251
Жабдықталмаған машиналарға малды артқан кезде кеуде бӛлігі,
жамбас бӛліктері әр түрлі жарақат алады, ал арнайы жабдықталған
машинамен малды тасымалдаған кезде аталған жердегі жарақаттар
мүлдем
болмайды, болса да аз болады.
Малдардың ашық жарасын емдеген кезде жараға микрофлораның
түспеуін қадағалап, қанды тоқтатып, жараны орап қою шарт. Н.Н.
Филиповтың (1986) айтуы бойынша тілікті
тігу кезінде этонийді
қолданған дұрыс. Этонийдің микробқа қарсы әсері бар, жара
микрофлорасына қарсы әсер етуі және тез бітісіп кетуіне себепші
болады. Тасымалдау кезінде жарақат әсерінен қан ағып тоқтамаған
кезде, кӛліктегі ветеринарлық-санитарлық зертханада циакрин СО-9
болу керек, оны қан тоқтамаған жараның үстіне аздап себу керек, сонда
жараның бетінде жұқа
орнатып қанды тез тоқтатады, бірақ бұл
препаратты жарадан басқа жүнді жерге себуге болмайды, ӛйткені бұл
жүннің түсуіне себеп болады.
Табанның және майтабанның жарақаты. Майтабанның
жарақаттануы ӛте
ауыр жарақаттардың бірі, ӛйткені осының
салдарынан бүгілу сіңірі тартылып, тұяқтары қабынып тұрған кезде
қатты ауырсынады. Табанға әр түрлі үшкір
заттардың кіруінен
жарақатталады. Тұяқ сүйектері және сіңірлері жарақатталса, онда
емдеуі кұрделенеді, кей кезде емдеу тиімсіз, ал
тек терісі ғана
жарақатталса, емдеуге болады.
Емдеу үшін алдымен тұяқтарын қоқыстан тазалайды. Табанның
жан жағын, 3% асқын тотығымен, спиртпен, йодпен сүртіп
кірген
бӛгде зат болса, алып тастап, сульфаниламидтті препаратпен бірге
иодоформ
немесе
антибиотик
ұнтақтарын
салып,
жараны
зарарсыздандырылған дәкемен немесе бинтпен байлайды.
Достарыңызбен бөлісу: