке 
жүйесіне әсерін тигізеді, жануарларды мидың биоэлектрлігін 
белсендіреді және сезімін жоғарылатады. Аталған затты енгізгеннен 
кейін малдар ортаға тез бейімделе бастайды, тамыр соғуы байқалады, 
қан құрамы қалпына келіп, ентігуін тоқтатады. Транквилизаторлы 


250 
заттарды енгізгеннен кейін қорқытып, күйзелісі алаңдауы басылып мал 
тынышталады.
Аминазин – бұл ақ немесе ақшылт қоңыр ұсақ кристалды ұнтақ. 
Препарат ұнтақ түрінде, драже түрінде 0,025, 0,05 және 0,5г, және 1,2
мен 5 мл ампулада 25% ерітінді түрінде шығарылады. Аминазин ми 
ұлпасының импульстарын, жүйке жүйесінің қозуын тежеп 
тыныштандырады. Осының нәтижесінде қаңқа бұлшық еттері 
босаңсып, қозу тӛмендейді. Нәтижесінде малдарды тасымалдау кезінде 
тірі салмақтың жоғалуы тӛменделеді. Малдарды тасымалдау кезінде 
аминазин ерітіндісін артар алдында 1-3 сағат бұрын бұлшық етке 
немесе тері астына егеді және малды кӛліктен түсірер алдында. Кері 
әсері жоқ, аминазинді малға енгізгеннен кейін 24 сағаттан кейін ғана 
малды союға рұқсат етіледі.
Аминазинді ішке З-5 мг/кг салмаққа немесе 
бұлшық ет ішіне 0,5-2 мг/кг енгізеді. Автокӛлікпен бұзауларды 30-40 
мин артар алдында бұлшық ет ішіне келесі дозада енгізеді: 30-60 км 
қашықтыққа тасымалдағанда - 0,5 мг/кг, 60-180 км – 1 мг/кг и 180-300 
км - 2 мг/кг салмаққа. Ішке дозасы 2-2,5 есе мол болады. Бұзауларды 
шаруашылыққа әкелгеннен кейін 3-5 күн аминазинді бұлшық ет ішіне
0,3 мг/кг массы. 
Ромпун – ақ ұнтақ, ащы дәмі бар, иісі жоқ, суда, метанолда жақсы 
ериді. Жүйке жүйесіне жергілікті әсер етеді. Бұл дәріні 
тынышсыздықтың және қорқыныштың алдын алу үшін қолданады 
және тасымалдау кезінде малдың күйзелуін азайтады. 
Ірі қара мал және жылқыға бұлшық ет ішіне 2% ерітінді ретінде 
кӛлікке артар алдында 100кг тірі салмағына 0,25 мл кӛлемінде енгізеді. 
Дәрі емдік әсерін 5-15 мин кейін ғана тигізеді. Сиыр мен биенің 
буаздылығының екінші жартысы кезінде дәріні енгізуге болмайды. 
Малдарды тасымалдау кезінде тӛзімділігін арттыру үшін 
элеутероккок сығындысын қолданған жӛн. 
Балықтарды тасымалдау кезінде 5-7,5л суға 1 мл есебімен 
новокаин енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет