253
Сонымен қатар 5% йодвазоген, ихтиол және камфора майы мен т.б.
тітіркендіргіш майларды сылап жағу керек.
Осыдан кейін новокаин
гидрокортизон және антибиотиктермен циркуляциялық блокада жасау
керек. Ірі малдарға 125мг гидрокортизонды, 5000 бірлікпен
пеницилинді, стрептомицинді
буын ішіне енгізеді, гидрокортизонды
инъекциялауды қажет жағдайда 5-6 күннен кейін қайталайды.
Сіңірдің жыртылуы. Ірі қара малда ахилес сіңірінің жыртылуы
кездеседі және сан буынының ет
сіңірі мен саусақтың терең
сіңірлерінде жыртылуы кездеседі.
Жылқыда саусақтардың терең бұлшықет сіңірі, буын бұлшықет
арасы сіңірлері, сүйек сіңірлері мен үшінші
бұлшықет сіңірлері
жыртылады.
Ауру себебі: ауыр жұмыс кезінде буынның еттерінің қатты
жыртылуы, аяқтардың жарақаттануы, секіріп қатты жүгірген кезде
сіңірлердің жарақат алады.
Жараланған жердің іріңге айналуы,
некротикалық тендинит және
тендовагинит, зат алмасудың бұзылуы, тұяқтарының деформациясы
байқалады. Емі: Жануарларды тыныш жерге орналастыру керек.
Жарақат алған жерге 1,5-2 айға дейін сықпамай жағу қажет. Қажет
болса, жіп салып тігіп тастайды. Антибиотик
ерітінділерімен жараны
жуып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: