Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет69/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205
index

Тарау 
 
ЭКСПОРТ ЖӘНЕ ИМПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРҒА
ЖАНУАРТЕКТІ ӚНІМ МЕН ШИКІЗАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН 
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР 
ҚР мемлектеттік шекарасында жануарларды, жануартекті ӛнім мен 
шикізатты және фуражды экспорттау және импорттау кезінде 
ветеринарлық 
санитарлық 
қадағалауды 
дұрыс 
ұйымдастыру 
мақсатында ветеринарлық бекеттер жүйесі құрылған. Мұндай бекеттер 
халықаралық тасымалдаумен айналысатын ірі әуежайларда да бар.
Шекаралық қадағалау бекетінің тексеруіне кӛліктің кез-келген түрі 
мен шекара арқылы ӛтетін барлық жануарлар мен малшаруашылық 
жүктер кӛбінесе үй, зоопарктік, зертханалық т.б жануарлар, сонымен 
қоса құстар, шаяндар, балықтар, аралар, қоңыз және кенелер, шәует, 
уылдырық, фураж, жануартекті ӛнім мен шикізат, биологиялық 
препараттар т.б жүгіндіріледі. 
Жануарларды, жануартекті ӛнімді және шикізатты жануар 
ауруынан сау шаруашылықтарынан әкелсе ғана, кіргізуге және 
шығаруға 
рұқсат 
етіледі. 
Жануарлардың, 
ауылшаруашылық 
ӛнімдерінің, шикізат және фураждың экспорт импорт операциялары ҚР 
АШМ Веринарлық бақылау және қадағалау комитетінің рұқсатымен 
жүргізіледі.
 
ЖАНУАРЛАРДЫ, ЖАНУАРТЕКТІ ӚНІМ МЕН 
ШИКІЗАТТАРДЫ ЭКСПОРТТАУ КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК 
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 
 
Экспортқа жіберетін жануарларды дайындау кезіндегі 
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау. Экспортқа жіберерде 
жануарларды 
ветеринарлық 
ӛңдеу 
және 
сұрыптау 
кезінде 
қолданыстағы ережелерді басшылыққа алады. Экспортқа жіберуші 
шаруашылық жұқпалы аурулардан сау болуы шарт. Экспорттаушы 
шаруашылықтың індеттік жағдайын құрамында ветеринарлық бақылау 
және қадағалау комитетінің облыстан, шаруашылықтан келген ӛкілі 
және ауданның бас мал дәрігері бар комиссия анықтайды.
Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады. 
Осы кезде келесі ӛңдеулер жүргізіледі: 
1. Ірі қара малдар, буйвол, зубрларды бруцеллезге комплимент 
байланыстыру реакциясы және агглютинация реакциялары арқылы; 
туберкулезге тері ішіне немесе офтальмоүлгі реакциясын қояды; құс 
туберкулиннің тері ішіне егу арқылы паратуберкулезді энтеритке; 
жыныстық жетілген бұқалардың кампилобактериозды, сиырлардың іш 


116 
тастауын, бұқаның шәуетіне және сиыр қынабының кілегейінен 
ӛсіндіні бӛліп алу арқылы зерттейді; ІҚМ гематологиялық лейкозға, 
аусылға қарсы А,О және С типті вакцинамен, сібір жарасына қарсы 
СТИ вакцинамен (малды артуына 14 күн қалғанда осы жылы егілмесе) 
егеді. Одан басқа лептоспироз және импортердің талабы бойынша 
басқа індетті ауруларға диагностикалық зерттеулер ӛткізеді. Асыл 
тұқымды жануарға қатысты қосымша инфекциялық ринотрахеит және 
ірі қара малдың вирусты диареясына зерттейді (егер жануарлар алдын 
ала вакцинацияланбаса). 
2. 
Қой 
және 
ешкілерді 
салмонеллезге, 
бруцеллезге, 
паратуберкулезді энтеритке, инвазиялық ауруларға тексереді, қойларға 
шешекке қарсы вакцинация алюмингидрототық формол вакцинасымен 
және аусылға қарсы А және О,С типті вакциналармен жасалады, қажет 
болған жағдайда артуға дейін 1 ай бұрын қышымаға қарсы шомылдыру 
жұмыстарын жүргізеді. Одан басқа инфекциондық эпидидимитке, 
паратуберкулезге, хламидиозға, лептоспирозға, блутангке, энцефалит-
артритке және импорттаушының сұрау бойынша басқада 
инфекциялық ауруларға диагностикалық зерттеулер ӛткізіледі. 
3. Шошқаларды туберкулезге, сиыр және құс туберкулинімен 
зерттейді, бруцеллезге, инвазиялық аурулардың бар-жоғына, оба және 
тілмеге вакцинацияны артудан 1 ай бұрын жүргізеді. Одан басқа 
шошқалардың классикалық обасына, бруцеллезге, туберкулезге,
лептоспирозге, 
шошқалардың 
респираторлы-репродуктивті 
синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустық трансмиссивті 
гастроэнтеритке, шошқалардың везикулярлы ауруына, парвовирусты 
инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына диагностикалық 
зерттеулер ӛткізіледі. 
4. Тәуліктік тауық, күрке тауық, үйрек, қаз балапандарындың, түйе 
құстар пуллорозға (пуллорозды антигенмен
серологиялық зерттелуі
керек), суда жүзетін құстарды паратифке, туберкулезге, инвазиялық 
ауруларға зерттейді. Бір тәуліктік балапандар Марека ауруына қарсы 
вакцинацияланған болуы керек. 
5.Түбітті аңдарды, ұояндарды және иттер иен мысықтарды 
инвазиялық ауруларға тексереді түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар және
иттер – токсоплазмозға; құндыз – алеут ауруына; мысықтар – 
дерматофитозға диагностикалық зерттеулерден ӛткізеді. Егер 
жануарлар, сонғы 6 ай ішінде егілмесе, жіберер алдында 14 күн бұрын 
түлкілер, ақтүлкілер – етқоректілердің обасына; құндыздар және 
саскүзендері – ботулизмге, етқоректілер обасына, псевдомонозға, 
вирустық энтеритке; күзен – пастереллезге; иттер - құтырыққа, 
етқоректілердің обасы, гепатитке, вирусты энтеритке, парво – және
аденовирусты инфекцияларға, лептоспирозға; мысықтар - құтырыққа 
және панлейкопенияға; қояндар – миксоматозға, пастеррелезге және


117 
вирустық геморрагиялық аурулар, және импорттаушының басқада 
ауруларға вакцинацияланады. Жеке бас қолдануына арналған иттер мен 
мысықтарды екі бастан артық емес, енгізуге арнайы елдің рұқсатысыз,
ветеринарлық сертификатқа теңескен халықаралық паспортпен 
енгізіледі.
6. Жабайы, хайуанаттар бағының және цирктік жануарлар 
карантиндеу кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледіа) 
ірі тақ тұяқтылар – бруцеллезге, туберкулезге, паратуберкулезге, 
лейкозға, блутангқа; б) ұсақ тақ түяқтылар - бруцеллезге, туберкулезге, 
блутангқа; в) тақ тұяқтылар – маңқаға, шағылыстыратын ауруы, сурру, 
пироплазмоз (Кабани бабезі), нутталиоз (Экви бабезі), анаплазмоз, 
ринопневмония, инфекциялық метрит, инфекциялық анемия, вирусты 
артерит; г) ет қоректілер: иттер, қасқырлар, түлкілер, ақ түлкілер, 
құндыздар, гиенналар, шие бӛрі, қорқақ қасқыр – токсоплазмозға;
құндыздар – алеут ауруына; д) құстар (тоты құстар, кептерлер) – 
орнитозға (пситтакоз), құс тұмауы, Ньюкасл ауруына; жабайы 
қабандарды оба және тілмеге қарсы егеді. 
Егер олар соңғы 6 ай ішінде вакцинацияланбаса, арту алдында 20 
күн бұрын вакцинациялайды: барлық ет қоректілер- құтырыққа; 
иттер, қасқырлар, түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар, гиенналар, шие 
бӛрі, қорқақ қасқыр- ет қоректілер обасына, псевдомонозға; құндыз бен 
күзендер – вирусты энтеритке; саз күзендер – пастереллезге қарсы; 
мысық тектілер – құтырыққа, панлейкопенияға және вирусты 
ринотрахеитке; кеміргіштерді (қояндар) – миксоматозға және вирусты 
геморрагиялық ауруға; құстар (тауық тектілер) – Ньюкасл ауруына 
қарсы; 
7. Солтүстік бұғылар бруцеллезге, некробактериозге, туберкулезге 
зерттелінеді. 
8.Түйелер және түйелер тұқымдарының басқа түрлері (таутайлақ 
(ламы), альпаки, викуньи) блутанг, маңқа, су-ауру, туберкулезге, 
бруцеллезге, паратуберкулезге, контагиозды плевропневмонияға, 
жылқылардың африкандық обасына зерттелінеді. 
9. Асыл тұқымды қолданыстағы және спорттық жылқыларды 45 
күндік карантинде болып, осы арада маңқаға арасына 5-6 күн салып екі 
рет офтольмоүлгімен және серологиялық зерттеулерден КБР жасайды, 
бруцеллезге, туберкулезге, шағылыстыратын ауруға сурру, (Эванси 
трипаносомасы), пироплазмозге (Кабани бабезиясы), нутталиогез (Экви 
бабезиясы), ринопневмонияға, анаплазмозге, инфекциондық метритке, 
инфекциондық анемияға, вирусты артериитке, вирусты стоматитке 
лептоспирозды микроаглютинация және лизистік реакциялармен, 
инфекциялық анемияға серологиялық диффуздық преципитация 
(Коггинс пробасы), сібір жарасына (сол жылы вакцинация 


118 
жүргізілмесе) 2 жұма бұрын егеді. Жануарлар жіберілуден 3 ай бұрын 
жылқы тұмауына қарсы инактивирленген вакцинамен егілуі керек. 
Ветеринарлық ӛңдеулер мен диагностикалық зерттеулер аукционға 
(сатылымға) 8-10 күн қалғанға дейін аяқталуы тиіс. Аукционнан кейін 
шетелдік фирмалар жылқыны 45 күн қайта тексерместен алып кете 
алады. Ветеринарлық сертификатта жылқының жұқпалы аурулардан 
таза шаруашылықтардан әкелінгені кӛрсетіледі. Соның ішінде маңқа, 
ИНАН, эпизоотиялық лимфангоит, шағылысу ауруы, инфекциялық 
энцефаломиелит 
кӛрсетіледі. 
Сертификатта 
алты 
ай 
ішінде 
шаруашылықта және 30км радиустағы ӛлкелердегі, 3 ай ішінде 
аусылдың облыс және шаруашылықтағы жағдайын, соңғы 3 айдағы 
лептоспироз, жылқы тұмауы, сақау кездесуі туралы, сонымен қатар 
энцефаломиелит және африкалық обаға қарсы вакцинация жасалғаны 
туралы жазылады.
Ӛндіруші-бұқалардың шәуетін алар алдында, 30 күн бұрын, 
туберкулезге, паратуберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға, блутангке,
инфекциондық агалактияға, листериозге, меди-висна, аденоматозге, 
артрит-энцефалитке эпидидимитке, хламидиозға, зерттейді.
Ӛндіруші-қабандардың 
шәуетін 
туберкулезге, 
бруцеллезге, 
лептоспирозға, классикалық шошқа обасына, шошқаның респираторлы-
репродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустық 
трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқаның везикулярлы ауруына, 
парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына және 
импортердің талабы бойынша басқада инфекциялық ауруларға
зерттейді.
Ӛндіруші-айғырлардың шәуетін шағылыстыру ауруына, суру, 
ринопневмонияға, инфекциондық метритке, инфекциондық анемияға, 
вирусты 
артеритке, 
везикулярлы 
стоматитке, 
бруцеллезге, 
туберкулезге, лептоспирозға зерттейді және олар ринопневмонияға, 
жылқы обасына және инфекциондық метритке вакцинацияланбайды.
Шәуеттің 
құрамында 
патогенді 
және 
токсикогенді 
микроорганизмдер болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет