Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Ағынды суларды ӛңдегендегі бақылау



Pdf көрінісі
бет187/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   205
index

Ағынды суларды ӛңдегендегі бақылау. ДЖС, дезблоктарда, 
дезкамераларда, дезкешендерде және ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу 
орындарында, жануарларды, жануартекті ӛнімдерді тасымалдағаннан 
кейінгі, жуғаннан кейінгі ағынды суларды залалсыздандыруға қатаң 
бақылау жүргізіледі. ДЖС ветеринарлық зертханаларда жүйелі түрде 
ағынды 
суларға 
ветеринарлық-химиялық 
және 
санитарлық-
бактериологиялық талдаулар жүргізілуі керек. Мысалы, ДЖС күн сайын 
су тозандарына 45 мың/м
3
ластанған су, теміржол кӛлігінде 230 млн/м
3
су 
жіберіледі. 
Санитарлық-химиялық бақылау кезінде хлорлы әк сапасын анықтау 
керек, оның құрамындағы белсенді хлорды, ағынды суларды хлорлау 
алдында рН анықтау, лайлану дәрежесін анықтау, су температурасын 


322 
анықтау қажет. Сонымен қатар ағынды суларды хлорлау белгілі 
нұсқаулық бойынша жүргізіледі. 
Ағынды суларды тазалаған құрылғыларды жіберер алдында 
бақылайды. Хлорды енгізгеннен кейін 1-2 сағаттан соң хлор мӛлшері 0,5-
1 мг/л болуы керек. Егер бұндай мӛлшерге жетпесе, жіберілмейді. 
Бактериологиялық бақылау хлорлау алдында және одан кейін 
жүргізіледі, микроб мӛлшері 1мл, ішек таяқшалары, патогенді 
микрофлора мӛлшері. Микрофлора мӛлшері 95% тӛмендеуі, патогенді 
микробтардың жоғалуы, коли-титр 10мл-ден асапауы керек. 
 
Қиды залалсыздандыру және санитарлық бағалау 
Жануар қиы – ол құнды тыңайтқыштар, сонымен қатар олар адам 
және жануар ағзасына зиян тигізетін микроорганизмдер сақталатын орта. 
Инфекциялық аурулармен ауыратын малдар қиында сібір жарасы, 
туберкулез, 
сақау, 
шошқа 
тілмесі, 
бруцеллез, 
сальмонеллез, 
колибактериоз, аусыл, инфекциялық анемия және т.б. қоздырғыштар 
болады. 
Инфекциялық қоздырғыштар қида тіршілігін ұзақ уақыт сақтайды, 
сондықтан сыртқы ортаны ластайтын фактор кӛзі болып есептелінді. 
Л.Э.Фиха кӛрсеткіштері бойынша, вагондардан 0,5 тон қи түсеріледі. 
Кӛліктерден түсірілген қиларды залалсыздандырудың ең тиімдісі 
биотермикалық әдіс, спора түзуші микробтармен залалдалған қиларды 
жағады. Қиларды кӛмуге болмайды, ӛйткені қоздырғыштардың сыртқа 
шығуы мүмкін. 
Сібір жарасымен залалданған қиларды химиялық ӛңдеу тиімсіз, 
ӛйткені нәтиже бермейді. Бірақ химиялық әдісті аса қауіпті 
қоздырғыштарды залалсыздандыруға болады. Сұйық қиды ӛңдеу 
ұсынылған. Сұйық, жартылай сұйық, тұнбаларды туберкулез кезінде 30 кг 
аммиак қосып, 1м
3
5 тәулік бойы экспозициялайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет