Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Су кӛлігін ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу



Pdf көрінісі
бет190/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   205
index

Су кӛлігін ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу 
 
Жануарларды, азық-түлікті, жануар өнімдерін тасымалданғаннан 
кейінгі кемелерді санитарлық өңдеуге дайындау. Кемелерді дезинфекция 
жасауға дайындаудың алдынан кеме капитаны немесе оның кӛмекшісін 
тағайындап қояды. Кемені босатқан соң алдын-ала дезинфекция жасауға 
ветеринарлық бекеттен кӛлік бақылауындағы дәрігер, кеме капитаны мен 
немесе оның кӛмекшісін дезинфекция жасау туралы техника қауіпсіздігі 


327 
мен дезинфекция жұмыстарын түсіндіреді. Жүк түсірілгеннен кейін 
кемені ылғалды, аэрозольді түрімен дезинфекциялайды. Кеме трюмына 
палубасына, айлақ территориясын дезинфекциялап, желдеткенге дейін 
бӛтен адамдарға кіруге рұқсат жоқ. 
Кеме 
дезинфекциясын 
дұрыс 
жүргізілуін 
кеме 
капитаны 
қадағалайды. Ал, айлақты дезинфекциялау, шикізат ӛнімдерін тиіп 
қоятын жерлерді, техниканы, арнайы порттағы жұмысшылардың 
киімдерін қадағалау – ауданның жүк бастығы жетекшілікке алады.
Механикалық тазалау және кемелерді жуу. Кемені механикалық
тазалау, жуу, тек қана жануарларды, азық-түлікті, жануартекті 
шикізаттарды кемеден босатқаннан кейін ғана жасалынады. Бұл 
операцияны жасаудың негізгі мақсаты ол қи, қоқысты, кірлеген кеменің 
беткейлерінен толығымен жою. 
1- категориялы кемелерді ӛңдеу 
Алдымен механикалық тазалауды ӛткізеді, ол үшін қиды, азық 
қалдықтарды, малдардың тӛсенішін бӛлмеден және палубадан шығарып, 
басқа бӛлек орынға жинайды. Қоқысты, сүйек қалдықтарын, басқа 
жануарлардың керексіз ӛнімдерін, ет бӛліктерін, ылғалды-суландырып, 
жинап, содан кейін ӛртейді.
Палубаны, трюм және басқа бӛлмелерді, азықтандыру орнын, 
қолдануға қажетті құрал-жабдықтарды, клеткаларды, торларды және т.б. 
механикалық тазалаудан кейін, ыстық суды шлангымен шашыратып, 
щетка қолданып шаяды. Тазалап жууға пайдаланатын судың 
температурасы 60-70
0
С тӛмен болмау керек. Жууды аққан су мӛлдірлігі 
қалпына келгенде тоқтатады.
И.П.Свиридованың (1984) айтуы бойынша ет тасымалдаған 
рефрижераторлы кеме мен трюмын теңіз суымен жуу жақсы нәтиже 
кӛрсетеді. Осындай режимде жалпы микробтар саны 98-99,46% 
тӛмендейді, ол ӛңделетін жердің қай материалдан жасалғанына 
байланысты (ағаш, металл) жуғанға дейін микроб саны 3560+17,7м/см

құраған.
Түсіріп болғаннан кейін жануар майын қолмен тазалауға жібереді
оны күрек және қырынды кӛмегімен жасайды. Майын сорғымен сорып 
алады. Тазалау температурасы 30-55
0
аралығында не одан тӛмен 
температурада болса, май қоюланып қалады, осылайша іске асырады. 
Сондықтан танкіде жұмыс істейтін адамдарға 15-20 мин дем алу шарт. 
Танк мұнайды тасымалдағандай жақсылап тазалайды. Танкіні жуу үшін 
МЛ-6, МЛ-10 препараттарын желдеткіш және кептіргіш пайдаланылады. 
Жуушы препаратты 1:1000 немесе 1:500 қатынасында қолданады. 
Кемелерді 1 категорияда ӛңдегеннен кейін қолдануға жарамсыз болып 
қалады. Қиды тӛгу, қоқысты, жуған суды, ӛзен, кӛл суларына тӛгуге 
тыйым салынған. 


328 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет