321
хлор мен ӛңдеуді, алдындағы хлор мӛлшеріне қарап қолданады. Соңғы
ӛңдеуді хлор мӛлшеріне бактериологиялық әсерге, ластану мӛлшеріне,
су температурасына байланысты қояды. Температура тӛмендегенде,
сілтілігі жоғары, ластануы жоғары жағдайда, хлор мӛлшері кӛп болады.
И.А.Нетылкиннің (1966) айтуы бойынша, ағынды суларды
хлорлауды 10% хлорлы әк ерітіндісімен 25 мг/л белсенді хлор мен 30
минут бойы ӛңдейді, ол осы арада патогенді бактерияларды ӛлтіреді.
Ағынды суларды 1-2 категориялы ӛңдегенде 1-2 сағаттан кейін хлор
мӛлшері 0,5-1 мг/л, ал микробтардың мӛлшері 95% азаюы керек.
Егер зертханалық талдау
бойынша ағынды су толық
дезинфекцияланған болса, оны қайтадан дезинфекцияға жібереді. 3
категориялы ағынды суларды бӛлек дезинфекциялайды. Оларды хлорлау
және автоклавтар арқылы ӛңдейді.
Автоклавтаған кезде бӛлек жинаған суларды құбырлар арқылы
автоклавтарға жеткізіп 120
0
С температурада 1-1,5 сағат бойы қайнатады.
Кейіннен суды коагуляциялайды, ол үшін күкірт-қышқылды темір,
хлорлы әк, сӛндірілген әк қолданады.
Ӛңделген ағынды суларды канализацияға жібереді. 3 категориялы
ағынды суларды хлорлау кезінде міндетті түрде түссіздегенше дейін
арнайы тұндырылатын жерлерге жинайды.
Тұнған сулар насоспен
сорылып, арнайы құбырларға қүйылып, онда хлорлы әк ерітіндісі,
құрамында 5% белсенді хлоры бар, 1 куб метрге, 4л ерітінді мӛлшерінде
қосылады (200мг/л белсенді хлор) (Песков, 1969).
С.И.Горжсковский айтуы бойынша, темір жол кӛліктерін хлорлы
әкпен ӛңдегенде оның мӛлшері 1000мг/л және жоғары: биофабрикаларда
200-1400мг/л, тері ӛнеркәсібінде 1000-2000мг/л қолдану керек.
Хлорлы
әкпен ӛңдеген кезде, ағынды су рН сақтау керек. Жоғары сілтілі,
қышқылды және бейтарапты болатын болса, кӛп мӛлшерде хлорды
қолданады. Кейін бұл суларды 30 минут резервуарға қояды, тек
зертханалық зерттеуден кейін
ғана канализацияға жібереді, қалдықтарын
ӛртейді немесе 1-2 сағат бойы автоклавтайды.
Достарыңызбен бөлісу: