Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет195/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   205
index

Бромды метиленмен дезинфекциялау. Химиялық таза бром метил 
қалыпты жағдайда -4
0
С температурада қозғалмалы мӛлдір сұйықтыққа 
айналатын түссіз, иіссіз газ. Қату температурасы -93,7
0
С.
Сұйық бром метилі жанбайды. Газ тәрізді бром метилі ауамен 
араласқанда жану және жарылу қаупін тӛндірмейді, сіңгіш қасиеті жоғары 
болғанымен әлсіз сорылады, сондықтан желдеткенде тез кетеді. Бром 
метилін қорғасын балондарда шығарады, сол күйінде сақтайды. Әр 
баллон оң жақ бүйір штуцерінде және металл сифон түтігінде кескені бар 
КВБ -46 оттекті мембраналық вентилімен жабдықталуы керек. 
Дезинфекцияның алдында салонды механикалық тазартудан ӛткізеді. 
Салонның жұмысы басталмас бұрын ұшақтың жүк бӛлімдерін бӛгде 
заттардан тазартады, ұшақтан барлық азық-түлікті, медикаменттерді 


332 
шығарады, бӛшке және басқа ыдыстардағы герметикалық жабылмаған 
суды тӛгеді. Дезинфекциялау үшін газды бром метилін ұшақтың ішкі 
кӛлеміне 300 г/м
3
есебімен 48 сағат залалсыздандырады. Ұшаққа газдың
берілуінің аяқталуы экспозицияның басы болып саналады. Ұшақтың 
ішіндегі температура 15
0
С тӛмен болмауы керек. Бром метиліның 
мӛлшері әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін қажет. 
33-Кесте. Әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін бром 
метилінің мӛлшері 
Ұшақ типі 
Ұшақ кӛлемі, м
3
Қажетті бром метил, кг 
ТУ-104 
205 
61,5 
ТУ-1045 
212 
63,5 
ТУ-124 
12 
36,6 
ИЛ-18 
240 
72,0 
АН-12 
240 
72,0 
АН-24 
97,43 
30,0 
Бром метилін ұшаққа баллонның мӛлшері бойынша енгізеді, оны 
ұшақтың жанында жерде орналастырады. Сұйық газ алдын-ала 
буландырғышқа (испаритель) түседі, содан кейін газ тәрізді күйге 
айналады да, шланг арқылы ұшақ салонына ӛтеді. 
Ұшақты газдау шарасын ӛткізу үшін әуежай территориясында басқа
ұшақтардан, кәсіптік, жалпы және тұрғын үй ғимараттарынан 100м-ден 
кем емес қашықтықта арнайы алаң дайындалады. Газдау шарасын ӛткізу 
барысында қорғаныс зонасының шекарасында «Кіруге тыйым салынады», 
«Қауіпті», «Қауіпті-улы газ» деген және т.б. жазуы бар сақтандырғыш 
белгілер қойылады. Ашық алаңды тәулік бойы күзетеді және күзетші 
нысаннан 50м қашықтықта орналасу тиіс. Ұшақтағы газ концентрациясын
тексеру үшін, оның берілуі тоқталғаннан соң, газды берген шланг арқылы 
газды-ауа қоспаның сынамасын алады. Дезинфекциялау кезінде газдың 
концентрациясы 20г/м
3
-тан кем болмауы керек. Дезинфекция немесе 
дезинфекция экспозициясы аяқталғаннан соң, моторлық қыздырғыштан 
45
0
С дейін қыздырылған ауаны ұшақ кабинасы, салоны және жүк 
бӛлімдеріне үрлеу арқылы жасанды дегазация жүргізеді. Ұшақтың толық 
дегазациясын жоғарыда кӛрсетілген әдіс бойынша бром метилінің 300г/м
3
есебінде енгізілуінен кейін 8-30 сағат орындалады. Дегазацияның уақыты 
мотор қыздырғыштарының кӛбеюі және ауаны беру интенсивтілігін 
жоғарылатуы есебінен азайтылуы мүмкін. Күзгі-қысқы мезгілде дегазация 
уақыты 1,5-2 есе ұзартылады. Дегазациядан кейін ұшақтың буферлік 
бӛлімін, ас және шай ыдыстарын сабындап ыстық сумен жуады, барлық 
қалдықтарын жағады. Бром метилімен жұмыс істеуде «Теңіз судаларын 
бром метилімен, синил қышқылы және күкірт ангидридымен газды ӛңдеу 
тәртібінде» кӛрсетілген қорғаныс шараларын ұстану қажет. Ұшақтың 


333 
газдауы бойынша барлық шараларды бром метилінің ауадағы
концентрациясы 33 г/м
3
жағдайында 20 минут. Жұмыс істеуге арналған 
«А» маркалы фильтрлі қорабы бар (қоңыр түсті), противогаздар киіп 
жүргізу керек. Противогазды әр жұмысшыға жеке бекітіп береді
противогаздың бас киімін бастың кӛлемі бойынша береді. Бет 
противогазынан басқа, газдаушыларды комбинизон, резеңке аяқ киім, 
хирургиялық қолғап және қолғаппен қамтамасыз етеді. 
Ұшақтың бром метилімен ветеринарлық дезинфекциясының барлық 
жұмыстары мал дәрігерінің (фельдшер) бақылауымен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет