Мал платформасы, тҧрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын қоймаларды тазалау және дезинфекциялау Арту және түсіру платформаларын, мал тұрақтарын (барлық кұрал-
жабдықтарды) және т.б.қондырғыларды жүйелі түрде тазалайды.
Егер жануар түрлі инфекциялық аурумен ауырған жағдайда немесе
шикізаттың қолайсыз (сау емес) жағдайында кӛліктік ветинспектор
нұсқауымен міндетті түрде дезинфекциялайды.
Тазалау үрдісі: нәжісті, қоқыстарды және т.б. керек емес заттарды
тазалау болып табылады. Қыста, платформаны қар мен мұздардан
тазартады. Мал қоршауы алаңын және т.б. дезинфекциялау үшін
құрамында 3% белсенді хлоры бар немесе 2% формальдегиді бар хлорлы
әк, не болмаса формальдегидтің сілтілік ерітіндісін және күйдіргіш
натрииі немесе ыстық (60-70ºС) 4% күйдіргіш натрийді (шығымы 1 л/м
2
),
немесе 2% жаңа сӛндірілген әкті (тек мал қоршауы үшін) қолданады. Мал
тұрақтарын - хлорлы әк немесе 4% формальдегид ерітіндісімен; 10%
ыстық
күйдіргіш
натриймен
немесе
формальдегидтің
сілтілік
ерітіндісімен; 3% күйдіргіш натриймен (шығымы 10 л/м кв.) ӛңдейді.
Қысқы уақытта ерітінділер қатып қалмауы үшін оған 10-15% ас тұзын
қосады.
П.Г.Песков (1969) ұсынысы бойынша, жануарлар инфекциялық
аурулармен немесе шикізаттардың қолайсыз болған жағдайында
дезинфекциялауды 2 рет, 3 сағат бойы жүргізу керек. Дезинфекция үшін
құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, күкірткарбол қосылысын
немесе 4% формальдегид ерітіндісін қолдану керек.
Препараттың әсер етуші заты - сірке үсті қышқылы (14-16%). Сірке
қышқылының тӛменгі температурада да инактиверлеуші қасиеті
сақталады (-20ºС дейін).
311
12 Тарау ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІЗАТ ӚНІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАҒАННАН